30.04.2026, 21:36 6276

Сыртқы саяси ведомствода жастардың "қоғамдық дипломатияны" және этносаралық келісімді ілгерілетудегі рөлі талқыланды

Сыртқы саяси ведомствода жастардың "қоғамдық дипломатияны" және этносаралық келісімді ілгерілетудегі рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің "Ассамблея жастары" РҚБ белсенділерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған іс-шара жастарды сыртқы саяси бастамаларға тарту және этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында СІМ басшысының орынбасары жүйелі мемлекеттік жастар саясаты Мемлекет басшысының стратегиялық басымдығы болып табылатынын атап өтті.

Еліміздің қазіргі тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі - жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл қадам саяси жүйені терең демократияландыру мен қайта жаңғыртудың символына айнала отырып, Әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалады. Бұл жастар үшін бірегей тарихи мүмкіндіктер мен нақты әлеуметтік cатыларға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп А.Исетов атап өтті.


Жас қазақстандықтар еліміздегі және шетелдегі өз қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған бастамаларын таныстырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны