09.12.2025, 20:51 2616

Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Батырашев Черногория Президенті Яков Милатовичке сенім грамоталарын тапсырды. Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Черногория басшысы Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы елдің маңызды серіктесі деп атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастың достық сипатын және тараптардың өзара іс-қимылдың барлық спектрінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысын ерекше айтты.

Саяси ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау аясында Я.Милатович келесі жылы Астанаға ресми сапармен баруға ниетін білдірді.

Черногория Президенті 2023 және 2025 жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулері туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, Қазақстан халқына және Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.

Қазақ дипломаты сұхбаттасына Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны