10.12.2025, 16:55 1576
Қазақстан мен Сауд Арабиясы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тау-кен және металлургия секторындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін екі елдің тиісті министрліктері арасындағы диалогты жандандыру мәселесіне басты назар аударылды.
Осы тұрғыда, тараптар 2025 жылдың қарашасында БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы Бас конференциясының (ЮНИДО) 21-ші сессиясы аясында өткен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев пен Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайеф арасындағы кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді әріптестікті дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.12.2025, 15:52 2046
Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесіндегі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ХЕҰ-мен стратегиялық әріптестікті нығайтудағы өзгермес ұстанымын растады. Бас директордың 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған тарихи сапарының маңыздылығы атап өтілді - бұл еліміз 1993 жылы Ұйымға мүше болғаннан бергі ХЕҰ басшысының алғашқы сапары болды.
Тараптар бірлескен жетістіктерді, соның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған Лайықты еңбек жөніндегі жол картасының табысты іске асырылуын және ХЕҰ-ның №131 "Ең төменгі жалақы туралы" конвенциясын жақында ратификациялағанын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның еңбек саясатының трипартизм мен әлеуметтік диалог қағидаттарына негізделетініне тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 14:49 2281
Қазақстан Душанбеде өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық жәрмеңкесі түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Қатысушылар өз елдерінің бай мәдени мұрасын көрсететін ұлттық стендтерді ұсынды.
Қазақстан Республикасының стендінде жәрмеңкеге келген қонақтарға ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, ұлттық киімдердің кең ассортименті ұсынылды. Стенд дипломаттар мен тәжік астанасы тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырып, қазақ халқының ерекше мәдениеті мен қонақжайлылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Мәдени бағдарламаның ерекшелігі "Қара жорға" қазақтың халық биі болды. Ұлттық киімде орындалған биге жиналғандар шапалақ ұрып, жәрмеңкенің есте қаларлық сәтіне айналды.
Ұсынылған өнімдерді сатудан түскен барлық қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында арнайы қорға аударылды.
Бұл бастамаға қатысу Қазақстан Елшілігінің гуманизм қағидаттарына адалдығын көрсетіп, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екендігін айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 12:03 2511
Шымкент жастар театры Халықаралық Сахара фестивалінде Гран-при жеңіп алды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алжирдің Адрар қаласында өткен Шөл даладағы халықаралық мәдени театр фестиваліне Шымкент жастар театры алғашқы рет қатысып, Гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Халықаралық фестивалі Алжирдің Мәдениет және өнер министрлігі мен Африка Сахара шөлінің қақ ортасында орналасқан Адрар аймағы әкімшілігінің қолдауымен өтті.
30 елден келген театр коллективтер өз туындыларын көрермендерге ұсынып, беделді халықаралық жюридің бағалауына ие болды.
Қазақ театр труппасы Сахара түнгі аспаны астында, IV ғасырдағы Тамасахттың ежелгі бербер цитаделі туындыларына жататын классикалық "Антигона" трагедиясының заманауи түпнұсқа қойылымын көрсетті.
Жергілікті және шетелдік көрермендер біздің жас актерларымыздың талантты қойылымдары мен жігеріне, шеберлігі мен жарқын шығармашылығына тәнті болды.
Фестиваль комиссары Шейх Окбауи қазақстандық театр ұжымына қойылымдары үшін алғыс айтып, мәдени саладағы ынтымақтастық пен жаңа жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге ниетін білдірді.
Салтанатты рәсімде фестивальдің бас жүлдесін "Гран-при" Шымкент жастар театрына Алжирдің Мәдениет және өнер министрі Малика Мендоуда ханым табыс етті. Ол театр жұмысына жоғары баға беріп, елімізбен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты. Ол қазақстандық актерлардың жоғары деңгейде театрлық шеберлік танытып, бірегей халықаралық сахнада Қазақстанды тамаша танытқанын атап өтті.
Театр делегациясы бұл халықаралық шараға Шымкент қаласы әкімдігінің, Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен және ҚР Алжирдегі Елшілігінің көмегі мен қолдауымен қатысуға мүмкіндік алды.
Жалпы, Қазақстанның мәдени дипломатиясы еліміздің имиджін нығайтаып, Алжир мен оның аймақтарында жемісті байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік бермек, сондай-ақ әртүрлі салаларда бірлескен жобаларға мұрындық болып, екі ел халықтарының өзара гуманитарлық алмасуларын байыта түспек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 11:02 10211
Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа бейілдігін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Венадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесінде БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссия мен БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сессия барысында Комиссиялардың алдағы жылдарға арналған қызмет бағыттарын айқындайтын стратегиялық, бюджеттік және әкімшілік мәселелер қаралды.
Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Тындыбеков ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және өзге де қылмыстық қызметтердің түрлеріне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан делегациясы Комиссиялар жұмысына белсенді үлес қосуға, жинақталған тәжірибемен бөлісуге және есірткі қылмысына қарсы күрес пен халықаралық қауіпсіздікті ілгерілетуге бағытталған жаһандық күш-жігерді қолдауға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 10:54 10856
Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астана Опера" театры Оман Сұлтандығындағы Маскат Корольдік опера театрында Лéo Делиб музыкасына қойылған Ролан Петидің әлемдік балет классикасының танымал туындысы - "Коппелия" балетін сахналады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Халықаралық гастрольдік тур аясында өткен қойылымдар "Астана Опера" ұжымының жоғары кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігін айқын көрсетті. Спектакльдер омандық көрерменнің үлкен қызығушылығын тудырып, 2025-2026 маусымындағы Маскат Корольдік опера театрының маңызды мәдени оқиғаларының бірі ретінде танылды.
Көрермендер жетекші солистердің мінсіз техникасымен және нәзік актерлік интерпретациясымен ерекшеленген виртуоздық орындауын, сондай-ақ заманауи режиссерлік шешімдер мен классикалық балет дәстүрлерінің үйлесімді сабақтастығын ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, "Астана Опера" оркестрінің жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі, музыкалық дәлдігі мен көркемдік сезімталдығы қойылымның жалпы көркемдік әсерін айрықша күшейте түсті. Шығармашылық топтың кәсібилігі қойылымның жоғары көркемдік деңгеймен және әсерлі сахналық бейнелеумен ерекшеленуіне мүмкіндік берді.
Бұл қойылым Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып, гуманитарлық саладағы екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына және өнер саласындағы жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерінің ашылуына жол ашты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 20:51 11096
Қазақстан Елшісі Черногория Президентіне сенім грамоталарын табыстады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Батырашев Черногория Президенті Яков Милатовичке сенім грамоталарын тапсырды. Сенім грамоталарын қабылдай отырып, Черногория басшысы Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы елдің маңызды серіктесі деп атап өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Рәсімнен кейін өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасында қалыптасқан қарым-қатынастың достық сипатын және тараптардың өзара іс-қимылдың барлық спектрінде жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысын ерекше айтты.
Саяси ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау аясында Я.Милатович келесі жылы Астанаға ресми сапармен баруға ниетін білдірді.
Черногория Президенті 2023 және 2025 жылдары БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиялары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесулері туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, Қазақстан халқына және Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді.
Қазақ дипломаты сұхбаттасына Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басымдықтары, соның ішінде Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 19:58 11296
ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі - СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Е.Тұқымовтың Ауғанстанға сапары өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстанмен сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға және бұл елді өңірлік үдерістерге тартуға ерекше, басымдық беруге қатысты тапсырмаларын іске асыру мақсатында және ҚР Сыртқы істер министрінің тапсырмасымен ҚР Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілі - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Тұқымов Ауғанстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Е.Тұқымов Ауғанстан басшылығымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізді. Олардың қатарында Ауғанстанның Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки, Балх провинциясының губернаторы Мохаммад Юсуф Вафа, Қоғамдық жұмыстар министрінің орынбасары Мохаммад Сахибзада және өзге де маңызды ведомстволардың өкілдері бар. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, көлік-логистика, өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ қауіпсіздік пен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ауған тарапы Қазақстанның гуманитарлық бастамасына - биылғы жылдың қараша айының соңында Ауғанстанда жұмыс істеген қазақстандық дәрігерлер бригадасының миссиясына ерекше алғысын білдірді. Қазақстандық медицина қызметкерлері жұмысы аясында көптеген пациенттерге білікті көмек көрсетіліп, жергілікті клиникалардың қызметін қолдауға мүмкіндік берілгені аталып өтті. Ауғанстан өкілдерінің айтуынша, дәрігерлер миссиясы достық пен әріптестіктің нақты көрінісі ғана емес, сонымен қатар Ауған қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға, медицина кадрлары мен ресурстарының тапшылығына байланысты туындайтын шиеленісті төмендетуге қосылған нақты үлес болды.
Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствосы мен салалық құрылымдарының басшыларымен өткен келіссөздер барысында Тургунди - Герат - Кандагар - Спин-Болдак темір жолын салу мәселесі талқыланды. Аталған жоба Ауғанстанның көлік интеграциясы мен өңірлік сауда ағымдарын кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие. Тараптар жобаның қазіргі дайындық барысы, техникалық параметрлері және іске асырудың жоспарланған кезеңдері жөнінде консультациялар өткізді. Темір жолдың солтүстік-оңтүстік дәлізі Ауғанстанның негізгі экономикалық орталықтарын Орталық және Оңтүстік Азияның логистикалық тораптарымен байланыстырып, сыртқы сауданы әртараптандыруға, халық табысының өсуіне және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға жағдай жасайтыны аталып өтті. Өз кезегінде ауған басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік өзара байланысты нығайту және инфрақұрылымдық жобаларды қолдау саясатын Ауғанстанның тұрақтануы мен экономикалық жаңғыруына ықпал ететін маңызды фактор ретінде қабылдайтынын жеткізді.
Ауғанстанның Сыртқы істер министрі А.Муттаки Қазақстанды Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына нақты қолдау көрсетіп келе жатқан ең тұрақты әрі сенімді серіктестердің бірі деп атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің өңірлік өзара байланыстылықты арттыру және Ауғанстандағы гуманитарлық жобаларды қолдау жөніндегі бастамалары экономикалық қиындықтардың салдарын жұмсартуға, сауда ағымдарын кеңейтуге және халықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыруға ықпал етеді.
Балх провинциясының губернаторы М.Ю.Вафа Қазақстанның Ауғанстандағы инфрақұрылымдық жобаларды, логистикалық бастамаларды қолдау және өмірлік маңызы бар азық-түлік өнімдерін жеткізу арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық ортасын жақсартуға маңызды үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ауғанстан өкілдері ұзақ мерзімді шешімдерге бағытталған сенімді серіктестің болуы елдің ішкі дамуының орнықты негіздерін қалыптастыру үшін аса маңызды екенін айтты.
Ауған ведомстволарының басшылығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауғанстандағы жағдайға жеке назар аударып отырғанына алғысын білдіріп, мұндай ұстаным өңірдегі мүдделер тепе-теңдігін сақтауға, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға және Қазақстанның тұрақтылық, бейбітшілік және даму жолындағы жауапты рөлін айқын көрсететінін атап өтті. Ауған тарабы Қазақстанның белсенді дипломатиясы мен практикалық қолдауы гуманитарлық құлдырау қаупін азайтуға, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға және Ауғанстанда саяси диалог үшін қажетті кеңістікті сақтауға елеулі үлес қосып отырғанын жеткізді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар аймақта бейбітшілік, тұрақтылық және өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған ортақ мүдделерді басшылыққа ала отырып, барлық негізгі бағыттар бойынша қарқынды диалогты жалғастыруға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 18:45 10686
Түрік бизнес өкілдері Қазақстандағы инвестицияларын ұлғайтуға ниетті екендерін растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев және Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстанда қызмет атқаратын бірқатар түрік инвесторларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында кен өндіру саласында барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Eczacıbaşı Holding, Алматы облысында заманауи логистикалық орталықтың бірінші кезеңін жүзеге асырған LC Waikiki және осы өңірде кондитерлік өнімдердің өндірісі жобасын іске асырған Yıldız Holding, Шымкент қаласында 500 гектарлық өндірістік жылыжайдың бірінші кезеңін іске асырған Alarko Holding және Түркістан облысында белсенді биологиялық қоспаларды өндіру жобасын іске асырып жатқан Orzax İlaç компанияларының басшыларымен нәтижелі келлісөздер өткізілді.
Кездесу барысында аталған компаниялар Қазақстандағы жобалары жайында баяндап, инвесторлар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайлар жасалғанын жеткізді. Сонымен қатар, компания басшыларына Қазақстандағы инвестицияларын әртараптандыру бойынша нақты ұсыныстар жасалды.
Аталған компаниялармен жаңа жобалар пысықталуда. Атап айтқанда Қазақстанда тыңайтқыштар өндірісі, орта сегмент үшін санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісі және кіші маркет желісін ашу жобалары қарастырылуда. Сонымен бірге Түркияның ең ірі мемлекеттік банкі Ziraat Bank Бақарма Төрағасы Бурханеддин Танйери мырзамен кездесу барысында банктің Қазақстандағы бөлімшесі 1993 жылдан бері жұмыс атқаруда екенін айтып, бұдан әрі Қазақстандағы бөлімшелерінің қызмет сапасын арттыратындығын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 10:54Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда 10.12.2025, 11:02 9366Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа бейілдігін растады10.12.2025, 09:22 4491Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады10.12.2025, 12:03 1666Шымкент жастар театры Халықаралық Сахара фестивалінде Гран-при жеңіп алды10.12.2025, 16:01 1656Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
05.12.2025, 22:59 99001Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93181Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89866АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89406Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84876Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176891Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175586Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152106Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146626Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146266Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

