19.01.2026, 20:33 59776
Қазақстанда жасанды интеллект саласында ЮНЕСКО-ның үздік халықаралық тәжірибелері енгізілуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросымен бірлесіп жасанды интеллектті пайдалануға ұлттық дайындықты бағалау жобасының ресми іске қосылуын өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ЮНЕСКО-ның аталған жобасы жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесіне жан-жақты талдау жүргізуге бағытталған. Бағалау Қазақстандағы ЖИ дамуының негізгі өлшемдерін, оның ішінде құқықтық және нормативтік-құқықтық базаны, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық, экономикалық, ғылыми-білім беру және технологиялық аспектілерді қамтиды.
Жоба шеңберінде жасанды интеллект саласында теңгерімді әрі инклюзивті саясат қалыптастырудың шешуші шарты ретінде тиімді сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ерекше басымдық берілуде.
Бүгінгі күні ЮНЕСКО-ның ұлттық дайындықты бағалау әдіснамасын (Readiness Assessment Methodology, RAM) іске асыру бойынша мүдделі тараптардың Ұлттық жұмыс тобы (National Stakeholder Team) құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Ұлттық ғылым академиясы, "Атамекен" ҰКП, Astana IT University, Ozim Academy, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, "Technowomen" ҮЕҰ, ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросы, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, сондай-ақ жобаны іске асыруға тікелей тартылатын азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері кірді.
Зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстанда адамға бағдарланған жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.
ЮНЕСКО-ның осы жобасын іске асыру халықаралық ынтымақтастыққа және адамның әмбебап құндылықтарын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға негізделген Қазақстанның жасанды интеллектті дамыту жөніндегі стратегиялық бағытын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.02.2026, 17:05 1
Парижде Қазақстанның жаңа конституциясының жобасы таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елшілікте Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының таныстырылымы мен конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гульсара Арыстанқұлова жаңа редакциядағы Конституция жобасын әзірлеу барысы мен оның маңызы туралы айтып, құжаттың қоғамның қазіргі сұраныстарына және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму міндеттеріне сай дайындалғанын атап өтті.
Қазақ дипломаты Конституцияда елдің бейбіт әрі прагматикалық сыртқы саясаты, БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына адалдығы бекітіліп, бұл еуропалық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз қалайтынын жеткізді.
Іс-шараның негізгі спикері - Қазақстан Парламентінің сенаторы, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комиссияның хатшысы Евгений Больгерт. Ол Негізгі заң жобасының басты ережелерін таныстырып, бір палаталы Парламент құру, жоғары консультативтік орган ретінде Қазақстан Халық Кеңесін қалыптастыру және Вице-Президент институтын енгізу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар жаңа Конституцияда Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы сияқты негізгі құндылықтар айқындалып, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітілетіні аталып өтті.
Парламентарий еліміздің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі арқылы конфессияаралық диалогты дамытуға қосып отырған үлесін де тілге тиек етті. Сөз соңында Е. Больгерт жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумда азаматтардың дауыс беруі арқылы шешілетінін атап өтті.
Дөңгелек үстелге Францияның сарапшылық және іскерлік қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ Сорбонна университетінің студенттері қатысты.
Талқылау барысында қатысушылар Конституция жобасының болашақ Құрылтайдың, Конституциялық соттың және саяси партиялардың қызметіне қатысты ережелеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлі, инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және шетелдік компаниялардың қызметін қолдау шаралары жөнінде пікір алмасылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 16:47 1
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға шақырды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 16:09 81
Орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының басшысы Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке шақырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Сеул қаласында Қазақстанның Кореядағы Елшісі Нұрғали Арыстанов Орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымының (AFoCO) Атқарушы директоры Пак Чонхомен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тұрақты орман пайдалану, орманды қалпына келтіру және технологиялар трансферті салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ көпжақты форумдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Осы орайда Елші AFoCO басшысына 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке шақыруды табыстап, алдағы іс-шараның экология және тұрақты даму саласындағы практикалық шешімдерді ілгерілетуге арналған маңызды алаң ретіндегі мәнін атап өтті.
Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізілетіні айтылды. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында сөйлеген сөзінде қоршаған ортаны қорғау және климаттық сын-қатерлерге жауап беру бойынша халықаралық күш-жігердің маңызын атап өткен болатын. Сондай-ақ қазақ дипломаты табиғатқа ұлттық құндылық ретінде ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" жобасы туралы қысқаша мәлімет берді.
AFoCO басшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, бірлескен бастамаларды қолдауға және практикалық тәжірибемен бөлісуге, оның ішінде кадрлық әлеуетті арттыру бағдарламаларына қатысты дайын екенін жеткізді.
Кездесу барысында бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимылдың оң динамикасы расталды. Атап айтқанда, біліктілікті арттыру, тәлімгерлерді даярлау (Train-the-Trainers) бағдарламасы, "ноу-хау" және тәжірибе алмасу, соның ішінде орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру мәселелері бойынша ынтымақтастық аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастырып, жаңа бастамаларды іске асыру ниетін растады.
Жалпы алғанда, AFoCO қатысушы елдерде ормандарды қалпына келтіру және кадрлық әлеуетті дамыту жобаларын іске асырады. 2024 жылы ұйымның жобалық портфелінің жиынтық құны 235 млн АҚШ доллары деңгейінде бағаланды, ал 2014-2025 жылдары оқыту бағдарламалары аясында 136 курс өткізіліп, оған мемлекеттік органдар мен жергілікті қауымдастықтардың 27 мыңнан астам өкілі қатысты.
Қазақстан 2019 жылғы 4 қазаннан бастап AFoCO ұйымының мүшесі болып табылады. Қазақстанда AFoCO қолдауымен Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында есепке алынбаған ормандарды түгендеу және орман деректерін цифрлық басқаруды енгізу, орман питомнигі кешенін құру, сондай-ақ Абай облысында өрттен зардап шеккен аумақтарда ормандарды қалпына келтіру жобалары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар орман өрттерінің алдын алу және сөндіру бойынша құзыреттерді арттыруға басымдық берілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 15:13 3341
Қазақстан Мексиканың академиялық қауымдастығына конституциялық реформаларды таныстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде Халықаралық қатынастар факультеттерінің Мексика қауымдастығының (Asociación Mexicana de Estudios Internacionales - AMEI) өкілдері үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қазақстандағы конституциялық және саяси реформалардың негізгі тұстары туралы түсініктеме берілді. AMEI Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ең ірі қауымдастықтардың бірі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Қазақстан жаңа Конституциясының жобаcын таныстырып, 2026 жылдың 15 наурызда Қазақстанның Негізгі заңын қабылдау туралы жалпыұлттық референдум өтетіндігін хабарлады.
Аталған ақпарат AMEI құрамындағы профессорлар мен шақырылған жергілікті БАҚ өкілдерінде үлкен қызығушылық туғызды. Қазақстанның ғаламдық әлемдік тәртіптегі өзгерістер аясында жан-жақты және прогрессивті жаңғырту жолында тұрғаны аталып өтті.
Жақын арада қауымдастықтың арнайы подкаст және сұхбат циклі шеңберінде Қазақстандағы үдерістерді жариялап отыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен бірге, дипломатиялық қауымдастық пен AMEI арасындағы ынтымақтастықтың жаңа беті ашылды. Атап айтқанда, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, дипломатиялық корпус болашақ мексикалық халықаралық қатынастар мамандарымен байланыстарын жандандырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 14:02 6951
Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Шығыс провинциясына жұмыс сапары барысында "Zamil Investments", "Rawabi Holding", "AHQ Group", "Norstar Group" және "Gulf Enterprises" компанияларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өткен кездесулер барысында энергетика, мұнай-химия, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және девелопмент салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ елде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру аясында ашылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан нарығының әлеуетін жоғары бағалап, өзара тиімді әріптестікті дамытуға қызығушылық білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тікелей диалогты жалғастыруға, іскерлік миссиялар ұйымдастыруға және нақты жобаларды пысықтауға уағдаласты.
Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстан Елшісі Корольдік аумағында мұнай, мұнай-химия және құрылыс салаларына сервистік қызмет көрсететін және жабдықтар жеткізетін "Forte Oil Field Services" қазақстандық мұнай-газ сервистік компаниясы филиалының ашылу рәсіміне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 13:57 7206
Пусанда Қазақстан "Қалалық дипломатия желісі" форумына қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Пусан қаласының әкімдігі мен Пусан жаһандық қала қоры (BGCF) ұйымдастырған "Пусан қалалық дипломатия желісі" атты ресми форумға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға өңірдегі жетекші университеттердің басшылары, қалалық кеңес өкілдері және шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.
Форум барысында корей тарапы муниципалды билік, академиялық орта және бизнес арасындағы тығыз интеграция арқылы Пусанды жаһандық хабқа айналдыруға бағытталған "RISE" (өңірлік инновациялық жүйе және білім беру) жаңа стратегиялық бағдарламасын таныстырды. Шетелдік мамандар мен студенттерді тартуға және оларды қолдауға бағытталған "таланттар дипломатиясы" бастамасына ерекше назар аударылды.
Бас консул форум қатысушыларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, соның ішінде Қазақстан халқына Жолдауы мен Ұлттық құрылтай шешімдері аясындағы өзгерістер туралы хабардар етті. Жаһандық трансформация жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі мен ғылымды жаңғыртуға басымдық беріп отырғаны аталып өтті.
Өңіраралық ынтымақтастықты талқылау аясында тараптар Алматы мен Пусан бауырлас қалалары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Корей тарапы Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі рөлін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы тамыз айында бизнес-консультациялар өткізу және университетаралық байланыстарды кеңейту мақсатында "Еуразиялық қалалық дипломатиялық корпус" делегациясының Алматы қаласына сапары жоспарланған.
Форум аясындағы кездесулердің қорытындысы бойынша "Пусан жаһандық тағылымдамасы" (Busan Youth in Action) бағдарламасын іске қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл бағдарлама аясында Пусан жастары гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатында дипломатиялық миссиялардың қызметіне іс жүзінде қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Пусан қаласының әкімдігі жанындағы Пусан жаһандық қала қоры (BGCF) қоғамдық дипломатияның мамандандырылған институты болып табылады. Ол Корея Республикасының екінші ірі мегаполисіндегі халықаралық ынтымақтастықты, алмасу бағдарламаларын және шетелдік резиденттерді қолдау мәселелерін үйлестіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 12:55 4086
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігінің өкілі Қайрат Малаев Санкт-Галлен қаласында Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы Іс басындағы төрағалығы ұйымдастырған Антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы күрес жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада қатысушы мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдері кемсітушілікке, экстремизмге және діни жеккөрушілік көріністеріне қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу үшін бас қосты.
Конференция барысында Швейцарияның Сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Игнацио Кассис бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ортақ болашағын құру "күнделікті міндет" екенін атап өтіп, жеккөрушілік пен төзімсіздікке қарсы күресте "естеліктен іс-әрекетке" көшуге шақырды.
Қазақстан делегациясының өкілі өз сөзінде елдің төзімділік, өзара құрмет және конфессияаралық келісім қағидаттарына бейімділігін растап, 2025 жылғы қыркүйек айында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің конфессияаралық диалогты нығайтудың бірегей халықаралық платформасы ретіндегі ерекше маңыздылығын аталып өтті.
Қазақстандағы конституциялық реформалардың аясында ұлттық диалогтың жаңа институты - Қазақстан Халық Кеңесі құрылып жатқаны аталып өтіп, заң шығару бастамасы құқығы және этникалық топтардың кеңейтілген өкілдігімен ең жоғары консультативтік органға айналғанына назар аударылды. Бұл тетік қоғамдық келісім мен инклюзивтілікті одан әрі нығайтуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 11:25 9121
Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Исламабад стратегиялық зерттеулер институтымен (ISSI) бірлесіп "Қазақстан мен Пәкістан серіктестігі: Президент сапарының қорытындылары және стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары" тақырыбында конференция өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпусының, академиялық орта, сарапшылық және бизнес қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ жетекші бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Құрметті қонақтар ретінде Пәкістан Премьер-министрінің мемлекеттік министрі - арнайы көмекшісі Фахд Харун, КОМСТЕК бас үйлестірушісі Икбал Чаудри, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Пәкістан Премьер-министрінің туризм жөніндегі арнайы көмекшісі Сардар Ясир Ильяс Хан, Пәкістан Ұлттық ассамблеясының мүшесі Хуррам Дастгир Хан және Пәкістан СІМ Орталық Азия департаментінің бас директоры Хасан Али Зайгам сөз сөйледі.
Іс-шара аясында Халықаралық Түркі академиясы дайындаған "Пәкістан және Түркі әлемі" кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан Президентінің ағымдағы жылдың 3-4 ақпанында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындыларымен бөлісіп, Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға, сондай-ақ коммерциялық келісімшарттарды қоса алғанда, 70-тен астам келісімдер мен меморандумдарға қол қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар Елші Қайд-и-Азам университетінде Әл-Фараби, Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде Қ. Сәтбаев, Исламабад халықаралық ислам университетінде Қожа Ахмет Ясауи орталықтарының, сондай-ақ "Достық" спорт орталығының ашылғанын және Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумының табысты өткенін хабарлады.
Конференцияда сондай-ақ ISSI төрағасы, Халид Махмуд, ISSI директоры Талат Шаббир, Орталық Азиядағы "KСM Kant" ірі бизнес-тобының басшысы Танвир Афтаб және өзге де сарапшылар сөз сөйледі.
Қазақстан тарапынан онлайн форматта ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Мұхит Асанбаев пен ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Сергей Савельев қатысты.
Панельдік сессиялар барысында қатысушылар Қазақстан-Пәкістан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, өңірлік өзара байланыстылықты, транзиттік әлеуетті және Еуразия кеңістігіндегі көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Сарапшылар сапардың мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, оның өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша стратегиялық серіктестік орнатуға бағытталғанын жоғары бағалады.
Конференция қатысушылары жоғары деңгейдегі сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру мен кеңейтуге берік негіз қалағаны жөнінде бірауыздан пікір білдірді.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Исламабад стратегиялық зерттеулер институтына алғыс білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.02.2026, 10:20Қазақстан арнайы және инклюзивті білім беру саласында Израильмен ынтымақтастықты нығайтуда 16.02.2026, 11:25 11511Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті16.02.2026, 12:55 6476Қазақстан ЕҚЫҰ-ның антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысты16.02.2026, 13:57 6246Пусанда Қазақстан "Қалалық дипломатия желісі" форумына қатысты16.02.2026, 14:02 Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда5991Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда
09.02.2026, 22:39 223031Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 209526Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 209456Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 209451Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 209361Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
19.01.2026, 15:15 231676Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 231016Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2289612026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет09.02.2026, 22:39 223031Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады20.01.2026, 21:15 222021Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр

