12.12.2025, 16:31 36196

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді
Сурет: Akorda
Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты.

Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды.

Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны