29.08.2021, 19:41 8060

Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан тағы бір адамның денесі табылды

Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тапты.
ТАРАЗ. 29 ТАМЫЗ - Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. 
 
Айта кетейік, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. 
 
Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталуда. Жоғалған үш адам іздестірілуде. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт шығып, 10-нан астам инженерлік оқ-дәрілер жарылды.
 
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған өрт пен жарылыстың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
 
Президент 29 тамызды Жамбыл облысында оқ-дәрілердің жарылысы кезінде қаза болғандарды аза тұту күні деп жариялады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны