20.01.2026, 12:15 69286
Нью-Делиде қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
11-ші Халықаралық ән және би фестивалі (11th Music and Dance Festival) аясында қазақстандық өнерпаздар өнер көрсетті, іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Фестиваль аясында Қазақстан атынан шамамен 68 өнерпаз қатысты. Атап айтқанда, маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі Астана қ. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, "Гәкку" балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры өнер көрсетті.
Іс-шара бағдарламасының ерекше бөлігі ретінде қазақстандық ұжымдардың үндістандық көрнекті музыканттар - Доктор Лакшминараяна Субраманиам және Кавита Кришнамуртимен бірлескен концерттік қойылымдары ұсынылып, екі елдің музыкалық дәстүрлері арасындағы шығармашылық үндестікті айқын көрсетті.
Концертке Үндістанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтары, Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ Үндістанның жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысуы іс-шараға бірлік пен ұлттық мақтаныштың ерекше атмосферасын қалыптастырды.
Аталған мәдени жоба қазақ-үнді мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық мәдени беделін арттыруға ықпал етті.
Фестиваль аясындағы өнер көрсетулермен қатар, қазақстандық өнерпаздардың гастрольдік сапары жалғасып, алдағы күндері Үндістанның Калькутта, Ченнай және Бангалор қалаларында концерттік бағдарламалар ұсыну жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.02.2026, 15:13 1921
Қазақстан Мексиканың академиялық қауымдастығына конституциялық реформаларды таныстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде Халықаралық қатынастар факультеттерінің Мексика қауымдастығының (Asociación Mexicana de Estudios Internacionales - AMEI) өкілдері үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қазақстандағы конституциялық және саяси реформалардың негізгі тұстары туралы түсініктеме берілді. AMEI Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі ең ірі қауымдастықтардың бірі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков Қазақстан жаңа Конституциясының жобаcын таныстырып, 2026 жылдың 15 наурызда Қазақстанның Негізгі заңын қабылдау туралы жалпыұлттық референдум өтетіндігін хабарлады.
Аталған ақпарат AMEI құрамындағы профессорлар мен шақырылған жергілікті БАҚ өкілдерінде үлкен қызығушылық туғызды. Қазақстанның ғаламдық әлемдік тәртіптегі өзгерістер аясында жан-жақты және прогрессивті жаңғырту жолында тұрғаны аталып өтті.
Жақын арада қауымдастықтың арнайы подкаст және сұхбат циклі шеңберінде Қазақстандағы үдерістерді жариялап отыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен бірге, дипломатиялық қауымдастық пен AMEI арасындағы ынтымақтастықтың жаңа беті ашылды. Атап айтқанда, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылып, дипломатиялық корпус болашақ мексикалық халықаралық қатынастар мамандарымен байланыстарын жандандырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 14:02 1396
Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Шығыс провинциясына жұмыс сапары барысында "Zamil Investments", "Rawabi Holding", "AHQ Group", "Norstar Group" және "Gulf Enterprises" компанияларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өткен кездесулер барысында энергетика, мұнай-химия, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс және девелопмент салаларындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ елде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру аясында ашылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан нарығының әлеуетін жоғары бағалап, өзара тиімді әріптестікті дамытуға қызығушылық білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тікелей диалогты жалғастыруға, іскерлік миссиялар ұйымдастыруға және нақты жобаларды пысықтауға уағдаласты.
Сонымен қатар, сапар аясында Қазақстан Елшісі Корольдік аумағында мұнай, мұнай-химия және құрылыс салаларына сервистік қызмет көрсететін және жабдықтар жеткізетін "Forte Oil Field Services" қазақстандық мұнай-газ сервистік компаниясы филиалының ашылу рәсіміне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 13:57 1651
Пусанда Қазақстан "Қалалық дипломатия желісі" форумына қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Асқар Пусан қаласының әкімдігі мен Пусан жаһандық қала қоры (BGCF) ұйымдастырған "Пусан қалалық дипломатия желісі" атты ресми форумға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға өңірдегі жетекші университеттердің басшылары, қалалық кеңес өкілдері және шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.
Форум барысында корей тарапы муниципалды билік, академиялық орта және бизнес арасындағы тығыз интеграция арқылы Пусанды жаһандық хабқа айналдыруға бағытталған "RISE" (өңірлік инновациялық жүйе және білім беру) жаңа стратегиялық бағдарламасын таныстырды. Шетелдік мамандар мен студенттерді тартуға және оларды қолдауға бағытталған "таланттар дипломатиясы" бастамасына ерекше назар аударылды.
Бас консул форум қатысушыларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, соның ішінде Қазақстан халқына Жолдауы мен Ұлттық құрылтай шешімдері аясындағы өзгерістер туралы хабардар етті. Жаһандық трансформация жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі мен ғылымды жаңғыртуға басымдық беріп отырғаны аталып өтті.
Өңіраралық ынтымақтастықты талқылау аясында тараптар Алматы мен Пусан бауырлас қалалары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Корей тарапы Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі рөлін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірді. Атап айтқанда, 2026 жылғы тамыз айында бизнес-консультациялар өткізу және университетаралық байланыстарды кеңейту мақсатында "Еуразиялық қалалық дипломатиялық корпус" делегациясының Алматы қаласына сапары жоспарланған.
Форум аясындағы кездесулердің қорытындысы бойынша "Пусан жаһандық тағылымдамасы" (Busan Youth in Action) бағдарламасын іске қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл бағдарлама аясында Пусан жастары гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатында дипломатиялық миссиялардың қызметіне іс жүзінде қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Пусан қаласының әкімдігі жанындағы Пусан жаһандық қала қоры (BGCF) қоғамдық дипломатияның мамандандырылған институты болып табылады. Ол Корея Республикасының екінші ірі мегаполисіндегі халықаралық ынтымақтастықты, алмасу бағдарламаларын және шетелдік резиденттерді қолдау мәселелерін үйлестіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 12:55 1881
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігінің өкілі Қайрат Малаев Санкт-Галлен қаласында Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы Іс басындағы төрағалығы ұйымдастырған Антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы күрес жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шарада қатысушы мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдері кемсітушілікке, экстремизмге және діни жеккөрушілік көріністеріне қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу үшін бас қосты.
Конференция барысында Швейцарияның Сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Игнацио Кассис бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ортақ болашағын құру "күнделікті міндет" екенін атап өтіп, жеккөрушілік пен төзімсіздікке қарсы күресте "естеліктен іс-әрекетке" көшуге шақырды.
Қазақстан делегациясының өкілі өз сөзінде елдің төзімділік, өзара құрмет және конфессияаралық келісім қағидаттарына бейімділігін растап, 2025 жылғы қыркүйек айында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің конфессияаралық диалогты нығайтудың бірегей халықаралық платформасы ретіндегі ерекше маңыздылығын аталып өтті.
Қазақстандағы конституциялық реформалардың аясында ұлттық диалогтың жаңа институты - Қазақстан Халық Кеңесі құрылып жатқаны аталып өтіп, заң шығару бастамасы құқығы және этникалық топтардың кеңейтілген өкілдігімен ең жоғары консультативтік органға айналғанына назар аударылды. Бұл тетік қоғамдық келісім мен инклюзивтілікті одан әрі нығайтуға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 11:25 6916
Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігі Исламабад стратегиялық зерттеулер институтымен (ISSI) бірлесіп "Қазақстан мен Пәкістан серіктестігі: Президент сапарының қорытындылары және стратегиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары" тақырыбында конференция өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпусының, академиялық орта, сарапшылық және бизнес қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ жетекші бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Құрметті қонақтар ретінде Пәкістан Премьер-министрінің мемлекеттік министрі - арнайы көмекшісі Фахд Харун, КОМСТЕК бас үйлестірушісі Икбал Чаудри, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Пәкістан Премьер-министрінің туризм жөніндегі арнайы көмекшісі Сардар Ясир Ильяс Хан, Пәкістан Ұлттық ассамблеясының мүшесі Хуррам Дастгир Хан және Пәкістан СІМ Орталық Азия департаментінің бас директоры Хасан Али Зайгам сөз сөйледі.
Іс-шара аясында Халықаралық Түркі академиясы дайындаған "Пәкістан және Түркі әлемі" кітабының тұсаукесері өтті.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Қазақстан Президентінің ағымдағы жылдың 3-4 ақпанында Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының негізгі қорытындыларымен бөлісіп, Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға, сондай-ақ коммерциялық келісімшарттарды қоса алғанда, 70-тен астам келісімдер мен меморандумдарға қол қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар Елші Қайд-и-Азам университетінде Әл-Фараби, Ұлттық ғылым және технологиялар университетінде Қ. Сәтбаев, Исламабад халықаралық ислам университетінде Қожа Ахмет Ясауи орталықтарының, сондай-ақ "Достық" спорт орталығының ашылғанын және Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумының табысты өткенін хабарлады.
Конференцияда сондай-ақ ISSI төрағасы, Халид Махмуд, ISSI директоры Талат Шаббир, Орталық Азиядағы "KСM Kant" ірі бизнес-тобының басшысы Танвир Афтаб және өзге де сарапшылар сөз сөйледі.
Қазақстан тарапынан онлайн форматта ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Мұхит Асанбаев пен ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Сергей Савельев қатысты.
Панельдік сессиялар барысында қатысушылар Қазақстан-Пәкістан қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын, өңірлік өзара байланыстылықты, транзиттік әлеуетті және Еуразия кеңістігіндегі көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Сарапшылар сапардың мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, оның өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша стратегиялық серіктестік орнатуға бағытталғанын жоғары бағалады.
Конференция қатысушылары жоғары деңгейдегі сапар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру мен кеңейтуге берік негіз қалағаны жөнінде бірауыздан пікір білдірді.
Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Исламабад стратегиялық зерттеулер институтына алғыс білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.02.2026, 10:20 7146
Қазақстан арнайы және инклюзивті білім беру саласында Израильмен ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Израиль тарапынын шақыруы бойынша Қазақстанның мамандар тобы "Innovative Approaches to Special Education" ("Арнайы білім берудегі инновациялық тәсілдер) бағдарламасы бойынша оқытудан өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бағдарлама Израильдің Білім беру министрлігі және Аймақтық ынтымақтастық министрлігі ынтымақтастығында жүзеге асырылды, бұл арнайы білімге мұқтаж балаларды оқыту жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум ережелеріне негізделген. Меморандум 2025 жылғы қарашада Астанада Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Израильдің Аймақтық ынтымақтастық, Білім, Сыртқы істер министрліктері және Халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі арасында қол қойылған.
Халықаралық "Innovative Approaches to Special Education" ("Арнайы білім берудегі инновациялық тәсілдер") курсы Израиль мемлекетінің Хайфа қаласында, Голда Меир атындағы MASHAV - Carmel Халықаралық оқу орталығында (MCTC) өтті. Оқыту бағдарламасы арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәжірибелерді зерттеуге, ерекше білімге мұқтаж балаларды оқыту мен қолдаудың тиімді әдістемелерін енгізуге және білім жүйесінің мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Бағдарлама барысында қатысушылар Израильдің инклюзивті білім беру саласындағы озық тәжірибесімен танысты, білім беру мекемелері мен арнайы орталықтарға барды, сонымен қатар сарапшылар мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.
2026 жылғы 12 ақпанда барлық қатысушылардың курсты сәтті аяқтағанын растайтын сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.
Курс жоғары кәсіби деңгейде MASHAV, Голда Меир атындағы Халықаралық оқу орталығы (MCTC), Израильдің Аймақтық ынтымақтастық министрлігі және Білім министрлігі ұйымдастырды. Бағдарлама практикалық бағыттылығы, мазмұндық байлығы және жоғары деңгейдегі сараптамалық қолдаумен ерекшеленді.
Алынған білім мен практикалық тәжірибе Қазақстанда арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.02.2026, 10:50 53496
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.02.2026, 18:09 58626
Алматыда Қазақстан Сыртқы істер министрінің БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен кездесуі өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Ұлттар Ұйымының елімізде өкілдік ететін агенттіктері басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сыртқы саяси ведомство басшысы өз сөзінде Қазақстанның Ұйым Жарғысы мен оның халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік және орнықты дамуды қолдаудағы негізгі рөліне деген бұлжымас бейілділігін растады.
Ол сондай-ақ жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған басты ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Реформа жүйелі де ұзақ мерзімді сипатқа ие, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталады", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Бұл ретте Министр Негізгі заңға ұсынылған өзгерістер бойынша түпкілікті шешім 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумның қорытындылары бойынша қабылданатынын баса айтты.
Кездесу барысында тараптар 2026-2030 жылдарға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік құжатындағы басым бағыттарды талқылады. БҰҰ Елдік тобының алдағы кезеңге арналған жоспарлары және өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.
Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын дамытуға ерекше назар аударылды.
Орталық Ұйымның өңірдегі қатысуын нығайту мен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге Қазақстанның қосқан нақты үлесі", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Министр БҰҰ агенттіктеріне ү.ж. 22-24 сәуірде өтетін Өңірлік экологиялық саммитті дайындауға белсенді атсалысып жатқаны үшін алғыс білдіріп, саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасын талқылауға арналған халықаралық консультацияларды өткізу жоспары туралы баяндады.
Қазақстанның цифрлық трансформациясы тұрғысынан Алматыда БҰҰ АзТМЭӘК-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы үшін орнықты даму жөніндегі цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ел мен өңірдің орнықты дамуы мақсатындағы нақты өзара іс-қимылды тереңдету, күш-жігерді үйлестіру және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге деген өзара мүдделілік расталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.02.2026, 10:20Қазақстан арнайы және инклюзивті білім беру саласында Израильмен ынтымақтастықты нығайтуда 16.02.2026, 11:25 5981Исламабадта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған конференция өтті16.02.2026, 12:55 951Қазақстан ЕҚЫҰ-ның антисемитизм мен төзімсіздікке қарсы іс-қимыл жөніндегі конференциясына қатысты16.02.2026, 13:57 766Пусанда Қазақстан "Қалалық дипломатия желісі" форумына қатысты16.02.2026, 14:02 Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда586Қазақстан Сауд Арабиясы Шығыс провинциясының бизнес қауымдастығымен іскерлік байланыстарын нығайтуда
09.02.2026, 22:39 222916Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады10.02.2026, 12:57 209411Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 209341Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда10.02.2026, 14:03 209331Қазақстан мен Америка мемлекеттері ұйымы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады10.02.2026, 16:15 209246Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
19.01.2026, 15:15 231106Өнеркәсіптік объектілер үшін санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеудің жаңа қағидалары20.01.2026, 11:17 230446Күн бетінде ең қуатты жарқыл болды20.01.2026, 10:34 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет2283912026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет09.02.2026, 22:39 222916Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады20.01.2026, 21:15 221451Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр

