31.10.2025, 18:20 102191
Мемлекет басшысы Queen’s University Belfast оқу орнының президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз айтарлықтай қызығушылық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қызметіне ден қою көзделгенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында түрлі саланың, соның ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.12.2025, 23:11 16511
Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзара іс-қимылды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуге ұйымның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла және Алматы қаласында медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық қашықтықта орналасқан кеңсесінің басшысы Мелита Якаб қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттары бойынша қол жеткізген нәтижелерін талқылады. Атап айтқанда, елімізде инфекциялық емес аурулардың 25%-ға төмендеуі, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының 75,4 жасқа дейін артуы, сондай-ақ ана мен бала өлім-жітімінің азаюы бойынша оң серпін байқалып отырғаны аталып өтті.
Сонымен қатар алдағы сәуір айында өтетін Өңірлік экологиялық саммит аясында аталған ұйыммен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды.
Е.Ашықбаев денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық қызметкерлердің халықаралық ұйымдардағы өкілдігін арттыру және олардың ДДСҰ жүйесінде кәсіби өсуін ілгерілетудің маңыздылығына тоқталды.
Бұл ретте, ұйым өкілдері Қазақстанда медицина қызметкерлеріне арналған кәсіби даярлық және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады.
Сонымен бірге ұйым тарапы медициналық-санитарлық алғашқы көмек бағыты бойынша көптеген елдердің Қазақстанның тәжірибесі мен жетістіктерін оң үлгі ретінде атап өтетінін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық қызметтердің сапасын арттыру, олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындықтарын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 22:07 17061
Қазақстан мен Черногория парламентаралық байланысты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Черногориядағы Елшісі Дәулет Батрашев Черногория Скупщинасының (Парламентінің) Президенті Андрия Мандичпен келіссөздер өткізді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Черногория арасындағы парламентаралық байланыстардың қазіргі жағдайы қаралып, парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі атап өтілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Черногория саясаткері Қазақстанмен достық жөніндегі парламенттік топ құруға дайын екенін білдіріп, өз әріптесі - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановты қазақстандық тарап үшін ыңғайлы кез келген уақытта Черногорияға ресми сапармен келуге шақырды. Сапар мерзімдері дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.
Өз кезегінде қазақстандық дипломат сұхбаттасушысына Қазақстандағы ішкі саяси ахуал туралы, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси реформалардың жүзеге асырылуы және бір палаталы Парламентке көшу жоспары жөнінде мәлімет берді.
Сонымен қатар, Д. Батрашев жұмыс сапары барысында Черногориямен ықпалдастықты одан әрі дамыту мақсатында бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтқанда, Черногория СІМ-нің Мемлекеттік хатшысы Периш Кастратовичпен және Черногория Президенті Кеңсесінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ирена Прелевичпен өткен келіссөздер барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылап, саяси диалогты нығайтуға, атап айтқанда, екіжақты қатынастар тарихындағы Черногория Президентінің Қазақстанға алғашқы сапарын ұйымдастыру мәселесіне, саяси консультацияларды қайта бастау мүмкіндігіне, сондай-ақ Астанада Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу мәселесіне ерекше мән берді.
Черногория тарапы өз мемлекет басшысының Орталық Азия елдеріне жалпы және Қазақстанға нақты сапарын ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты тараптар келесі жылы жоспарланған сапардың нақты мерзімдері мен егжей-тегжейін талқылап, қол қою үшін мүмкін болатын құжаттардың тізбесін қарастырды.
Сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізіліп, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі шеңберіндегі өзара іс-қимыл және халықаралық ұйымдардың сайланбалы органдарында екі елдің үміткерлерін өзара қолдау мәселелері қаралды.
Туристік ағындарды арттыру, әуе қатынасын дамыту және визалық рәсімдерді оңтайландыруды қоса алғанда, туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары профильдік ведомствоның Мемлекеттік хатшысы Петар Драшковичпен өткен кездесуде қаралды. Тараптар туризм саласында ынтымақтастық туралы екіжақты құжатқа қол қою мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Черногория Әділет министрлігінің қылмыстық және азаматтық құқық жөніндегі Бас директоры Елена Грдничпен құқықтық көмек көрсету, қылмыстық іс жүргізу аясындағы ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ профильдік ведомстволар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.
Черногория Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Нина Дракичпен өткен кездесу барысында тараптар іскерлік ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын, сондай-ақ Черногория Президентінің алдағы сапары аясында черногориялық іскерлік қауымдастық өкілдерінің Қазақстанға келуін ұйымдастыру мүмкіндігін, қазақстандық және черногориялық кәсіпкерлерге арналған бизнес-форум өткізу және қазақстандықтар үшін туристік көрме ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Ынтымақтастықтың басым салалары ретінде энергетика, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, туризм және ақпараттық технологиялар аталды.
Елші черногориялық тарапқа кейінгі мүмкін экспорт үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлардың кең номенклатурасын ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 20:09 16811
Минскіде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Беларусь астанасында "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық саладағы өзара іс-қимылы туралы" тақырыпта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің сыртқы саяси ведомстволарының жыл сайынғы консультациялары өтті. Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің кеңесшісі Әлішер Сүлейменов және СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры Ерлан Жетібаев қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы (бақылаушы ретінде), сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Достастық қызметінің ақпараттық сүйемелдеу тиімділігін арттыру, ТМД кеңістігінде өткізілетін маңызды халықаралық шараларға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Ортақ ақпараттық қатерлерге, соның ішінде ТМД медиакеңістігінде дезинформация мен фейктердің таралуына бірлесе қарсы тұрудың маңыздылығы аталып өтті.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық өзара іс-қимыл жөніндегі келесі сімаралық консультациялары 2026 жылдың IV тоқсанында өткізіледі деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 20:02 17286
Түркияның Конья провинциясы елімізде бірлескен өндірістер ашуға қызығушылық танытуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Конья провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында Елші Еркебұлан Сапиев Қазақстанның инвестициялық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Елші Конья Өнеркәсіп палатасының төрағасы Мустафа Бююкегенмен кездесіп, тараптар екіжақты экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайын, өзара инвестицияларды арттыру әлеуетін, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Конья арасындағы өнеркәсіптік кооперация перспективаларын талқылады. Әсіресе ауыл-шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, тамақ және химиялық өндіріс, машина жасау және тоқыма салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.
Сонымен қатар, делегация Коньяның бірқатар ірі кәсіпорындарын аралап, компания басшылығымен өндірісті Қазақстанда орналастыру, индустриялық аймақтардың артықшылықтарын пайдалану, сондай-ақ инвесторларды қолдау тетіктері - салықтық жеңілдіктер, экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту бағдарламалары және "Астана" халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері бойынша келіссөздер жүргізді.
Тараптар елдің қолайлы инвестициялық ахуалы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынып, бірлескен өндірістер ашу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 18:48 22956
Қазақстан мен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы климаттық тұрақтылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Достарға айту
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының ВТО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Қайрат Торебаев ДМҰ-ның Бас хатшысы Селесте Сауломен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ДМҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады, оның ішінде өңірлік бірлескен бастамалар, ұлттық гидрометеорологиялық әлеуетті нығайту, жаһандық климаттық бастамаларға қатысу және Early Warnings for All (EW4All) бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік Экологиялық Саммитке дайындыққа ерекше назар аударылды.
Қ.Төребаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атынан ДМҰ Бас хатшысын Саммитке қатысуға ресми түрде шақырды. ДМҰ-ның қатысуы және С.Саулоның жеке қатысуы өңірдің климаттық тұрақтылық пен төтенше жағдайлар туралы ерте хабардар ету жүйелерін нығайту жөніндегі күш-жігерін алға жылжытуда шешуші рөл атқаратыны аталып өтті.
Тараптар сондай-ақ ДМҰ-ның Саммиттің Орталық Азияда ерте ескерту жүйелерін дамытуға арналған тақырыптық сессияларына қатысу мүмкіндігін, ұлттық метеорологиялық қызметтер және БҰҰ агенттіктерімен өзара іс-қимылды талқылады.
С.Сауло Қазақстанның климаттық қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалап, күн тәртібіндегі барлық бағыттар бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 16:46 23141
Женевадағы Ұлттар сарайында "Қазақстан" залы ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Тәуелсіздігінің 34 жылдығы қарсаңында Женевадағы БҰҰ штаб-пәтерінде "Қазақстан" залының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая және Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ) Бас директорының орынбасары Угочи Дэниелс құттықтау сөз сөйледі. Құрметті қонақ ретінде танымал қазақстандық әнші, Қазақстанның Ізгі ниет елшісі және КХҰ-ның Жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген қатысты.
Іс-шараға дипломатиялық миссиялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері және қазақстандық диаспора мүшелері келді.
"Қазақстан" залы - бұл жай ғана кездесу орны емес, бұл Қазақстанның көпжақтылыққа, диалог пен бейбітшілікке деген адалдығының символы. Біз оның есігін бүгін Димашпен - әлемдегі миллиондаған адамды біріктіретін дауыспен бірге ашып отырғанымызға қуаныштымыз", - деді өз сөзінде елші Қ. Төребаев.
Рәсім барысында КХҰ Бас директордың орынбасары Угочи Дэниелс Д.Құдайбергеннің КХҰ-ның Жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады. Димаш сондай-ақ 2024 жылы іске қосылған аттас ұлттық жоба аясындағы алғашқы Қазақстан ізгі ниет елшілерінің бірі болып табылады.
Қонақтарға арнаған сөзінде Д.Құдайберген музыканың аударманы қажет етпейтін әмбебап тіл екенін атап өтті. Ол қазақ әндерін үйреніп, ұлттық аспаптарды игеріп, Қазақстанға келіп, оның мәдениетін шынайы танып жүрген Dears атты өз тыңдармандары туралы ерекше жылы ықыласпен айтты.Әртістің айтуынша, бұл оған бейбітшілік, мейірім және бірлік туралы үндеуін жеткізуге шабыт береді.
Қонақтарға әншінің "Киелі мекен" бейнеролигі және оның Ізгі ниет елшісі ретіндегі қызметі туралы КХҰ бейнематериалы көрсетілді. Іс-шараның соңында қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
Қазақстан" залы - Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына жасаған ерекше сыйы. 2013 жылы залды Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев ашқан. Декордың негізгі элементтері - ұлттық ою-өрнек пен тарихты бейнелеген қолмен тоқылған гобелендер. Ұлттар Сарайын қайта жөндеуден өткізгеннен кейін, зал қайтадан конференциялар, мәдени іс-шаралар және кинолар көрсету үшін Женева халықаралық қауымдастығының игілігіне берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 12:38 107121
Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек "Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd." компаниясының бас директоры Ли Цзяньцзянмен кездесті. Кездесу барысында қытай тарапы Қазақстанның электр энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестор ретінде қатысуға мүдделілік танытты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қытайлық компания "Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасына қатысуға ниет білдірді. Бұл бағдарлама аясында жөндеуді, жаңартуды және қайта құруды қажет ететін нысандардың кең тізімі айқындалған. Ли Цзяньцзян атап өткендей, "Zhongyoung Power" компаниясы мемлекеттік-жекешелік серіктестік (МЖС) және тарифтік модель арқылы инвестицияны қайтару сияқты халықаралық тәжірибеде қолданылатын қаржыландыру тетіктерін қарастыруға дайын. Сонымен қатар ол жобаларды іске асыру кезінде Қазақстанда өндірілген жабдықтар мен трансформаторларды пайдалануға ниетті екенін айтты.
Тараптар компанияны қосалқы станцияларды жаңғырту, ескі жабдықтарды ауыстыру, жаңа трансформаторлық қуаттар салу және орта және жоғары кернеулі желілерге заманауи шешімдерді енгізу бағыттарына тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстан үшін энергетика секторын жаңғырту стратегиялық басымдық болып саналатынын атап өтті және бұл үдеріс халықаралық тәжірибесі бар сенімді технологиялық серіктестерді тартуды талап ететінін айтты. Ол қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖС және тарифтік тетіктерді қолдану мүмкін екенін атап өтті. Сонымен бірге министрдің орынбасары компанияға жабдықтардың бір бөлігін Қазақстанда өндіруді локализациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді жобалар кезінде жергілікті кәсіпорындармен кооперацияның әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде М.Сұлтанбек мемлекеттік қолдау құралдары және энергия желілерін жаңғыртудың ұлттық және өңірлік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Ол Қазақстанның электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, энергия тиімділігін жоғарылатуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Тараптар өндірісті локализациялау мен жобалардың техникалық параметрлерін бағалауды қоса алғанда, ықтимал ынтымақтастық нысандарын егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ қытай делегациясы үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен жеке кездесу ұйымдастырылып, онда салалық талаптар, инфрақұрылымдық қажеттіліктер және энергетика секторындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Zhongyoung Power" - Қытайдағы үш ірі электр жабдықтарын өндіруші компанияның бірі, ол қуатты трансформаторлар мен энергия жүйелеріне арналған кешенді шешімдерді әзірлейді. Компания Шығыс Еуропа елдерінде энергетикалық нысандарды жаңарту мен қайта құруда үлкен тәжірибе жинақтаған және қосалқы станцияларды, трансформаторлық қуаттарды және электр тарату жүйелерін жаңғырту жобаларын іске асырады. "Zhongyoung Power" жобаларды жабдық өндіруден бастап EPC-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді пайдалануға дейін толық цикл бойынша жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 09:35 107376
Астанада адам құқықтары мен пенитенциарлық жүйені дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Адам құқықтарының халықаралық күніне және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 77 жыл толуына орай "Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің бастамасымен, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігімен, Еуропа кеңесімен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында бас бостандығынан айыру орындарында адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және құқық қорғау қоғамдастығының өзара іс-қимылын күшейтуге қатысты стратегиялық және өзекті мәселелер талқыланды.
Өз сөзінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін гуманизациялау бойынша дәйекті жұмысты жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Ол адам құқықтарын қорғау түзеу мекемелерінің қабырғасынан тыс жерлерде де толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс екенін, ал гуманистік және реабилитацияға бағытталған пенитенциарлық жүйе қылмыстың қайталануын төмендетудің негізгі факторы екенін атап өтті. Қазақстан бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерін жүйелі түрде нығайтып, қоғамдық бақылауды кеңейтуде, сотталғандарға қатысты халықаралық стандарттарды енгізуде, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесін кезең-кезеңімен реформалау түрме контингенті деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, елдің жабық мекемелерде адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін, Қазақстанның БҰҰ-ның азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын түрдегі қарым-қатынас пен жазалауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамаға қосылуын және ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) құрылуын құптады. Сонымен қатар спикер оның институционалдық әлеуетін одан әрі нығайтудың, мониторингтік сапарлардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің және ұсыныстарды іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан заң үстемдігі мен адам құқықтары саласындағы жобалардың маңыздылығын атап өтіп, ұлттық пенитенциарлық жүйені жаңғыртуда және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқықтарына кепілдіктерді нығайтуда халықаралық құқық қорғау тетіктері мен стандарттарының негізгі рөлін ерекше атап өтті.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия жөніндегі өңірлік өкілі Матильда Богнер азаптаудың алдын алуда ҰАТ тетігінің маңызына және пенитенциарлық жүйені реформалауды жалғастыру қажеттігіне назар аударды.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, Үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ ҰАТ-тың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Олардың жүйелі мониторингі, ұсынымдары мен сараптамалық жұмысы - адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық архитектураның маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолу (ӘМШ) рәсімі шеңберінде Қазақстан Республикасының Төртінші ұлттық баяндамасын, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары комитетінің 144-сессиясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы жөніндегі Үшінші мерзімді баяндамасын табысты қорғағанын еске салды. БҰҰ сарапшылары өлім жазасының күшін жоюды, Омбудсмен институты мен ҰАТ-ты нығайтуды, сондай-ақ гендерлік теңдікті, саяси инклюзияны ілгерілету және сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі қадамдарды жоғары бағалады.
Іс-шара мемлекеттік органдардың, сот және құқық қорғау жүйесінің, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және пенитенциарлық жүйені реформалау саласында жұмыс атқаратын халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 16:55Қазақстан мен Сауд Арабиясы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 09.12.2025, 14:10 122866Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды122676Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 15:52 120106Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда10.12.2025, 14:49 117976Қазақстан Душанбеде өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
19.11.2025, 16:26 146956Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146601Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145801Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады19.11.2025, 12:42 130981Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды19.11.2025, 11:39 130766Премьер-министр өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

