23.06.2026, 19:33 456
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөздер жүргізді
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО көшбасшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өзара сенім мен құрметке негізделген біздің қарым-қатынасымыз шынайы стратегиялық сипатқа ие болды. Мен Брюссельге сан қырлы ынтымақтастығымызды ортақ мүддеміз бар барлық салада тереңдету мақсатында келдім. Жаңа ғана қол қойылған маңызды келісім мен меморандумдар ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бейіл екеніміздің айқын дәлелі. Бүгінгі келіссөз қорытындылары Қазақстан-Еуропа қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенемін", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасында аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог жолға қойылғанын айтты. Сондай-ақ еліміздің аймақта бірінші болып ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойып, ратификациялағанын еске салды.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 20:37 1096
Қазақстан цифрлық және көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан өңірлік платформаларды дамытуға және телекоммуникация саласындағы жаңа уағдаластықтарды іске асыруға қатыса отырып, көлік, энергетика және цифрлық салалардағы халықаралық әріптестермен өзара ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызетінен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Қара теңіз өңірі елдері мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Өзара байланыстылық күн тәртібі платформасының (Connectivity Agenda Platform) іске қосылуына арналған жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты.
Іс-шара барысында Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы өзара байланыстылықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ көлік, энергетика және цифрландыру салаларындағы практикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығы талқыланды. Қазақстан Платформаның қызметіне белсенді қатысуға және бірлескен инфрақұрылымдық әрі инвестициялық жобаларды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 19:42 2676
Қазақстан шетелдік әріптестермен құқықтық ынтымақтастықты дамытуда
Достарға айту
Қазақстан заңнаманы дамытуға, құқықтық тетіктерді нығайтуға және салалық мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ерекше көңіл бөле отырып, халықаралық құқықтық диалогты кеңейтуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грек Республикасы Әділет министрлігінің Тұрақты хатшысы Василики Гиавимен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Елшісі грек тарапын Қазақстан Республикасында елдің қоғамдық-саяси жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды саяси және конституциялық реформалардың жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Жаңа Конституцияның ережелерін іске асыруға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, қоғамдық-саяси институттарды дамытуға, сондай-ақ алдағы Құрылтай сайлауына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Грек тарапы Қазақстанда жаңа Конституцияны іске асыру аясында заң үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайту, сот жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ирактағы Елшісі Талғат Шалданбай Ирактың Әділет министрі Халид Шуванимен кездесу өткізді. Тараптар құқықтық ынтымақтастықты дамыту, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ сотталған адамдарды беру және консулдық-құқықтық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Ирак салалық мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 17:32 5421
Астанада Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін БҰҰ өңірлік кеңсесі ашылды
Достарға айту
Вена халықаралық орталығында БҰҰ Ғарыш кеңістігі басқармасы (БҰҰ ҒКБ) мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ арасында Астана қаласында Төтенше жағдайларды басқару және әрекет ету мақсатында ғарыштық ақпаратты пайдалану жөніндегі БҰҰ платформасының (UN-SPIDER) Өңірлік қолдау кеңсесін құру туралы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Құжатқа БҰҰ ҒКБ директоры Арти Холла-Майни және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Шоқпаров қол қойды.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен БҰҰ арасындағы апаттар тәуекелдерін басқару, төтенше жағдайларды мониторингтеу және Орталық Азия мемлекеттерінің табиғи әрі техногендік қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыру үшін ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.
Құжатқа сәйкес, UN-SPIDER Өңірлік қолдау кеңсесі "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ базасында жұмыс істейтін болады және Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне қолжетімділікті кеңейтуге, мамандардың әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою үшін ғарыштық шешімдерді енгізуге жәрдемдеседі.
Қазақстанда UN-SPIDER Өңірлік қолдау кеңсесін құру 2026 жылғы 16 маусымдағы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған ұлттық ғарыш саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларға сәйкес келеді. UN-SPIDER бағдарламасы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес құрылған және барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың апаттар қаупін төмендету және төтенше жағдайларға ден қою қызметін қолдау үшін ғарыштық ақпарат пен технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 17:06 6136
Қазақстан мен Бельгия Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселесін талқылады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Бельгияның Сыртқы істер министрі Максим Превомен келіссөздер өткізді. Тараптар Қазақстан-Бельгия қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалап, саяси диалогты жан-жақты дамыту, сауда-экономикалық және гуманитарлық қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Тараптар көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және Транскаспий халықаралық көлік бағытының транзиттік әлеуетін нығайту мәселелеріне бөлек назар аударды. Министр Е.Көшербаев Қазақстанның бірлескен жобаларды іске асыру және іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті.
Келіссөздер барысында білім беру және ғылым салаларындағы ынтымақтастықтың, екі елдің жетекші университтері мен зерттеу орталықтары арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуеті де атап өтілді. Бельгия тарапынан KU Leuven, Ghent University және IMEC (Interuniversity Microelectronics Centre) университетаралық орталығы әріптестікті дамытуға қызығушылық танытуда.
Сонымен қатар, тараптар көпжақты алаңдардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Бельгия Қазақстанның мемлекетаралық деңгейде де, Еуропалық одақпен өзара іс-қимыл аясында да маңызды серіктесі болып табылады. Брюссель еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі жарты миллиард АҚШ долларынан асты. Бұл ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін көрсетеді", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және басым салалардағы бірлескен бастамаларды іске асыруға деген өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 16:45 6646
Бельгия Королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Достарға айту
Бельгия Королі Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихындағы алғашқы мемлекеттік сапар болып табылады, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу барысында.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, Бельгияны Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Оның айтуынша, экономикалық ынтымақтастықтың қарқыны өзара байланысты одан әрі дамытуға зор мүмкіндік бар екенін көрсетіп отыр.
Бельгия соңғы жиырма жыл ішінде Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15 миллиард АҚШ долларына жетіп, елімізге инвестиция құятын жетекші он мемлекеттің қатарына кіреді.
Өзара сауда көлемі де тұрақты өсіп, өткен жылы 580 миллион АҚШ долларынан асып жығылған.
Қазақстанда бельгиялық капиталдың қатысуымен 110-нан астам компания табысты жұмыс істеп келеді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымыздың айқын көрінісі", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өз кезегінде Премьер-министр Барт де Вевер Бельгияның екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге және стратегиялық әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 16:22 6846
Қазақстан мен Моңғолия іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүдделі
Сурет: СІМ
Достарға айту
Қазақстан мен Моңғолия сауда-инвестициялық байланыстарды нығайтуда, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
QazExportPromotion" АҚ мен моңғолиялық "MAКС Group" компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Моңғолияда Серіктестік кеңсесін құруды көздейді. Бұл кеңсе қазақстандық экспортты ілгерілетуге, инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге арналған тұрақты алаңға айналады.
Кеңсе қазақстандық тауарларды ілгерілетуге, сенімді серіктестерді іздеуге, бизнес-бастамаларды сүйемелдеуге, салалық көрмелер мен таныстырылымдарды ұйымдастыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.
Ынтымақтастық аясында Қазақстан мен Моңғолия нарықтарына шығуға мүдделі компанияларға практикалық қолдау көрсетуге, өзекті іскерлік ақпарат алмасуға, сауданың перспективалы бағыттарын айқындауға және бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Меморандумға қол қою қазақстан-моңғол экономикалық әріптестігін дамытудағы маңызды қадам болды және тараптардың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 12:47 9511
Эстония екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық танытуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов "Эстония-Қазақстан" парламентаралық достық тобының мүшелері, Эстония Парламентінің депутаттарымен кездесті. А.Көлгінов депутаттарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстанның жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енетіндігіне назар аударылды. Эстония тарапы еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды.
Тараптап парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің Бас директоры Пинсуда Джаянамамен кездесті.
Тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 20:38 24026
Қазақстанға ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асқан
Достарға айту
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстылықты нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағытының перспективалары мен стратегиялық әлеуеті" атты бизнес-конференция ұйымдастырылып, Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, халықаралық қаржы институттарының, көлік-логистика компанияларының, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақтың іскер топтарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар үшін стратегиялық маңызына арналған бірінші сессиясында А. Исетов Қазақстан мен Еуропалық Одақты ондаған жылдарға созылған сенімді диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.
Қазақстандық дипломат бүгінде ТХКБ дәстүрлі транзиттік дәліз шеңберінен шығып, Орталық Азия мен Еуропаның мүдделеріне қызмет ететін ауқымды геоэкономикалық жобаға айналуда екеніне тоқталды. Жаһандық жеткізу тізбектерінің трансформациясы және сенімді әрі әртараптандырылған бағыттарға сұраныстың артуы жағдайында Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы ашық, орнықты және өзара тиімді байланыстылықты дамыту бағытын дәйекті түрде қолдап келеді.
ТХКБ-ны Еуропалық Одақтың "Global Gateway" бастамасымен ұштастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық шешімдерді енгізу және логистикалық үдерістерді жетілдіру екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатыны аталып өтті.
Аталмыш іс-шара қорытындысы бойынша көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға және аталған бағыттағы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қою рәсімі өтті.
Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы қарсаңында екіжақты қатынастар тұрақты оң серпін көрсетуде. 2025 жылы өзара сауда көлемі 45,1 млрд АҚШ долларына жетсе, ЕО-ға мүше мемлекеттерден тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 45566Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:47 41841Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды23.06.2026, 12:04 40921ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды23.06.2026, 12:15 40096Жәннат Дүбірова Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
18.06.2026, 10:34 161786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады17.06.2026, 17:32 152436Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты19.06.2026, 19:07 148761Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді19.06.2026, 18:40 148606Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 19:17 148016Түркістан облысында мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды
06.06.2026, 12:47 177191Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171946СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166096Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162176Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды18.06.2026, 10:34 161786Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады

