30.04.2026, 19:31 6596

Қазақстан мен Грузия СІМ-дері кадрлық және әкімшілік басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Грузия СІМ-дері кадрлық және әкімшілік басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппарат басшысы Амангельді Саинов және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Адам ресурстары департаментінің директоры Медет Мақұлжанов Грузия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Грузия тарапын Грузия Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық мәселелер және адам, әкімшілік ресурстарын басқару дирекциясының директоры Гиорги Энукидзе басқарды.

Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың ішкі қызметін ұйымдастыру мәселелері, оның ішінде кадрлық әлеуетті дамыту және басқару үдерістерін жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті. Сонымен қатар қаржылық әкімшілендіруді оңтайландыру тәсілдері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әкімшілік-басқарушылық қызмет бағытында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға өзара қызығушылықтарын растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны