26.01.2026, 14:22 6796

Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Моника Иверсенді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударып, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін талқылады.

Министр бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және елдер арасындағы іскерлік диалогты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Германия Елшісі Берлиннің Астанамен екіжақты және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны