20.01.2026, 13:26 4521
Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Абу-Дабиде шейха Фахра бинт Дияб Әл Наһаянның қамқорлығымен балалар сәні саласындағы халықаралық шара - International Kids Fashion Week ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сән апталығының ұйымдастырушысы - Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш дизайнері әрі балалар сәні мен мәдениеті саласындағы халықаралық жобаларды дамытудағы жетекші тұлғалардың бірі Мона Әл Мансури.
Іс-шара Қазақстан, БАӘ, Ресей, Үндістан, Марокко, Австралия, Замбия, Таиланд, Филиппин және Оман елдерінен келген дизайнерлер мен қатысушыларды біріктіріп, International Kids Fashion Week-тің жаһандық мәдени және сән алаңы ретіндегі мәртебесін растады.
Ұлттық дәстүрлерге, ою-өрнектерге және мәдени мұраға негізделген қазақ этникалық топтамасы халықаралық аудитория тарапынан зор қызығушылыққа ие болды.
Көрсетілім қорытындысы бойынша отандық дизайнер Гаухар Канатбай "Үздік балалар дизайнері" номинациясы бойынша марапатты иеленді. Бұл оның шығармашылық көзқарасы мен этникалық нақыштарды заманауи балалар сәнімен сәтті үйлестіре алғанының айқын дәлелі болды.
Сонымен қатар,аталған іс-шараға қазақ тарапының қатысуын қамтамасыз еткені үшін ұйымдастырушылар Қазақстанның Абу Дабидегі Елшілігіне арнайы марапат табыстады. Бұл мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы дипломатиялық қолдаудың маңыздылығын айқындай түсті.
International Kids Fashion Week мәдениет, сән және балалар шығармашылығы халықтар арасындағы халықаралық диалогты, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын маңызды көпір екенін айғақтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.01.2026, 15:29 4256
Қазақстан "Жасыл аптада": аграрлық әлеуетімен таныстырып, Германиямен жаңа келісімдер орнатты
Достарға айту
Қазақстан Германия астанасында өткен мерейтойлық 100-ші Халықаралық аграрлық "Жасыл апта" (Grüne Woche) көрмесіне қатысып, Қазақстан Республикасының екі ұлттық стендін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көрмеге ЕО стандарттары бойынша жұмыс істейтін және еуропалық нарыққа тұрақты тасымалдау жасауға дайын қазақстандық кәсіпорындар қатысты. Отандық өндірушілер ұсынған өнімдер халықаралық серіктестердің, дистрибьюторлардың, Германия Федеративтік Республикасының сауда желілері өкілдерінің және көрме қонақтарының қызығушылығын тудырды.
Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бастап барды. Ол сондай-ақ "Global Forum for Food and Agriculture" (GFFA) халықаралық конференциясы аясында бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді.
ГФР-дың Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және отан федералдық министрлігінің (BMLEH) статс-хатшысы Маркус Шикпен өткен кездесуде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, тұқым шаруашылығы, орнықты егіншілік, энергия мен су үнемдейтін технологияларды енгізу, азық-түлік өнімдерін өңдеу және жеткізу сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелері талқыланды.
Қазақстан тарапы орнатылған келісімдерді жалғастыру және оларды практикалық тұрғыда дамыту мақсатында Германияның Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және отан федералдық министрі Алоис Райнерді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
А.Сұлтанов ҚР АШМ мен BMLEH арасында жүзеге асырылып жатқан "Аграрлық-саяси диалог" және "Сүтті мал шаруашылығы саласында құзыреттерді арттыру" кооперациялық жобаларының басшыларымен кездесті.
Қазақстанда өндірілетін техниканың жергіліктендіру деңгейін арттыру және өндіріс аясын кеңейту мәселелері CLAAS компаниясы басқарма мүшесі Кристиан Радонс және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша вице-президент Михаэль Байермен талқыланды.
Іс-шараларға қатысу Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін көрсетуге және шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен серіктестіктің белгісі ретінде, сондай-ақ "Grüne Woche" көрмесінің 100 жылдығына орай, көрме ұйымдастырушыларына Қазақстан Республикасы атынан 100 дана қазақстандық қызғалдақтың пиязшықтары сыйға тартылды.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және аграрлық саланы дамытуда инновациялық тәсілдерді белсенді түрде енгізуге дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 12:15 4796
Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
11-ші Халықаралық ән және би фестивалі (11th Music and Dance Festival) аясында қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті, іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестиваль аясында Қазақстан атынан шамамен 68 өнерпаз қатысты. Атап айтқанда, маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі Астана қ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, "Гәкку" балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры өнер көрсетті.
Іс-шара бағдарламасының ерекше бөлігі ретінде қазақстандық ұжымдардың үндістандық көрнекті музыканттар - Доктор Лакшминараяна Субраманиам және Кавита Кришнамуртимен бірлескен концерттік қойылымдары ұсынылып, екі елдің музыкалық дәстүрлері арасындағы шығармашылық үндестікті айқын көрсетті.
Концертке Үндістанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ Үндістанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысуы іс-шараға бірлік пен ұлттық мақтаныштың ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Аталған мәдени жоба қазақ-үнді мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық мәдени беделін арттыруға ықпал етті.
Фестиваль аясындағы өнер көрсетулермен қатар, қазақстандық өнерпаздардың гастрольдік сапары жалғасып, алдағы күндері Үндістанның Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында концерттік бағдарламалар ұсыну жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 09:41 11171
Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті қарастырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан өңірлері мен Шэньси арасындағы практикалық байланыстары мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында, Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Қытай күрес федерациясының вице-президенті - Шэньси өңірінің Ауыр атлетика, күрес және дзюдо орталығының басшысы Ян Чанлинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму бағыттарын талқылады. Бас консул Қазақстан мен Шэньси провинциясының арасындағы серіктестіктің тарихына тоқталып, екі ел спортшыларының өзара бірлескен жаттығуларын өткізіп, тәжірибе алмасу мүмкіндігі жайында ой бөлісті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар тәрбиесіне және ұлттық спорт деңгейін көтеру бағытындағы мемлекеттік бағдарламасы тиімді нәтиже бергені аталып өтті. Елімізде спортқа бейім дарынды балаларға арналған мамандандырылған спорт кешендерінің желісі жүйелі түрде дамып жатқанын баяндады. Бұл реформалардың спорт резервін тұрақты түрде нығайтуға және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшыларды даярлауға бағытталғанын атап өтті.
Ян Чанлин Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың зор әлеуетін атап өтті. Өз жаттығу орталығы түлектерінің халықаралық турнирлер мен Олимпиада ойындарында жүлделі орындар алып жүргенін мақтанышпен атап өтті. Бірқатар спорт түрінен қазақстандық спортшылардың әлемдік жетістіктерін мойындап, екі елдің спортшылары арасында бірлескен жаттығулар өткізуге қызығушылығын жасырмады. Сонымен қатар өзара тиімді жаңа спорттық бағыттарын дамытуға қызығушылық танытты.
Өз сөзінде, 2025 жылы Сиань қаласында "Орталық Азия - Қытай елдері күрес түрлерінің үздіктері" тақырыбында алғашқы рет еркін және классикалық күрестен достық кездесу өткізілгенін, оған Қазақстан палуандарының қатысқанын ризашылықпен атап өтті. Бұл үрдісті биыл да Сианьда өткізуді және Қазақстанның күрестен жастар құрама командасын шараның негізгі қонағы ретінде шақыруды ұсыну ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, Бас консул спортшыларға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымының нысандарымен және инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты. Атап айтқанда, күрес, ауыр атлетика және дзюдо бойынша оқу-жаттығу спорт кешенін аралап, спортшылардың күнделікті тұрмыс жағдайын көрді.
Кездесу соңында тараптар спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.01.2026, 08:38 11436
Қазақстан мен Германия аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Германия астанасында "Kazakhstan-Germany Agro & Water Nexus" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Германияның агроөнеркәсіп және су секторларындағы компанияларының өкілдері, сондай-ақ Global Forum for Food and Agriculture (GFFA) халықаралық конференциясына қатысу үшін Берлинге келген Қазақстан делегациясы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Германияның Федералдық ауыл шаруашылығы, азық-түлік және отан министрлігінің (BMLEH) статс-хатшысы Маркус Шик, сондай-ақ Германия агробизнес альянсының (GAA) Орталық Азия бойынша спикері Дирк Штратманн құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел бағдарламасына технологиялық трансферт пен орнықты агрожүйелерді дамыту перспективаларына, су үнемдейтін шешімдерді енгізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселелеріне арналған үш панельдік пікірталас кірді.
Іс-шараға екі елдің бизнес, ғылыми орта өкілдерінің, жеке сектор мен сарапшылар қауымдастығының 40-тан астам өкілі қатысты.
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы экономикалық өсімнің, технологиялық жаңғырудың және елдің экспорттық әлеуетін арттырудың негізгі драйверлерінің біріне айналуы тиіс екенін ерекше атап өткен болатын. Бұл ретте басымдық тек өндіріс көлемін ұлғайтуға ғана емес, ең алдымен өнім сапасына, орнықтылыққа, терең өңдеуге және инновацияларды енгізуге беріледі.
Осы тұрғыда Германиямен ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Қазақстан мен Германия агроинжиниринг, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, органикалық егіншілік, тұқым шаруашылығы, сондай-ақ неміс сапа стандарттары мен су үнемдейтін технологияларды енгізу салаларында бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.
Неміс компаниялары Қазақстанда белсенді жұмыс жүргізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда, озық технологияларды енгізуде және қосылған құны жоғары жаңа өндірістік тізбектерді қалыптастыруда. Іске асырылып жатқан бірлескен бастамалар нақты нәтижелер көрсетіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жүйелі түрде тереңдетуге берік негіз қалайды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар орнықты егіншілік, тұқым шаруашылығы, технологиялық трансферт, су инфрақұрылымын жаңғырту және ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқару, сондай-ақ жетік технологияларды енгізу сияқты басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 22:33 27346
Қазақстан мен Мальта сауда және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Респбликасының Мальта Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Ерболат Сембаев Мальта Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер және туризм министрі Иэн Борчпен кездесті. Кездесу Е.Сембаевтың Валлеттаға жұмыс сапары аясында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан мен Мальта арасындағы саяси және сауда-экономикалық серіктестікті дамытудың, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Тараптар екі елдің құрылыс, денсаулық сақтау, көлік және қаржы салаларындағы ықпалдастығының айтарлықтай әлеуетіне ерекше көңіл бөлді.
Атап айтқанда, Е.Сембаев білім беру саласындағы қатынастардың серпінді дамуын атап өтіп, туризм саласындағы байланыстарды арттырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, Мальта Жерорта теңізі өңіріндегі қазақстандықтар үшін қонақжайлылық пен қауіпсіздік тұрғысынан танымал туристік бағыттардың бірі. Осы тұрғыда Е.Сембаев Мальтамен визалық режимді жою мәселесіне назар аударып, мұндай қадам туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер де қозғалды. Атап айтқанда, Е.Сембаев қазақстандық мұнайды тасымалдауға бағытталған Қара теңіздегі Каспий құбыры консорциумының терминалы ауданындағы мұнай танкерлерінің дрондардың шабуылдарына ұшырауы тақырыбына тоқталды. Бұл ретте танкерлердің бірі Мальта туының астында болғанын атап өткен жөн. Елші бұл оқиғаға Қазақстанның алаңдаушылығын білдірді, себебі еліміз қақтығыстың тарабы емес, бірақ тәуекелдер мен жанама шығындарға ұшырауда, бұл өз кезегінде әлемдік мұнай нарығына, атап айтқанда Еуропаға да әсер етеді.
Өз кезегінде Мальта Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер және туризм министрі И.Борч екі ел арасындағы визалық режимді жою туралы келісімге тез арада қол қоюға дайын екенін білдірді.
Қара теңіздегі мұнай танкерлерінің шабуылдарына келетін болсақ, И.Борч теңіз тасымалының қауіпсіздігін және халықаралық құқықты сақтауды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 21:30 27746
Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұстанымдарын үйлестірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және берілген тапсырмаларды орындау жоспарларын атап өтті.
Б.Атамқұлов Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысында қабылданған өңірлер басшылары кеңесін құру, сондай-ақ сирек жер металдары мен трансшекаралық өзендерді болжау мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру жөніндегі шешімдердің маңыздылығын атап өтті.
Ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесіне, оның ішінде жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстарға, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктерінің жоспарланған отырыстарына ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 20:33 28116
Қазақстанда жасанды интеллект саласында ЮНЕСКО-ның үздік халықаралық тәжірибелері енгізілуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросымен бірлесіп жасанды интеллектті пайдалануға ұлттық дайындықты бағалау жобасының ресми іске қосылуын өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ЮНЕСКО-ның аталған жобасы жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесіне жан-жақты талдау жүргізуге бағытталған. Бағалау Қазақстандағы ЖИ дамуының негізгі өлшемдерін, оның ішінде құқықтық және нормативтік-құқықтық базаны, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық, экономикалық, ғылыми-білім беру және технологиялық аспектілерді қамтиды.
Жоба шеңберінде жасанды интеллект саласында теңгерімді әрі инклюзивті саясат қалыптастырудың шешуші шарты ретінде тиімді сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ерекше басымдық берілуде.
Бүгінгі күні ЮНЕСКО-ның ұлттық дайындықты бағалау әдіснамасын (Readiness Assessment Methodology, RAM) іске асыру бойынша мүдделі тараптардың Ұлттық жұмыс тобы (National Stakeholder Team) құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Ұлттық ғылым академиясы, "Атамекен" ҰКП, Astana IT University, Ozim Academy, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, "Technowomen" ҮЕҰ, ЮНЕСКО-ның Өңірлік бюросы, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, сондай-ақ жобаны іске асыруға тікелей тартылатын азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері кірді.
Зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстанда адамға бағдарланған жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.
ЮНЕСКО-ның осы жобасын іске асыру халықаралық ынтымақтастыққа және адамның әмбебап құндылықтарын, құқықтары мен бостандықтарын сақтауға негізделген Қазақстанның жасанды интеллектті дамыту жөніндегі стратегиялық бағытын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.01.2026, 19:53 25626
Қазақстан мен "Orascom Investment Holding" стратегиялық инвестициялық ынтымақтастықты талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев "Orascom Investment Holding" компаниясының төрағасы Нагиб Савириспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде тау-кен және металлургия, қаржы, туризм салалары мен даму бағыттарын қамтитын мәселелерді талқылады. Қазақстанның жаһандық қосылған құн тізбектеріне интеграциялану және халықаралық тәжірибесі бар стратегиялық жеке инвесторларды тарту жөніндегі күш-жігеріне ерекше назар аударылды.
Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстанның ұзақ мерзімді инвестициялар үшін ашық әрі болжамды ел екенін атап өтті. Инвесторлармен сенімді әрі тұрақты диалог орнату - елдің инвестициялық саясатының ажырамас бөлігі. Жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетілетін болмақ.
Н.Савирис Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығын, ресурстық әлеуетін және Орталық Азиядағы өңірлік инвестициялық хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтті. Ол шешім қабылдайтын тұлғалармен тікелей диалогтың маңыздылығын ерекше атап өтіп, жобаларды әрі қарай зерделеуге және қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ тараптар перспективалы жобалар, оның ішінде қаржы секторына инвестициялар тарту мәселелері бойынша пікір алмасып, ынтымақтастықты жаңа бағыттарда кеңейтуге өзара мүдделілікті растады.
Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыру және өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмылдыруға дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 08:38Қазақстан мен Германия аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда 20.01.2026, 09:41 11881Қазақстан өңірлері мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті қарастырылды20.01.2026, 11:22 6946Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды20.01.2026, 12:15 5506Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті20.01.2026, 13:26 Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды5231Қазақстанның этникалық топтамасы "International Kids Fashion Week" аясында жоғары марапатқа ие болды
13.01.2026, 20:35 162006Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161841Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті14.01.2026, 09:13 161546Қанат Бозымбаев өңірлерде "Ауыл аманаты" жобасының жүзеге асырылу барысын тексерді14.01.2026, 08:57 161306Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді13.01.2026, 19:16 159436Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады
06.01.2026, 20:48 200101Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі07.01.2026, 09:29 179081Православиелік қазақстандықтар Рождество мерекесін тойлап жатыр07.01.2026, 10:33 178981Мемлекет басшысы Рождество мерекесімен құттықтады13.01.2026, 20:35 162006Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде14.01.2026, 10:47 161841Қарағанды облысында әлеуметтік сала мәселелеріне арналған жиын өтті

