01.08.2025, 09:50 23066
Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен келіссөз жүргізеді
Достарға айту
3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.12.2025, 12:38 77521
Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек "Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd." компаниясының бас директоры Ли Цзяньцзянмен кездесті. Кездесу барысында қытай тарапы Қазақстанның электр энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестор ретінде қатысуға мүдделілік танытты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қытайлық компания "Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасына қатысуға ниет білдірді. Бұл бағдарлама аясында жөндеуді, жаңартуды және қайта құруды қажет ететін нысандардың кең тізімі айқындалған. Ли Цзяньцзян атап өткендей, "Zhongyoung Power" компаниясы мемлекеттік-жекешелік серіктестік (МЖС) және тарифтік модель арқылы инвестицияны қайтару сияқты халықаралық тәжірибеде қолданылатын қаржыландыру тетіктерін қарастыруға дайын. Сонымен қатар ол жобаларды іске асыру кезінде Қазақстанда өндірілген жабдықтар мен трансформаторларды пайдалануға ниетті екенін айтты.
Тараптар компанияны қосалқы станцияларды жаңғырту, ескі жабдықтарды ауыстыру, жаңа трансформаторлық қуаттар салу және орта және жоғары кернеулі желілерге заманауи шешімдерді енгізу бағыттарына тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстан үшін энергетика секторын жаңғырту стратегиялық басымдық болып саналатынын атап өтті және бұл үдеріс халықаралық тәжірибесі бар сенімді технологиялық серіктестерді тартуды талап ететінін айтты. Ол қолданыстағы заңнама шеңберінде МЖС және тарифтік тетіктерді қолдану мүмкін екенін атап өтті. Сонымен бірге министрдің орынбасары компанияға жабдықтардың бір бөлігін Қазақстанда өндіруді локализациялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді жобалар кезінде жергілікті кәсіпорындармен кооперацияның әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде М.Сұлтанбек мемлекеттік қолдау құралдары және энергия желілерін жаңғыртудың ұлттық және өңірлік бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Ол Қазақстанның электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, энергия тиімділігін жоғарылатуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін атап өтті.
Тараптар өндірісті локализациялау мен жобалардың техникалық параметрлерін бағалауды қоса алғанда, ықтимал ынтымақтастық нысандарын егжей-тегжейлі талқылауды жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ қытай делегациясы үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен жеке кездесу ұйымдастырылып, онда салалық талаптар, инфрақұрылымдық қажеттіліктер және энергетика секторындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Zhongyoung Power" - Қытайдағы үш ірі электр жабдықтарын өндіруші компанияның бірі, ол қуатты трансформаторлар мен энергия жүйелеріне арналған кешенді шешімдерді әзірлейді. Компания Шығыс Еуропа елдерінде энергетикалық нысандарды жаңарту мен қайта құруда үлкен тәжірибе жинақтаған және қосалқы станцияларды, трансформаторлық қуаттарды және электр тарату жүйелерін жаңғырту жобаларын іске асырады. "Zhongyoung Power" жобаларды жабдық өндіруден бастап EPC-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді пайдалануға дейін толық цикл бойынша жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.12.2025, 09:35 77776
Астанада адам құқықтары мен пенитенциарлық жүйені дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Адам құқықтарының халықаралық күніне және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 77 жыл толуына орай "Адам құқықтары және пенитенциарлық жүйенің дамуы: ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттар" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің бастамасымен, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігімен, Еуропа кеңесімен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесімен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында бас бостандығынан айыру орындарында адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жүйесін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және құқық қорғау қоғамдастығының өзара іс-қимылын күшейтуге қатысты стратегиялық және өзекті мәселелер талқыланды.
Өз сөзінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін гуманизациялау бойынша дәйекті жұмысты жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Ол адам құқықтарын қорғау түзеу мекемелерінің қабырғасынан тыс жерлерде де толық көлемде қамтамасыз етілуі тиіс екенін, ал гуманистік және реабилитацияға бағытталған пенитенциарлық жүйе қылмыстың қайталануын төмендетудің негізгі факторы екенін атап өтті. Қазақстан бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқықтарын қорғау тетіктерін жүйелі түрде нығайтып, қоғамдық бақылауды кеңейтуде, сотталғандарға қатысты халықаралық стандарттарды енгізуде, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесін кезең-кезеңімен реформалау түрме контингенті деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік берді.
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, елдің жабық мекемелерде адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін, Қазақстанның БҰҰ-ның азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын түрдегі қарым-қатынас пен жазалауға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамаға қосылуын және ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) құрылуын құптады. Сонымен қатар спикер оның институционалдық әлеуетін одан әрі нығайтудың, мониторингтік сапарлардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің және ұсыныстарды іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич Қазақстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан заң үстемдігі мен адам құқықтары саласындағы жобалардың маңыздылығын атап өтіп, ұлттық пенитенциарлық жүйені жаңғыртуда және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқықтарына кепілдіктерді нығайтуда халықаралық құқық қорғау тетіктері мен стандарттарының негізгі рөлін ерекше атап өтті.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия жөніндегі өңірлік өкілі Матильда Богнер азаптаудың алдын алуда ҰАТ тетігінің маңызына және пенитенциарлық жүйені реформалауды жалғастыру қажеттігіне назар аударды.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, Үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ ҰАТ-тың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Олардың жүйелі мониторингі, ұсынымдары мен сараптамалық жұмысы - адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық архитектураның маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап мерзімді шолу (ӘМШ) рәсімі шеңберінде Қазақстан Республикасының Төртінші ұлттық баяндамасын, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары комитетінің 144-сессиясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы жөніндегі Үшінші мерзімді баяндамасын табысты қорғағанын еске салды. БҰҰ сарапшылары өлім жазасының күшін жоюды, Омбудсмен институты мен ҰАТ-ты нығайтуды, сондай-ақ гендерлік теңдікті, саяси инклюзияны ілгерілету және сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі қадамдарды жоғары бағалады.
Іс-шара мемлекеттік органдардың, сот және құқық қорғау жүйесінің, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және пенитенциарлық жүйені реформалау саласында жұмыс атқаратын халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдерін біріктірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 21:55 84006
Қазақстан мен Словения экономикалық диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения сыртқы және еуропалық істер министрлігінің экономикалық, мәдени және ғылыми дипломатия Департаментінің директоры Петер Япельмен кездесуде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кешенін және Словения Республикасы Президентінің 2025 жылғы наурызда Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломаттар қазақ-словениялық экономикалық өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттарына, атап айтқанда, ҮАК отырысына дайындыққа, энергетикалық ынтымақтастыққа, словениялық компаниялардың ҚР мен ЕО арасындағы сирек жер материалдары саласындағы уағдаластықтарды іске асыруға қатысуына, Қазақстанның словениялық Копер теңіз портының инфрақұрылымына қолжетімділігіне, сондай-ақ Krka және Lek белгілі әлемдік словен брендтерінің қатысуымен фармацевтикалық кооперацияны жандандыруға ерекше назар аударды.
Словения озық медициналық технологиялар, биофарма және Қазақстан нарығына дәрілік препараттарды жеткізу саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі.
Словенияның сыртқы саяси ведомствосы сондай-ақ қазақстандық тараптың цифрлық күн тәртібін кешенді жандандыру, қазақстандық және словендік старт-ап компаниялардың қатысуымен АКТ, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық, цифрлық қауіпсіздік, big data және өнеркәсіпке, энергетикаға және мемлекеттік қызметтерге жоғары технологиялық шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстарын қолдады.
Словения статистикасына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі 152,1 млн., бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,9% жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 20:58 84521
Қазақстан мен Канаданың СІМ басшылары серіктестікті нығайту бағытын растады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Канадалық тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Канаданың Сыртқы істер министрі Анита Анандпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Е.Көшербаев мүмкіндікті пайдалана отырып, Канаданы "Үлкен жетілік" (G7) тобында табысты төрағалық етуімен құттықтады. Ол екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, тауар айналымының қарқынын, сондай-ақ канадалық "Cameco", "Ivanhoe", "Teck Resources", "First Quantum Minerals" және "B2Gold" компанияларымен бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде А.Ананд канадалық тараптың сауда-экономикалық, энергетикалық, инвестициялық, инновациялық және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті, сондай-ақ жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты және өзара сапарларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Министрлер халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері және көпжақты форматтардағы өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша да "сағаттарды теңестірді".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 17:58 85341
Вашингтонда Қазақстанмен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Atlantic Council" сарапшылар орталығы алаңында Қазақстанның аса маңызды минералдар саласындағы әлеуетіне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов, "Atlantic Council" Еуразия орталығының аға директоры Джон Хербст, АҚШ Үкіметінің өкілдері, америкалық даму қаржы институттары, бизнес және сарапшылық қауымдастық қатысты.
Елші өз сөзінде Мемлекет басшысының Вашингтонға сапары мен "С5+1" Саммитінің негізгі нәтижелерін, соның ішінде 17 млрд АҚШ долларынан астам сомаға коммерциялық келісімдерге қол қойылғаны, Қазақстан мен АҚШ арасында өңірдегі алғашқы аса маңызды минералдар жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандум бекітілгенін атап өтті.
М.Ілиясов Меморандум кеңейтілген серіктестік форматын қалыптастыратынын, оның аясында Қазақстанда қайта өңдеу қуаттарын құру, технологиялар трансфері және отандық өнімнің АҚШ нарығына қол жеткізуі көзделетініне тоқталды.
Меморандумның практикалық орындалуына мысал ретінде Елші америкалық "Cove Capital" компаниясымен жасалған келісімді келтірді. Жоба аясында АҚШ-тың даму қаржы институттарының қатысуымен Қазақстанда жоғары қосылған құны бар өнім өндіру үшін 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал туралы, соның ішінде лицензиялау рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға бағытталған жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер жөнінде толық ақпарат берілді.
Kazakh Invest" ҰК өкілі аса маңызды минералдардың расталған қорларына негізделген, жоғары инвестициялық тартымдылығы бар шамамен 50 дайын инвестициялық жобаны таныстырды.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Қатысушылар Қазақстанмен аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға жоғары қызығушылық білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуетін атап өтті және әрі қарайғы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:55 109886
Қазақстан мен Сауд Арабиясы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тау-кен және металлургия секторындағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін екі елдің тиісті министрліктері арасындағы диалогты жандандыру мәселесіне басты назар аударылды.
Осы тұрғыда, тараптар 2025 жылдың қарашасында БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымы Бас конференциясының (ЮНИДО) 21-ші сессиясы аясында өткен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев пен Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Бандар Әл-Хорайеф арасындағы кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді әріптестікті дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 15:52 110356
Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесіндегі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ХЕҰ-мен стратегиялық әріптестікті нығайтудағы өзгермес ұстанымын растады. Бас директордың 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған тарихи сапарының маңыздылығы атап өтілді - бұл еліміз 1993 жылы Ұйымға мүше болғаннан бергі ХЕҰ басшысының алғашқы сапары болды.
Тараптар бірлескен жетістіктерді, соның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған Лайықты еңбек жөніндегі жол картасының табысты іске асырылуын және ХЕҰ-ның №131 "Ең төменгі жалақы туралы" конвенциясын жақында ратификациялағанын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның еңбек саясатының трипартизм мен әлеуметтік диалог қағидаттарына негізделетініне тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 14:49 110591
Қазақстан Душанбеде өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілетін қайырымдылық жәрмеңкесі түрлі елдердің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинады. Қатысушылар өз елдерінің бай мәдени мұрасын көрсететін ұлттық стендтерді ұсынды.
Қазақстан Республикасының стендінде жәрмеңкеге келген қонақтарға ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, ұлттық киімдердің кең ассортименті ұсынылды. Стенд дипломаттар мен тәжік астанасы тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырып, қазақ халқының ерекше мәдениеті мен қонақжайлылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Мәдени бағдарламаның ерекшелігі "Қара жорға" қазақтың халық биі болды. Ұлттық киімде орындалған биге жиналғандар шапалақ ұрып, жәрмеңкенің есте қаларлық сәтіне айналды.
Ұсынылған өнімдерді сатудан түскен барлық қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында арнайы қорға аударылды.
Бұл бастамаға қатысу Қазақстан Елшілігінің гуманизм қағидаттарына адалдығын көрсетіп, Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту мен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам екендігін айқындады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.12.2025, 11:53Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Түзелу жолы" гайд-турын ұйымдастырды
10.12.2025, 14:49 110536Қазақстан Душанбеде өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты10.12.2025, 15:52 110301Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда10.12.2025, 16:55 109831Қазақстан мен Сауд Арабиясы тау-кен металлургия кешені саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда09.12.2025, 14:10 105366Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды105176Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды
19.11.2025, 16:26 146911Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146556Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145761Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады19.11.2025, 12:42 130931Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында көмекке жүгінген азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды19.11.2025, 11:39 130721Премьер-министр өрттің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

