02.05.2026, 18:55 1026

Қазақстан мен Черногория цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Черногория цифрландыру және мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстанның Черногориядағы Бас консулы Ғабиден Темірбек Черногорияның Мемлекеттік басқару министрі Мараш Дукаймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар цифрлық трансформация саласындағы қазақстандық-черногориялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде мемлекеттік басқару, GovTech, мемлекеттік қызметті жаңғырту және жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады.

Черногория тарапына Қазақстанның цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесі, оның ішінде E-Qyzmet жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау жөніндегі тәсілдері таныстырылды.

Тараптар аталған бағыттар бойынша тәжірибе алмасу, сарапшылық байланыстарды дамыту және шарттық-құқықтық базаны нығайту арқылы өзара іс-қимылды кеңейтудің елеулі әлеуетін атап өтті.

Министр Мараш Дукай Қазақстанмен цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және белгіленген бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны