28.11.2025, 12:56 33951

Қазақстан Вануатумен цифрлық серіктестігін нығайтуда

Қазақстан Вануатумен цифрлық серіктестігін нығайтуда
БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Вануату коммуникациялар және цифрлық трансформация департаменті арасында АКТ және электрондық үкімет саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан тарапынан аталған Меморандумға Таиландтағы Қазақстанның Елшісі, БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұхан қол қойды. Құжат цифрлық инфрақұрылым, цифрлық мемлекеттік қызметтерді енгізу, тәжірибе және озық практикалармен алмасу саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ кадрлық әлеуетті дамыту және технологиялар трансферті бойынша бірлескен жобаларды жүргізуді көздейді.

 Заманауи цифрлық шешімдерге ие және мемлекеттік басқаруды жаңғыртуда елеулі тәжірибесі бар Қазақстан Вануату серіктестеріне консультациялық және технологиялық қолдау көрсетуге дайын.

М.Баймұхан Меморандумға қол қою екі мемлекет арасындағы цифрландыру саласындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестіктің негізін қалайтынын атап өтті.

Өз сөзінде БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Вануатуның Тұрақты өкілі Мэтью Хервиллард бұл әріптестік Вануату үшін Қазақстан көптеген жылдар бойы жинақтаған дәлелденген тәжірибе мен озық цифрлық мүмкіндіктерді пайдаланудың маңызды мүмкіндігін білдіретінін мәлім етті.

Екі тарап та ынтымақтастықты ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін БҰҰ АзТМЭӘК-на алғыс білдірді. Ұйымның мемлекетаралық байланыстарды нығайтудағы жетекші рөлінің арқасында екі ел сындарлы диалог құрып, аталған екіжақты құжатқа қол қойылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны