04.06.2026, 20:57 81

Қазақстандық делегация ПХЭФ жұмысына қатысуда

Қазақстандық делегация ПХЭФ жұмысына қатысуда
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
XXIX Петербург Халықаралық экономикалық форумының жұмысына қазақстандық делегация қатысуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Оның құрамына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР РФ Елшісі Дәурен Абаев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов, қазақстандық ұлттық компаниялар мен іскер топтардың өкілдері кірді.

Е.Нағаспаев "Сирек және стратегиялық минералдар: жерде сирек кездесетін металдар мен аса маңызды минералдар саласындағы дербестік және халықаралық ынтымақтастық" панельдік сессиясында сөз сөйледі.

А.Сәтқалиев "Мегақондырғылар: халықаралық ынтымақтастықтың жаңа физикасы" сессиясының жұмысына қатысты. Форум алаңында Е.Нағаспаев пен Д.Абаев РФ субъектілерінің басшылығымен кездесті.

Удмурт Республикасының Басшысы Александр Бречаловпен кездесу барысында өнеркәсіптік өнімдердің өзара саудасын арттыруға басты назар аударылды. Металл өңдеу, машина жасау, сондай-ақ электротехника мен мұнай-газ жабдықтарын өндіру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.

Башқұртстан Республикасы Үкіметінің Премьер-Министрі Андрей Назаровпен өңдеу өнеркәсібі секторындағы өзара іс-қимыл және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, Д.Абаев бірқатар Ресей өңірлерінің басшыларымен келіссөздер жүргізді.

Новгород облысының губернаторы Александр Дроновпен бірлескен жобаларды, оның ішінде "Новгородская" арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыруға әзірлік танытылып, мемлекеттік органдар мен іскер топтар өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар білім беру саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университеті арасындағы табысты ынтымақтастық атап өтілді.

Д.Абаев А.Дроновқа ортақ тарихи естелікті сақтағаны үшін алғысын білдірді. Мәселен, Новгород облысындағы іздеу жасақтарының 35 жыл жұмысы нәтижесінде Ұлы Отан соғысы жылдарында өңір аумағында қаза тапқан 151 Қазақстан тумасының есімдері анықталды. Елші бұл бағытты, соның ішінде мектеп, студенттік және мемориалдық бағдарламалар аясында дамытуды қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен өзара іс-қимылдың ағымдағы деңгейіне жоғары баға берілді.

Өңір тарихи тұрғыдан екі мемлекет арасындағы сауда байланыстары мен мәдени диалогтың негізгі элементі болып табылады, сондай-ақ көлік-логистикалық торап ретінде және "Солтүстік - Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуда Қазақстанның жетекші серіктесі ретінде маңызды рөл атқарады.

 "Атырау - Астрахань" автожолының күрделі жөндеуден өтуін аяқтау және жаңартылған "Құрманғазы" өткізу пункті ынтымақтастықты жандандыруға қуатты серпін болады.

Сондай-ақ, Д.Абаев И.Бабушкинге отандастарын жан-жақты қолдауға және Астрахан облысының аумағында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға ықпалы үшін алғысын білдірді.

Кездесуде Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев сауда-экономикалық қатынастардың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Мәселен, 2026 жылдың бірінші тоқсанында өзара тауар айналымы 41% - ға өскен.

Көрме алаңдарында байланыстар белсенді дамуда. Тек KazBuild-тің (ірі қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі) өзінде Кубань компаниялары $1,1 млн-ға келісімшарттар жасасты. Осы күзде өңірдің кәсіпорындары өз өнімдерін республикадағы көрмелерде тағы да ұсынбақшы.

Өз кезегінде, Қазақстан Кубань бизнесіне салықтық және әкімшілік преференцияларды көздей отырып, арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымына қолжетімділікті ұсынуға дайын.

Сондай-ақ, Краснодар өлкесі мен Қазақстанның бір өңірі арасында тікелей келісім жасасу туралы ұсыныс айтылды.

РФ субъектілерінің басшыларымен кездесулердің қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға барынша көмек көрсету туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Өз кезегінде, Қазақстан Кубань бизнесіне салықтық және әкімшілік преференцияларды көздей отырып, арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымына қолжетімділікті ұсынуға дайын.

Сондай-ақ, Краснодар өлкесі мен Қазақстанның бір өңірі арасында тікелей келісім жасасу туралы ұсыныс айтылды.

РФ субъектілерінің басшыларымен кездесулердің қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға барынша көмек көрсету туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны