11.12.2025, 22:11 37151
Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзара іс-қимылды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге ұйымның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла және Алматы қаласында медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық қашықтықта орналасқан кеңсесінің басшысы Мелита Якаб қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттары бойынша қол жеткізген нәтижелерін талқылады. Атап айтқанда, елімізде инфекциялық емес аурулардың 25%-ға төмендеуі, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының 75,4 жасқа дейін артуы, сондай-ақ ана мен бала өлім-жітімінің азаюы бойынша оң серпін байқалып отырғаны аталып өтті.
Сонымен қатар алдағы сәуір айында өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында аталған ұйыммен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.
Е.Ашықбаев денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық қызметкерлердің халықаралық ұйымдардағы өкілдігін арттыру және олардың ДДСҰ жүйесінде кәсіби өсуін ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды.
Бұл ретте, ұйым өкілдері Қазақстанда медицина қызметкерлеріне арналған кәсіби даярлық және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады.
Сонымен бірге ұйым тарапы медициналық-санитарлық алғашқы көмек бағыты бойынша көптеген елдердің Қазақстанның тәжірибесі мен жетістіктерін оң үлгі ретінде атап өтетінін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық қызметтердің сапасын арттыру, олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.06.2026, 16:06 1421
Қазақстан Бледтегі Халықаралық су форумында су саласындағы бастамаларын ілгерілетуде
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев "Су және көгілдір экономика - су ресурстары саласындағы жаңа стратегиялар" тақырыбында өткен 11-ші Блед халықаралық су форумына (BWF) қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форум Словения Президентінің жұбайы, BWF Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алеш Мусар мен Литваның бірінші ханымы Диана Науседененің қатысуымен өтті. Жиынға 60-тан астам елдің, соның ішінде ЕО мемлекеттерінің, Орталық және Шығыс Еуропа, Балқан аймағы, Кавказ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің, Сингапурдың бейінді агенттіктерінің сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және басқа да халықаралық ұйымдардың, ғылыми институттар мен жеке сектордың өкілдері жиналды. Форум өзінің инновациялық тәсілдері үшін халықаралық марапаттар мен сыйлықтарға ие болып, лайықты танымалдылыққа ие болған.
Қазақстан Елшісі қатысушыларға арнаған сөзінде осы жылдың сәуір айында Астанада Орталық Азия, Кавказ мемлекеттері басшыларының және халықаралық серіктестердің қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық саммиттің негізгі қорытындылары туралы айтып, бүгінгі таңда су мәселесі аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі элементі екенін атап өтті.
Алтай Әбибуллаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына және Саммит аясында өткен халықаралық консультациялардың бірінші кезеңінің қорытындыларына ерекше назар аударды. Бұл қадамдар жаһандық үйлестіруді күшейтуге, халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, бытыраңқылықты жоюға және Әбу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның 2026 жылғы су жөніндегі конференциясына дайындық аясында неғұрлым үйлесімді әрі нәтижелі су күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған.
Форумға қатысу ұлттық және аймақтық су күн тәртібін, Қазақстанның мамандандырылған су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілетудегі, сондай-ақ халықаралық серіктестермен су ресурстары саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты талқылаудағы маңызды қадам болды.
Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы Форумның барлық қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды және іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Блед халықаралық су форумының Сарапшылар кеңесінің құрамына ресми түрде шақырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2026, 15:30 1886
Бакуде ТМҰ мүше мемлекеттері ұлттық банктері кеңесінің екінші отырысы өтті
Сурет: cbar.az
Достарға айту
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және ТМҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменовтің атынан отырыс қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, түркі мемлекеттерінің орталық банк ісі саласындағы ынтымақтастығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері Кеңес мүшелерін еліміздің негізгі ақша-кредиттік реттеушісінің ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:52 40051
Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Молдова астанасында Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесі кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты іс-шараға Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабуга (екіжақты үкіметаралық комиссияның тең төрағасы), бейінді министрліктер мен ведомстволардың, жетекші іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ қазақстандық және молдовалық компаниялардың басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, кеңсенің ашылуы экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды кеңейту үшін қосымша институционалдық алаң болатынын жеткізді. Сонымен бірге, Елші Кеңес жүйелі ынтымақтастықты орнатуға және іскерлік бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
МР Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Л.Катлабуга қатысушыларды құттықтап, жаңа платформаның аграрлық сектор үшін стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстанды Молдова үшін перспективалы әрі ауқымды нарық деп атап, өзара тауар жеткізуді арттыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық технологиялармен алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Министр бұл Кеңестің екі елдің бизнесі үшін сенімді көпір болатынына сенім білдірді.
Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесінің төрағасы Тұңғат Әбілқасымов жаңа құрылымның практикалық міндеттерін айқындады. Ол кеңсенің басты мақсаты - ынтымақтастық әлеуетін нақты келісімшарттар жазықтығына көшіру екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Кеңестің кедергілерді азайту және бірлескен кәсіпорындарды іске қосуды жеделдету үшін барынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Ашылу рәсімі аясында қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті егжей-тегжейлі таныстырылды. Іскерлік топтардың өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, ал іс-шара бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:32 33461
Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі - Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:11 41186
Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты
Достарға айту
Қазақстанның Жапонияағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Токио губернаторы Юрико Коикемен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында Ю.Койке жуырда Астанаға жасаған сапары шеңберінде оған көрсеткен жылы қабылдауы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан астанасының жаңғыруы мен қарқынды өсуінің әсерлі серпінін атап өтті. Тараптар инновацияға, цифрлық трансформацияға және "жасыл" энергетикаға деген өзара мүдделілік екі қаланың бизнесі мен институционалдық әріптестігі үшін жаңа көкжиектер ашады.
Жапон саясаткері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауымдастықтағы рөлін жоғары бағалап, жапон тарапының Астанамен барлық негізгі салаларда стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір екенін мәлімдеді.
Елші жапон саясаткерін көптеген жылдар бойы Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын нығайтуға дәйекті ықпал етіп келе жатқан Қазақстанның мейірімді досы деп атады. Сондай-ақ, ол Токио мен Астана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру Мемлекет басшысының 2025 ж. желтоқсандағы Жапонияға жасалған ресми сапарының практикалық нәтижелерінің бірі болғанынна тоқталды.
2025 ж. желтоқсанда қол қойылған Астана мен Токио арасындағы цифрлық даму және қала орнықтылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум қалалық ортаның сапасы мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатындығы ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ Жапония астанасы үкіметінің басшысы еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасының туын көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 16:15 43651
Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Roca Group компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Компаниялар тобы санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, душ науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды қоса алғанда, жуынатын бөлме өнімдерінің толық спектрін шығарады.
Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.
Қызылорда қаласындағы зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 000 бірлікке жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы жағдайы мен одан әрі жүзеге асыру жоспарларын талқылады.
Ғабидулла Оспанқұлов салық жеңілдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы айтты.
Келіссөздерден кейін қатысушылар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға деген міндеттемелерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 11:10 53471
Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Жан Ғалиевтің Конго Республикасына сапары барысында үкімет мүшелерімен және іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда Конго сыртқы саяси ведомствоның басшысы Констан-Серж Бундамен, Телекоммуникация және цифрлық экономика министрі Нгема Нземен, Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йокамен және Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен келіссөздер орын алды.
Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникация, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар және банк ісі саласындағы тәжірибесі мен жетістіктері Конго Республикасының ерекше қызығушылығын тудырды. Браззавиль Орталық Африканың бүкіл аймағы үшін Қазақстаннан астық пен тыңайтқыштар импорттау мүмкіндіктерін зерделеуде. Сондай-ақ конголездік жастарды Қазақстанның білім беру мекемелеріне оқуға жіберу туралы тілек білдірілді.
Браззавиль Президент Қ.Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сыртқы істер министрі К.-С.Бунда су қауіпсіздігі тақырыбы барлық елдер үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
Қазақстан Елшісінің Конго Республикасына сапары конголездік бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның Бас директоры Серж Муйимен өткен кездесумен аяқталды. Туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберіндегі бизнес-ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Барлық сұхбаттасушылар екі елдің стратегиялық маңызды географиялық жағдайы бар екенін және аймақтық хабтар болып табылатынын, оларды Орта дәліз және Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алатынын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 10:50 54186
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстанға мамырдың соңы - маусымның басында жүзеге асырылған ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзидің, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньциннің, ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның, сондай-ақ ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лидің сапарларының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, сұхбаттасушылар 2026 жылы жоспарланған алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралардың кестесін жеке талқылады.
Кездесудің соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен Қытай Елшілігі арасында тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.06.2026, 12:47Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде 06.06.2026, 15:30 1131Бакуде ТМҰ мүше мемлекеттері ұлттық банктері кеңесінің екінші отырысы өтті06.06.2026, 16:06 706Қазақстан Бледтегі Халықаралық су форумында су саласындағы бастамаларын ілгерілетуде
01.06.2026, 19:13 88646Қазақстан мен Жапония құқық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда01.06.2026, 18:51 88141БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының басшысы Өңірлік экологиялық саммитін жоғары бағалады01.06.2026, 19:07 87896Қазақстан мен Камбоджа дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды01.06.2026, 20:26 87206Зайсанда қазақ-әзербайжан достығының оқу кабинеті ашылды01.06.2026, 20:52 86861Қазақстандық кәсіпкерлер Нью-Йоркпен ынтымақтастықты кеңейтуде
13.05.2026, 07:10 289361Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277066Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250556Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243501Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242881Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

