21.01.2026, 20:21 4466
Қазақстан мен Финляндия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламенті Халықаралық істер жөніндегі директоры Лаура Камраспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту маңыздылығын, бұл қазақ-фин екіжақты және өңіраралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Арнайы назар парламент мүшелерінің өзара сапарларын ұйымдастыру және парламенттік достық топтарының қызметін жандандыру перспективаларына аударылды.
Қазақ дипломаты финдық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысындағы негізгі баяндамалық бағыттарымен таныстырып, жарияланған конституциялық реформаның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, парламенттің рөлін күшейту және ұзақмерзімді саяси тұрақтылықты нығайтуға жаңа кезең ашатынын, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы негізін қалайтынын атап өтті.
Л.Камрас Қазақстандағы ішкі саяси реформаларды жоғары бағалап, олардың жүйелі және инклюзивті сипатын ерекше атап көрсетті. Ол финдік тараптың парламентаризм саласындағы тәжірибе алмасуға қызығушылығын білдіріп, практикалық өзара іс-қимылға дайын екендігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.01.2026, 21:12 3271
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары Хорватия Парламентінде ұсынылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватия Парламентінің депутаттарын 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақ дипломаты Құрылтай аясында Мемлекет басшысының белгілеген негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттары туралы хабарлап, Қазақстанның саяси модернизацияны тереңдету, заң үстемдігін күшейту, инклюзивті экономиканы дамыту және азаматтық диалог рөлін арттыру жолындағы бағытына берік екендігін атап көрсетті. Хорватиялық тарапқа бірпалаталы парламентке көшу, алдағы референдум өткізу, этностарды, өңірлерді және қоғамдық топтарды біріктіретін жаңа консультативтік орган құру және ұлттық бірлікті нығайту жоспары туралы ақпарат берілді.
Мемлекет басшысының көрегендігін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік топтың жетекшісі Анджелка Салопек елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды құптап, өзара сенімділікті нығайту және тұрақты серіктестікті дамыту құралы ретінде парламенттік дипломатияның маңызды екенін баса айтты.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Хорватия арасындағы парламенттік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сұхбат барысында парламенттік өзара әрекеттестікті әрі қарай дамыту және заң шығарушы қызмет саласындағы тәжірибе алмасуға, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика сияқты экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне; цифрлік трансформация, инновациялар және мемлекеттік басқару мен бизнесте жасанды интеллект технологияларын қолдануға; білім беру, ғылым және гуманитарлық алмасу саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген.
Парламенттік өлшемнің артып келе жатқан рөлін және 2025 жылдың ақпанында Хорватия депутаттарының Астанаға сәтті сапарын атап өтіп, хорватиялық саясаткер Қазақстан Парламентінің депутаттарын ағымдағы жылы Қазақстан тарапы үшін ыңғайлы уақытта Загребке сапарға шақырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 19:12 4716
Қазақстандағы саяси реформалар Еуропа тарапынан мойындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) "Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау" (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларацияны қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құжаттың авторы - беделді британдық депутат Майкл Герман ("Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы" партиясының мүшесі). Декларацияға ЕКПА-ның әртүрлі саяси фракцияларының 21 мүшесі қол қойды. Мәлімдемеде Қазақстанның ауқымды демократиялық реформаларды іске асыруға деген өзгермес ұстанымы жоғары бағаланып, еліміздің демократиялық басқаруды дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту салаларында өңірлік көшбасшы мәртебесін бекіте түсетіні аталып өтті.
Қазақстанның саяси басшылығының демократиялық трансформацияны ілгерілету мақсатында қабылдаған маңызды қадамдарын, соның ішінде конституциялық және заңнамалық реформаларды, сондай-ақ өлім жазасын жоюын қолдады.
Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын ілгерілету және демократиялық институттарды нығайту сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық ерекше назарға алынды. Бұл өз кезегінде, нақты нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстанның өңірдегі демократиялық дамудың үлгісі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етті.
Құжат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық трансформацияны қолдауға, сондай-ақ демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 18:09 5081
Иран Қазақстанмен көлік байланыстарын дамытуға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ирандағы Елшісі Оңталап Оңалбаев Иран Ислам Республикасының Жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садегпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында әңгіме екі елді жалғайтын көлік "артерияларын" дамыту мен ортақ мүдделікті құрайтын өзге тақырыптар төңірегінде өрбіді. Бұл ретте тараптар Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды және сапар қорытындысы бойынша екі ел басшылары берген тапсырмаларды іске асыру жолдарын талқылауға ерекше көңіл бөлді.
Қазақстан мен Иран қарым-қатынасында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстылық маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, тараптар "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізі мен "Қазақстан-Түрікменстан-Иран" темір жолы арқылы жүк және транзиттік тасымалды ұлғайту, "Қазақстан-Иран-Ирак" және "Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Армения" жаңа көлік дәліздерін ашу, екі ел порттары арасында кеме қатынасын дамыту және Шахид Раджаи мен Чабахар порттарында көлік-логистика бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін зерделеуге әзірлігін білдіріп, екіжақты байланысты жаңа деңгейге көтеруге бейілділігін растады.
Сонымен қатар, тараптар бірлескен жобаларды іске асыруды ілгерілету үшін екі елдің көлік-логистика саласына жауапты тұлғалары арасында тұрақты кездесулер өткізудің маңыздығын атап өтті.
Қазақ даласын Иранмен сабақтастыру мәселелері бірлескен үкіметаралық комиссияның Иранда өтетін кезекті отырысында қарастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 17:57 5411
Қазақстан мен БАӘ сарапшылар диалогын нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердің стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының (ECSSR) Бас директоры Сұлтан Мұхаммед әл-Нуаимимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Р.Жұмабек Әмірлік тарапқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысында бастамашылық еткен саяси және институционалдық реформалары туралы мағлұмат берді. Аталған реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталғаны атап өтті.
Екіжақты өзара іс-қимылдың келешегін талқылау барысында тараптар Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен ECSSR арасындағы жүйелі ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық білдірді. Тараптар стратегиялық және геосаяси зерттеулер, экономика, орнықты даму, климат, технологиялар және болжау салаларында институционалдық әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін растады.
Әмірліктер тарапы Астана халықаралық форумына қатысуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Қазақстанның 2026 жылы Астана қаласында БҰҰ қолдауымен Өңірлік экологиялық саммитті өткізу бастамасына қолдау білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚСЗИ мен ECSSR арасында одан әрі ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін пысықтау мақсатында онлайн-кездесу өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.01.2026, 10:12 37146
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
Сурет: Akorda
Достарға айту
22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 20:29 39086
Қазақстан мен Словенияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Словения Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-словен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогтың тұрақты динамикасын, парламентаралық және ведомствоаралық байланыстардың нығаюын, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.
СІМ басшысы Словения тарапын 2024-2025 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жемісті төрағалығымен құттықтап, Люблянаның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі қақтығыстардың алдын алудағы үлесін жоғары бағалады.
Тараптар 2024 жылдың қазанда Люблянада Қазақстан Елшілігінің ашылуы, сондай-ақ Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген өзара міндеттемелерінің айқын дәлелі болғанын ризашылықпен атап өтті.
Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі саяси диалогты одан әрі тереңдету, экономикалық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту үшін "жол картасы" екені аталып өтті.
Сұхбат соңында тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің ерекше маңыздылығына назар аударып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 19:28 39341
Манамада Қазақстан - Бахрейн ынтымақтастығы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Манама қаласына жұмыс сапары аясында Бахрейн Корольдігінің ресми тұлғаларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Бахрейн Корольдігінің Көлік және телекоммуникация министрі, Король Хамад атындағы Жаһандық қатар өмір сүру мен толеранттылық орталығы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы шейх Абдалла бен Ахмед Әл Халифамен, Туризм министрі Фатима Әл-Сайрафимен, Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі Бас директоры шейх Абдалла бен Али Әл Халифамен және Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Самир Насспен келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Елшісі шейх Абдалла бен Ахмед Әл Халифамен кездесу барысында дінаралық диалогқа қосқан зор үлесі үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалін табыстап, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігін қарастырды.
М.Меңілбеков Туризм министрі Фатима Әл-Сайрафимен кездесу шеңберінде Қазақстанның туризм саласындағы кең мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен іс-шараларды іске асыру перспективалары туралы пікір алмасты.
Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі Бас директоры шейх Абдалла бен Али Әл Халифамен саяси диалогты нығайту, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізу және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесуді жалғастыру мәселелері талқыланды.
Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Самир Насспен кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды орнату және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалып, Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және бизнесті дамытуға бағытталған елдегі экономикалық реформалар жөнінде ақпарат берілді.
Кездесулердің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігі расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 17:24 37836
Қазақстан мен Гонконг "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Гонконг АӘА Үкіметінің Сауда және экономикалық даму министрлігінің "Бір белдеу, бір жол" кеңсесінің комиссары Николас Хомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы 2026 жылға арналған әріптестікті дамытудың негізгі аспектілерін, атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Бас консул Комиссарды Қазақстанның инвестициялық және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетімен, сондай-ақ туристік және инфрақұрылымдық секторларындағы инвестициялық жобалармен таныстырды.
Өз кезегінде, Николас Хо "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде инвестициялар тартудағы Қазақстанның жоғары әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге, сонымен қатар Гонконг пен "Greater Bay" өңірі (Чжаоцин, Фошань, Цзянмынь, Чжухай, Чжуншань, Дунгуань, Хойчжоу, Макао, Гуанчжоу және Шэньчжэнь қалалары) бизнесмендерінің 2026 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға ниетті екенін растады.
Қазақстан Гонконг Үкіметінің негізгі стипендия алушы елдерінің бірі бола отырып, "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында білім беру бағдарламаларына белсенді қатысатыны атап өтілді. Осыған байланысты Бас консул қазақстандық студенттерге арналған гранттар санын ұлғайту мәселесін гонконгтық университеттермен талқылау туралы өтініш білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаласа отырып, инвестициялар, сауда, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін атап өтті.
Қазіргі уақытта толық грант бойынша 400-ден астам қазақстандық студент әлемнің үздік 50 жоғары оқу орындарының қатарына кіретін Гонконгтың жетекші университеттерінде білім алуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 15:29Қазақстан "Жасыл аптада": аграрлық әлеуетімен таныстырып, Германиямен жаңа келісімдер орнатты 20.01.2026, 12:15 64176Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті20.01.2026, 13:26 Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды64146Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды20.01.2026, 17:59 59576Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды20.01.2026, 18:03 59296Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді
06.01.2026, 20:48 200256Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179246Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 179141Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 162161Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 162001Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

