12.12.2025, 12:43 9966

Қазақстан жыл сайынғы БҰҰ қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Қазақстан жыл сайынғы БҰҰ қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер одағының (UNWG) ұйымдастыруымен Достастық сарайында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

1976 жылдан бері жәрмеңке әлемнің осал балаларын қолдау сияқты ортақ мақсатпен түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіріп келеді. Өз тарихында ол Женевадағы халықаралық қауымдастық үшін ең маңызды қоғамдық іс-шаралардың біріне айналып, іс-ашараға жыл сайын жүздеген қатысушылар жиналуда.

ҚР Тұрақты өкілдігі ұлттық стендте қазақ шоколадтары, дәстүрлі құрт, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, қолданбалы өнер бұйымдары және кітаптар сынды өнімдерді ұсынды.

Жәрмеңке Қазақстан мәдениетін насихаттау және Женевадағы халықаралық ортадағы мәдени өзара әрекетті нығайту үшін маңызды мүмкіндік болды. Жиналған қаражат әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі балаларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарына берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны