26.01.2026, 11:10 256
Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы сынды бірлескен жобаларына қатысты бірқатар мәселе талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Теңіз жағдайына байланысты алаңдаушылық білдірді. Қысқа мерзімде апат салдарын жедел жою және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау бойынша жеделдетілген жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар сондай-ақ Каспий құбыр консорциумы төңірегіндегі жағдайды талқылады. Олар маңызды инфрақұрылымдық нысанның тұрақты жұмыс істеуіне ортақ қызығушылық танытты.
Сонымен қатар кездесу барысында көмірсутек кен орындарын игеру тиімділігін одан әрі арттыру шаралары қаралды. Геологиялық барлауды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне жауап береді.
Кездесуге қатысушылар осы жылға арналған өндірістік жоспарларға да назар аударды. 2025 жылы Келешекте кеңейту жобасының аяқталуына байланысты Теңіз кенішінде мұнай өндіру 39 млн тоннадан астам, Қашағанда - 18 млн-нан астам тоннаны құрады. Каспий құбыр консорциумы арқылы энергия ресурстарын жөнелтудің жалпы көлемі 70,5 млн тоннаны құрады, оның ішінде қазақстандық мұнай - 63,8 млн тонна.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.01.2026, 16:57 2771
Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ықпалдастықты жандандыруға, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару, сондай-ақ басқа салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән берілді.
Президент Гидеон Саардың Астанаға сапары аясында Қазақстан-Израиль бизнес форумын өткізуді қолдап, оның қорытындысы екі елдің инвестициялық серіктестігін кеңейтуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Сыртқы істер министрі Израильдің Қазақстанмен мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға және өзара байланыстарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеруге мүдделі екенін жеткізді.
Гидеон Саар Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген шешімі ретінде бағалады. Бұл тұрақтылықты, бейбітшілікті және халықаралық диалогты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Израиль сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, аталған бастамаларды табысты жүзеге асыруға тілектестік білдірді.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 11:55 2986
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
- Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады, - делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2026, 09:48 6121
Астанада көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған салтанатты жиын өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Нәзір Төреқұлов атындағы елордалық №35 мектеп-лицейінде "Нәзір ғұмыр - тәлім ғұмыр" атты салтанатты жиын өтті. Іс-шара тұңғыш кәсіби қазақ дипломаты, Алаш қозғалысының өкілі және КСРО-ның Сауд Арабиясындағы тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұловтың мұрасына арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты жиын аясында қайраткердің өмірі мен дипломатиялық қызметіне арналған музейдің ашылуы және мектеп аумағында кеуде мүсінінің тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оның мұрасы талқыланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ерлан Жетібаев жиналған қауымға сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ермек Көшербаевтың атынан құттықтау хатын оқып берді.
Нәзір Төреқұлов - мемлекетшілдіктің биік деңгейін көрсетіп, халықаралық аренада қазақ дипломатиясының іргетасын қалаған айтулы қайраткер. Оның парасаты мен білімі, ел алдындағы жауапкершілігі мен адамдық арына адалдығы - бүгін жас ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің жарқын үлгісі", - делінген министрдің жолдауында.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, ғалымдар, дипломатиялық қызмет ардагерлері мен қайраткердің ұрпақтары қатысты. Қонақтар Түркістан музейі ұйымдастырған "Ұлт рухын көтерген тұлға: Нәзір Төреқұлов" атты көшпелі көрмені тамашалады.
Ұйымдастырушылар - Назира Төреқұлов атындағы Халықаралық қайырымдылық қоры өкілдерінің айтуынша, бұл іс-шара жас ұрпаққа ұлттық мүдделерді қорғаудың шынайы үлгісін көрсетуге және отандық дипломатия тарихын тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 21:46 6426
Ыстанбұлда Қазақстанның инвестициялық, экспорттық және туристік әлеуеті таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен және халықаралық іскерлік Dünya Türk Ticaret Platformu платформасымен бірлесіп "Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту" тақырыбында іс-шара өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шара тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға, отандық өнімнің шикізаттық емес экспортын ілгерілетуге және туристік саланың орнықты дамуына, сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлік топтары арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге бағытталды.
Кездесу барысында Қазақстанның экономикалық әлеуеті, оның ішінде даму басымдықтары және мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып, түрік бизнесі үшін қолжетімді мүмкіндіктер таныстырылды.
Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың тұрақты дамуын, Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасқанын, сондай-ақ өндірісті орналастыру, экспорт пен туризм салаларындағы әлеуеттің жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол іскер топтар арасындағы практикалық диалогтың өзара тиімді жобаларды іске асырудағы маңыздылығына тоқталды.
1500-ден астам бизнес өкілін біріктіретін Dünya Türk Ticaret Platformu-ның Бас төрағасы Ахмет Ортатепе түрік іскер қауымының Қазақстанмен ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып отырғанын және серіктестік байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді. Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 200-ден астам бизнес өкілі, оның ішінде өнеркәсіп, логистика, агроөнеркәсіп кешені, сауда, туризм және қызмет көрсету салаларының өкілдері қатысты.
Іс-шара соңында B2B-кездесулер ұйымдастырылып, өзара іс-қимылдың болашақ бағыттары, кооперация мүмкіндіктері және ынтымақтастықтың нақты форматтары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 20:38 6786
Қазақстан мен Түркия медиасаладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сапиев Ыстанбұл қаласында Түркияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары - Demirören Haber Ajansı және CNN Türk, İhlas Haber Ajansı, Kanal 7 және Ülke TV, Albayrak медиатоптарының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ақпараттық ынтымақтастықты дамыту және медиа саласындағы өзара байланысты жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі бағыттарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, саяси жүйені жаңғырту, билік институттарын реформалау, ұлттық мүдделерді қорғау, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қозғалды.
Тараптар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы шынайы әрі жан-жақты ақпарат таратуда түрік медиасының рөлін жоғары бағалап, екі ел арасындағы ақпараттық көпірдің одан әрі нығаюына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамалары мен сыртқы саяси басымдықтарын Түркия жұртшылығына кеңінен таныстыру тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестиция бағыттарындағы ынтымақтастық деңгейінің белсенді артып жатқанын атап өтіп, бұл үдерістегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін ерекше бағалады.
Кездесулер қорытындылары бойынша тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған ақпараттық және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
Аталған кездесу екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамытуға және өңірлік әрі жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді объективті жария етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 19:28 7136
Қазақстан мен Словакия қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару салаларындағы Қазақстан - Словакия ынтымақтастығын дамытуға өзара мүдделілігін атап өтіп, екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуді қоса алғанда, өзара іс-қимылдың бірқатар басым бағыттарын айқындады.
Климаттың өзгеру салдарын жұмсарту және оған бейімделу мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды. Қазақ дипломаты Т.Тарабаға 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада өтетін Өңірлік Экологиялық Саммитке қатысуға арналған ресми шақыруды табыс етті. Аталған іс-шара Орталық Азия өңіріндегі климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін маңызды халықаралық алаң болатыны аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөнінде уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 19:27 4361
Мемлекет басшысы Премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қазақстан Президенті құттықтауында Премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.01.2026, 14:22 8401
Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Моника Иверсенді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударып, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін талқылады.
Министр бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және елдер арасындағы іскерлік диалогты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Германия Елшісі Берлиннің Астанамен екіжақты және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.
Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.01.2026, 09:48Астанада көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұловты еске алуға арналған салтанатты жиын өтті 27.01.2026, 11:55 4066Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады27.01.2026, 16:57 3851Мемлекет басшысы Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады27.01.2026, 15:57 2351Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды27.01.2026, 14:58 2121Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
20.01.2026, 22:18 201381Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті21.01.2026, 10:52 201136Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 200866Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде20.01.2026, 18:14 200761Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады21.01.2026, 09:49 2000412025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді
20.01.2026, 22:18 201381Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті21.01.2026, 10:52 201136Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 200866Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде20.01.2026, 18:14 200761Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады06.01.2026, 20:48 200586Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі

