21.01.2026, 21:12 3271

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары Хорватия Парламентінде ұсынылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары Хорватия Парламентінде ұсынылды
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Хорватия Парламентінің депутаттарын 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақ дипломаты Құрылтай аясында Мемлекет басшысының белгілеген негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттары туралы хабарлап, Қазақстанның саяси модернизацияны тереңдету, заң үстемдігін күшейту, инклюзивті экономиканы дамыту және азаматтық диалог рөлін арттыру жолындағы бағытына берік екендігін атап көрсетті. Хорватиялық тарапқа бірпалаталы парламентке көшу, алдағы референдум өткізу, этностарды, өңірлерді және қоғамдық топтарды біріктіретін жаңа консультативтік орган құру және ұлттық бірлікті нығайту жоспары туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысының көрегендігін жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша парламенттік топтың жетекшісі Анджелка Салопек елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды құптап, өзара сенімділікті нығайту және тұрақты серіктестікті дамыту құралы ретінде парламенттік дипломатияның маңызды екенін баса айтты.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Хорватия арасындағы парламенттік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Сұхбат барысында парламенттік өзара әрекеттестікті әрі қарай дамыту және заң шығарушы қызмет саласындағы тәжірибе алмасуға, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика сияқты экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне; цифрлік трансформация, инновациялар және мемлекеттік басқару мен бизнесте жасанды интеллект технологияларын қолдануға; білім беру, ғылым және гуманитарлық алмасу саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген.

Парламенттік өлшемнің артып келе жатқан рөлін және 2025 жылдың ақпанында Хорватия депутаттарының Астанаға сәтті сапарын атап өтіп, хорватиялық саясаткер Қазақстан Парламентінің депутаттарын ағымдағы жылы Қазақстан тарапы үшін ыңғайлы уақытта Загребке сапарға шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны