22.01.2026, 14:27 5531

Қазақстан мен Чехия өнеркәсіп пен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Чехия өнеркәсіп пен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Чехия Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов "TATRA" және "ZETOR" машина жасау компанияларының, сондай-ақ тау-кен жабдықтарын өндіруші "FERRIT", өнеркәсіптік жабдықтар өндіретін "ZVVZ Engineering" және ыдыстық шыны өндіруге арналған жабдықтар шығаратын "SKLOSTROJ" компанияларының өкілдерімен бірқатар алғашқы кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесулер барысында чехиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы серіктестерімен қалыптасқан ынтымақтастықты жоғары бағалап, оның дамуына қанағаттанушылық білдірді. Сондай-ақ олар Қазақстанда инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіруге бағытталған өзекті шаралар туралы ақпарат алды. Аталған реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы және басшылығымен іске асырылып жатқан жаңғыртудың жаңа кезеңі шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қазақ дипломаттарына компаниялар тарапынан іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жай-күйі, бірлескен өндірісті жолға қою және еліміздегі бірқатар өңірлерінде локализациялау перспективалары жөнінде мәлімет ұсынылды. Чех бизнесі ұсынатын заманауи технологиялар өнеркәсіптің түрлі салаларында, оның ішінде тау-кен секторында өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесулер қорытындысы бойынша Чехия өңірлерінде орналасқан аталған компаниялардың өндірістік алаңдарына барып көру, бизнес-форумдар ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны