23.06.2026, 12:47 1276

Эстония екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық танытуда

Эстония екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық танытуда
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов "Эстония-Қазақстан" парламентаралық достық тобының мүшелері, Эстония Парламентінің депутаттарымен кездесті. А.Көлгінов депутаттарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

ҚР СІМ

Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстанның жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енетіндігіне назар аударылды. Эстония тарапы еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды.

Тараптап парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.

ҚР СІМ

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің Бас директоры Пинсуда Джаянамамен кездесті.

Тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны