28.01.2026, 10:18 7226
Мажарстан астанасында Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Адам Штифтермен кездесіп, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарының жай-күйі мен келешегін, алдағы жоғары және биік деңгейдегі екіжақты сапарларды, сондай-ақ ынтымақтастық аясын кеңейту мүмкіндіктеріне шолу жасап, құқықтық база, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесу перспективаларына тоқталып өтті.
Бұдан басқа, сұхбат барысында мажар тарапына Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген Қазақстанның болашағына ықпал ететін маңызды бастамалар мен алдағы конституциялық реформалар туралы жеткізілді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының болашақ Парламенттің атауы, құрылымы мен өкілеттігі бойынша пікірі, қоғамдық-саяси және мемлекеттік билік институттарын реформалауды (Халық кеңесі, вице-президенттік және т.б.) көздейтіні айтылды.
А.Штифтер, өз кезегінде мажар тарапы Түркі мемлекеттері ұйымымен және Орталық Азия елдерімен, оның ішінде Қазақстанмен арадағы байланыстарға жоғары мән беретінін жеткізіп, Будапешт тек саяси байланыстарды ғана емес, сонымен қатар өзара тиімді сауда-экономикалық инвестициялық қатынастарды тереңдетуге мүдделі, деді. Мажарстанның Орталық Азиядағы стратегиялық серіктесі, әрі көшбасшы мемлекет саналатын "орта держава" Қазақстанмен барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру ресми Будапешттің приоритетті бағыты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, дипломаттар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытына, әрі 2025 жылдың маңызды жыл болғанына тоқталып, 2026 жылдың да екіжақты және көпжақты деңгейде ауқымды да маңызды іс-шаралармен жалғасатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.01.2026, 12:23 6306
Румынияда Қазақстанның адам құқықтары саласындағы реформалары жоғары бағаланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Құқықтық мәселелер жөніндегі парламенттік комитеттердің 3-ші форумы барысында Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли форумға қатысушыларды еліміздегі адам құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы ахуалы туралы хабардар етіп, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған мәселе Қазақстанның мемлекеттік органдарының назарында, заңнаманы жетілдіру, зардап шеккендерді қорғаудың институционалдық тетіктерін күшейту, сондай-ақ профилактикалық және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
Бұдан бөлек Қазақстан Елшісі елде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар, оның ішінде парламенттік жүйенің өзгеруі және мемлекеттің конституциялық-құқықтық архитектурасындағы өзгерістер туралы хабардар етті.
Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және Ұлттық Құрылтайда талқыланған конституциялық және парламенттік реформалар кешенін қамтитын саяси жаңғыртудың жаңа кезеңіне өткені аталып өтті.
Ұлттық Құрылтай азаматтарды мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және саяси тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін стратегиялық реформалар мен заңнамалық бастамаларды талқылауға тартатын қоғамдық диалогтың тиімді алаңы ретінде белгіленді.
Қазақстандық тараптың баяндамасы форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, құқықтық даму, парламенттік реформалар және адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық саласындағы тәжірибе алмасуға үлес қосты.
Жыл сайынғы 3-ші Форум Румыния, Молдова, Украина және Албания парламенттік заң комиссияларының делегацияларын, сондай-ақ шақырылған қонақтар ретінде Әзірбайжан, Қазақстан және Грузия өкілдерін жинады.
Форум жұмысы пленарлық отырыстар мен тақырыптық панельдік пікірталастар форматында өтіп, қатысушыларға ұлттық тәжірибе алмасуға және өзекті құқықтық сын-қатерлерге ортақ тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың құқықтық мемлекет қағидаттарына және парламентаралық сындарлы диалогты жалғастыруға беріктілігі расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2026, 11:21 6986
Қазақстан және ExxonMobil - энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев "ExxonMobil" компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар "ExxonMobil" компаниясының Қазақстандағы қызметін, соның ішінде негізгі энергетикалық жобаларға қатысуын талқылап, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара тиімді экономикалық байланыстарды ілгерілету бағыттарын қарастырды.
Е.Көшербаев "ExxonMobil"-дың Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі әріптестерінің бірі ретіндегі маңызды рөлін атап өтіп, компанияның стратегиялық жобаларды іске асыруға, энергетикалық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде П.Ларден Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, республиканың энергетика саласын орнықты дамыту мүддесінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
ExxonMobil компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері қызмет атқарып келеді және елдің мұнай-газ секторындағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Компания көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдауды қамтитын Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы сияқты стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыруға қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 17:15 7446
Қазақстан мен Израиль екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Астанаға келген Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар саяси диалогтың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды, туризм саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тәжірибе алмасуды талқылады. Технологиялар трансфері мәселелеріне және екі елдің салалық ведомстволары мен іскер топтары арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Сапар аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 12-ші раунды өтті. Оның барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыста бейбіт реттеуге жәрдемдесу және сенімді нығайтуға бағытталған бастамалар қаралды. Осы тұрғыда Қазақстанның Газадағы Бейбітшілік кеңесінің қызметіне қатысуы, сондай-ақ Ибраһим келісімдері аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды.
1992 жылғы сәуірде дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап біз өзара құрмет пен сенімге негізделген жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, саяси, экономикалық және мәдени салада елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Сіздің бүгінгі Астанаға сапарыңыз - серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеруге деген ортақ мүддеміздің айқын дәлелі", - деп атап өтті Е.Көшербаев израильдік әріптесімен кездесу барысында. Қазақстан СІМ басшысы қазіргі кезеңдегі екіжақты ынтымақтастыққа тән диалогтың жандануына тоқтала келе, бұл үдерісте екі мемлекеттің басшылары маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Құқықтық негіздің берік екеніне тоқталған Е.Көшербаев сауда, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту үшін жоғары әлеует бар екенін, сондай-ақ агротехнологиялар мен тамақ өнеркәсібі; денсаулық сақтау, фармацевтика және медициналық технологиялар; инфрақұрылым және логистика; энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздері сияқты салаларда жоғары қосылған құны бар бірлескен жобаларды іске асыруға Қазақстанның мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Қазақстанның БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі мен Дүниежүзілік банктің GovTech жетілу индексі бойынша цифрлық технологиялар саласында әлемдік көшбасшылардың қатарында екенін атап өтіп, израильдік компанияларды белсенді ынтымақтастыққа шақырды.
Өз кезегінде Израиль СІМ басшысы өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растап, екіжақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Саяси консультациялардың 12-ші раундының қорытындысы бойынша Дипломатиялық кадрларды даярлау және Қоғамдық дипломатия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар, сондай-ақ туристік алмасуларды дамыту мақсатында ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Израиль Мемлекеті Үкіметі арасындағы келісімге ниеттілігі туралы меморандумға қол қойылды.
Сапар аясында екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылып, B2B және B2G форматтарында кездесулер өтті. Жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және цифрлық технологиялар сияқты басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 10 сәуірде орнатылды. 1992 жылғы тамызда Қазақстанда Израиль Елшілігі ашылды. 1996 жылғы мамырда Израильде Қазақстанның Елшілігі ашылды.
2025 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 162,4 млн АҚШ долларын құрады (экспорт - 92,1 млн доллар, импорт - 70,3 млн доллар).
Бұл - Г.Саардың Астанаға жасаған алғашқы сапары, сондай-ақ соңғы 16 жылдағы Израиль Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алғашқы ресми сапары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 16:57 43786
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыруға, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, сондай-ақ басқа салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.
Президент Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес форумын өткізуді қолдап, оның қорытындысы екі елдің инвестициялық серіктестігін кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Сыртқы істер министрі Израильдің Қазақстанмен мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.
Гидеон Саар Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген шешімі ретінде бағалады. Бұл тұрақтылықты, бейбітшілікті және халықаралық диалогты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, аталған бастамаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 11:55 44001
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, - делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 09:48 47136
Астанада көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған салтанатты жиын өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Нәзір Төреқұлов атындағы елордалық №35 мектеп-лицейінде "Нәзір ғұмыр - тәлім ғұмыр" атты салтанатты жиын өтті. Іс-шара тұңғыш кәсіби қазақ дипломаты, Алаш қозғалысының өкілі және КСРО-ның Сауд Арабиясындағы тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұловтың мұрасына арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты жиын аясында қайраткердің өмірі мен дипломатиялық қызметіне арналған музейдің ашылуы және мектеп аумағында кеуде мүсінінің тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оның мұрасы талқыланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ерлан Жетібаев жиналған қауымға сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ермек Көшербаевтың атынан құттықтау хатын оқып берді.
Нәзір Төреқұлов - мемлекетшілдіктің биік деңгейін көрсетіп, халықаралық аренада қазақ дипломатиясының іргетасын қалаған айтулы қайраткер. Оның парасаты мен білімі, ел алдындағы жауапкершілігі мен адамдық арына адалдығы - бүгін жас ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің жарқын үлгісі", - делінген министрдің жолдауында.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар, дипломатиялық қызмет ардагерлері мен қайраткердің ұрпақтары қатысты. Қонақтар Түркістан музейі ұйымдастырған "Ұлт рухын көтерген тұлға: Нәзір Төреқұлов" атты көшпелі көрмені тамашалады.
Ұйымдастырушылар - Назира Төреқұлов атындағы Халықаралық қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, бұл іс-шара жас ұрпаққа ұлттық мүдделерді қорғаудың шынайы үлгісін көрсетуге және отандық дипломатия тарихын тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 21:46 47441
Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуеті таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен және халықаралық іскерлік Dünya Türk Ticaret Platformu платформасымен бірлесіп "Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту" тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шара тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, отандық өнімнің шикізаттық емес экспортын ілгерілетуге және туристік саланың орнықты дамуына, сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлік топтары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге бағытталды.
Кездесу барысында Қазақстанның экономикалық әлеуеті, оның ішінде даму басымдықтары және мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып, түрік бизнесі үшін қолжетімді мүмкіндіктер таныстырылды.
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың тұрақты дамуын, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасқанын, сондай-ақ өндірісті орналастыру, экспорт пен туризм салаларындағы әлеуеттің жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол іскер топтар арасындағы практикалық диалогтың өзара тиімді жобаларды іске асырудағы маңыздылығына тоқталды.
1500-ден астам бизнес өкілін біріктіретін Dünya Türk Ticaret Platformu-ның Бас төрағасы Ахмет Ортатепе түрік іскер қауымының Қазақстанмен ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып отырғанын және серіктестік байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 200-ден астам бизнес өкілі, оның ішінде өнеркәсіп, логистика, агроөнеркәсіп кешені, сауда, туризм және қызмет көрсету салаларының өкілдері қатысты.
Іс-шара соңында B2B-кездесулер ұйымдастырылып, өзара іс-қимылдың болашақ бағыттары, кооперация мүмкіндіктері және ынтымақтастықтың нақты форматтары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 20:38 43051
Қазақстан мен Түркия медиасаладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Ыстанбұл қаласында Түркияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары - Demirören Haber Ajansı және CNN Türk, İhlas Haber Ajansı, Kanal 7 және Ülke TV, Albayrak медиатоптарының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты дамыту және медиа саласындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі бағыттарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, саяси жүйені жаңғырту, билік институттарын реформалау, ұлттық мүдделерді қорғау, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қозғалды.
Тараптар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы шынайы әрі жан-жақты ақпарат таратуда түрік медиасының рөлін жоғары бағалап, екі ел арасындағы ақпараттық көпірдің одан әрі нығаюына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамалары мен сыртқы саяси басымдықтарын Түркия жұртшылығына кеңінен таныстыру тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестиция бағыттарындағы ынтымақтастық деңгейінің белсенді артып жатқанын атап өтіп, бұл үдерістегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін ерекше бағалады.
Кездесулер қорытындылары бойынша тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған ақпараттық және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
Аталған кездесу екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға және өңірлік әрі жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді объективті жария етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
28.01.2026, 10:18Мажарстан астанасында Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды 28.01.2026, 11:21 5286Қазақстан және ExxonMobil - энергетика саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайту28.01.2026, 12:23 4606Румынияда Қазақстанның адам құқықтары саласындағы реформалары жоғары бағаланды28.01.2026, 11:27 516Шарын ұлттық саябағы жабайы табиғаттың сирек кадрларымен бөлісті
21.01.2026, 10:52 213651Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 213381Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2125562025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді21.01.2026, 13:03 199286354 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды21.01.2026, 10:12 136766Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады
21.01.2026, 10:52 213651Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 213381Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2125562025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді20.01.2026, 22:18 212141Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті20.01.2026, 18:14 208286Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады

