19.11.2025, 12:42 130901

Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды

Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды
Сурет: Depositphotos
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұмау мен басқа да вирустық ауралардың қазіргі жағдайы қаралды. Еліміздегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ-дің 1 млн 461 мың жағдайы тіркелген, бұл өткен маусымның ұқсас кезеңі көрсеткіштерінен 20%-ға төмен. Науқастардың 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.

Соңғы аптада республикада ЖРВИ-дің 183 мың жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес аптасы көрсеткішінен 16%-ға жоғары.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері тұмаудың зертханалық тұрғыда расталған 590 жағдайы тіркелген. Сондай-ақ осы уақыт аралығында оқушылар арасында ЖРВИ-дің 6 мыңнан астам жағдайы тіркелген. ЖРВИ-мен ауыратын жалпы науқастар санының ішінде оқушылардың шамамен 4%-ы ауырған.

Жалпы, жыл сайын ЖРВИ-нің 3-4 млн жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі.

Тұмауға қарсы 2,1 млн адам тұмауға қарсы екпе алған, вакцина ағымдағы эпидемиологиялық маусымда өзекті штаммдардан, оның ішінде А тұмауының (H3N2) штаммдарынан қорғайды.

Премьер-министр медициналық көмектің сапалы көрсетілуі маңызды екенін атап өтті. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

Көріп отырғанымыздай, вирустық аурулардың маусымы басталды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, көмекке жүгінген азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бақылауға алуды тапсырамын. Қажет болған жағдайда стационарларда қосымша орындар ашып, жылжымалы мобилді бригадаларды ұйымдастыру керек", - деп атап өтті Премьер-министр.


Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Дәріханалардың барлығында вирусқа қарсы препараттар қажетті мөлшерде болуы тиіс.

Сондай-ақ вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Бақылау денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жүктелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны