30.04.2026, 20:35 6401

Қазақстан-Финляндия диалог орталығында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту

Қазақстан-Финляндия диалог орталығында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Вилле Тавиомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында қазақ дипломаты елімізде жүргізіліп жатқан экономиканы жаңғыртуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған реформалар туралы фин тарабына жан-жақты ақпарат берді.

Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылай отырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және іскерлік байланыстарды тереңдетуге айрықша назар аударды. Уәкілетті органдар деңгейінде де практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық бар екені атап өтілді.

Алдағы уақытта өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл отырыс практикалық өзара іс-қимылды дамытуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға қосымша серпін беруге тиіс.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға әрі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны