22.01.2026, 17:01 4111
Қытай Қазақстандағы конституциялық реформаларды оң бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (министрдің орынбасары деңгейінде) Лю Биньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V-ші Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің негізгі мазмұнымен және жалпыұлттық референдумға шығарылатын Қазақстанның конституциялық ауқымды өзгерістерімен таныстырды.
Ш.Нұрышев Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және "Әділетті Қазақстанды" құруға бағытталғанын атап өтті.
Л.Бинь өз кезегінде Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің барысын оң бағалап, екі ел арасындағы өзара сенім жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға, екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде саяси диалогты кеңейтуге және ынтымақтастықты ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.01.2026, 20:23 3141
Мәскеуде аграрлық саладағы ынтымақтастық талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мәскеудегі «Крокус-Сити» іскерлік орталығында AGRAVIA атты ірі халықаралық көрмесі аясында «Агрос Экспо Групп» ЖШҚ Ресей көрме компаниясының көмегімен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі ұйымдастырылған «Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығындағы ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті» іскерлік форумы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің (АӨК) экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды, ынтымақтастықты кеңейту және аграрлық саладағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Кездесуді аша отырып, оның модераторы, РҒА академигі, РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту комитетінің төрағасы Петр Чекмарев бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін дамытуда айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Оның бағалауы бойынша, екі ел де егінді кеңейту үшін үлкен аумақтарға ие, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту мүмкіндігі бар.
Өз тарапынан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның бірегей ресурстық әлеуеті бар екенін – ол жайылымдық жерлер ауданы бойынша әлемде 6-орында және егістік жерлер ауданы бойынша 8-орында екенін атап көрсетті. «Соңғы 10 жылда Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,5 еседен астам, яғни $7 млрд-тан 18 млрд-қа дейін өсті. Қазақстан 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есеге арттыруға өршіл мақсат қойып отыр», - деп атап өтті Елші. Ол Ресеймен аграрлық ынтымақтастық ерекше орын алатынын айта келе, өзара іс-қимылды арттыруға шақырды.
Екі елдің АӨК ынтымақтастығында кадр мәселесі үлкен рөл атқаратынын айта келе, Федерация Кеңесінің Аграрлық-азық-түлік саясаты және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің мүшесі Геннадий Орденов: «Қазіргі ауыл шаруашылығы тек агрономиялық және зоотехникалық білімді ғана емес, сонымен қатар цифрлық технологияларды, автоматтандыру жүйелерін, GPS-навигацияны және инновациялық биотехнологияларды меңгерген мамандарды талап етеді. Аграрлық білім беру саласындағы ынтымақтастық - тек білім алмасу ғана емес, бұл болашаққа салынған инвестиция. Осы бағыттағы екіжақты кооперация дәйекті түрде дамып, тереңдей түсуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Ресейдің аграрлық жоғары оқу орындарында студенттер саны бойынша екінші орында», - деп атап өтті.
Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Ольга Абрамова Қазақстан АӨК дамыту бойынша елеулі жұмыс жүргізіп жатқанын және Ресей мұнда айтарлықтай көмек көрсете алатынын айтты. Атап айтқанда, ол қазақтың ақбас сиырларын мысалға келтірді. «Бұл тұқымның бір бөлігі Ресей Федерациясының аумағында шоғырланған. Мал шаруашылығы салаларын бірлесіп дамыту тұрғысынан біз осы тұқымды дамыту стратегиясын қалыптастырғанымыз жөн болар еді, өйткені Қазақстанға өсімін молайтуды қамтамасыз ету үшін өз табындарын сапалы мал басымен толықтыру қажет», – деп ұсынды ол.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айбол Арғынғазинов өз сөзінде ЕАЭО елдерімен кооперацияны дамыту контексінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуеті туралы баяндады. «Инвесторлар үшін болжамды шарттардың, тұрақты реттеушілік ортаның және ұзақ мерзімді жұмыс ережелерінің болуы аса маңызды. Бүгінде Қазақстанда мұндай параметрлер қалыптасқан. ЕАЭО бірыңғай нарығының мүмкіндіктерімен ұштастыра отырып, бұл елді өндірістік кооперацияны, оның ішінде ресейлік компаниялармен кеңейту үшін ыңғайлы платформа ретінде қарастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Айбол Арғынғазинов.
Форум барысында, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығы мен агроөнеркәсіптік компанияларының өкілдері, сонымен қатар Қазақстаннан сүт,май және мал шаруашылығы салаларын ұсынатын салалық қауымдастықтардың басшылары сөз сөйледі. АӨК-те өзара іс-қимылды жандандыру бойынша нақты ұсыныстар, жобалар мен жоспарлар талқыланды.
Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, қазіргі экономикалық ахуал кооперацияға жаңа тәсілдерді, озық технологияларды енгізуді, жаһандық трендтерге бейімделуді талап етеді. Олардың пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің іскер топтары АӨК-дегі ынтымақтастықтың әлеуетін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, сонымен бірге елеулі жаһандық сын-қатерлер жағдайында туындайтын проблемаларға ден қоюда икемділік танытуы тиіс.
Кездесу қорытындысы бойынша үйлесімді өзара іс-қимыл, тікелей тәжірибе алмасу және өзара қолайлы шешімдерді табысты іздеу экономикалық қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 18:16 3731
Қазақстан - Таиланд: ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері Пхукетте талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Пхукет провинциясына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Пхукет провинциясының Губернаторы Нират Понгситтаворнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар өзара құрмет пен сенімге негізделген қазақ-таиландтық қатынастардың жоғары деңгейде әрі жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Туризм, сауда-экономикалық байланыстар, инвестициялар және гуманитарлық байланыстар салаларында екіжақты ынтымақтастықтың белсенді түрде дамып отырғаны айтылды. Қазақстан тарапы ұлттық және өңірлік деңгейлерде өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.
Қазақ дипломаты Пхукет провинциясының қазақстандық азаматтар үшін ең танымал туристік бағыттардың бірі ретіндегі ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, 2025 жылы Таиландқа шамамен 200 мың қазақстандық турист барған, олардың едәуір бөлігі Пхукетті таңдаған.
Осыған байланысты Пхукетте Қазақстан Республикасының Консульствасының ашылғаны туралы ақпарат берілді. Консульство қазақстандық азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.
Провинция Губернаторы консулдық мекеменің ресми ашылу салтанатына қатысуға шақырылды.
Өз кезегінде Н. Понгситтаворн Қазақстанның Пхукет провинциясында консульство ашуы туристік алмасудың одан әрі дамуына, азаматтарға көрсетілетін консулдық қолдаудың деңгейін арттыруға, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық пен іскерлік байланыстарды кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететінін атап өтті.
Тараптар Қазақстан мен Пхукет провинциясы арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде туризм, мәдени алмасу, бизнес, инвестициялар және цифрландыру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Қазақстанның Елшілігі мен Консульдігінің тікелей байланыстар орнатуға және өзара тиімді бастамаларды қолдауға жәрдем көрсетуге дайын екені аталып өтті.
Кездесуде көлік қатынасы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Таиланд арасында аптасына 34 тікелей әуе рейсі жүзеге асырылатыны, оның ішінде Пхукетке 21 рейс бар екені айтылды. Бұл туристік ағынның өсуіне, іскерлік байланыстардың дамуына және гуманитарлық қатынастардың кеңеюіне ықпал етуде.
Қазақстан тарапы Пхукет провинциясы билігінің шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасау жөніндегі күш-жігері үшін алғысын білдірді.
Төтенше жағдайларды қоса алғанда, жергілікті билік органдарымен тығыз өзара іс-қимыл мен жедел байланысты қолдаудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Пхукеттегі Консульствасының ашылуы Қазақстан мен Таиланд арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Пхукет провинциясымен байланыстарды кеңейтуге қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Пхукет - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі және халықаралық туризмнің ең танымал бағыттарының қатарында.
Жыл сайын Таиландқа шамамен 35 млн шетелдік турист келеді, олардың 12 млн-ға жуығы Пхукет аралына тиесілі. 2025 жылы Таиландқа шамамен 200 мың Қазақстан азаматы барған.
Провинцияның халық саны шамамен 450 мың адамды құрайды, ал уақытша келетін туристерді есепке алғанда өңір аумағында бір мезгілде 2 млн адамға дейін болуы мүмкін. Пхукет провинциясының жалпы өңірлік өнімі шамамен 7,5 млрд АҚШ долларына бағаланады. Өңір экономикасының негізін кірістің едәуір бөлігін қамтамасыз ететін туристік сала құрайды. Сондай-ақ көлік және логистика, сауда мен қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік және құрылыс салалары негізгі секторлар қатарында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 16:31 4331
Қазақстандағы алдағы конституциялық реформалар ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы тарапынан жоғары бағаланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламент ассамблеясының төрағасы Пере Хуан Понс Сампьетромен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында қазақ дипломаты Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың 5-ші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Қазақстанның алдағы ауқымды саяси жаңғыртуы туралы хабардар етті.
Елші бір палаталы парламентке көшу және заң шығару бастамасы құқығы бар "Халық кеңесін" құру Қазақстан парламентаризмінің дамуындағы жаңа кезең екенін атап өтті. Ол конституциялық реформа бойынша соңғы шешімді Қазақстан азаматтары ұлттық референдумда қабылдайтынына назар аударды.
Өз кезегінде, ЕҚЫҰ ПА Төрағасы Қазақстандағы конституциялық реформаларға қызығушылық танытып, оларды қолдайтынын атап өтті. Ол Қазақстан парламентшілердің ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының жұмысына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 15:29 11266
Қазақстан мен Корея өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Чонджу қаласында Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшісі Нұрғали Арыстанов пен Корея Республикасының Чунчхонбук-до провинциясының Губернаторы Ким Ён Хванның кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін қарастырып, екіжақты байланыстар мен туристік алмасудың оң серпінін атап өтті.
Чунчонбук-до провинциясы Корея Республикасының серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірі болып табылады және өнеркәсіп, инновациялар мен туризм салаларында айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл Қазақстан өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.
Сапар аясындағы ерекше шаралардың бірі Чонджу қаласында ұйымдастырылған, Қазақстанның тарихына, мәдениетіне және қазіргі дамуына арналған фотовыставканың ресми ашылуы болды. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген қазақ дипломаты мәдени бастамалардың Қазақстан мен Корея халықтары арасындағы өзара түсіністік пен жақындасуды нығайтудың тиімді құралы ретіндегі маңызын атап өтті.
Экспозиция Қазақстан халқы ассамблеясының Достық елшісі Ким Сан-уктың шамамен 50 фотожұмысын қамтиды. Автордың объективі арқылы келушілерге қазақстандық қалалардың заманауи келбеті мен елдің бай мәдени мұрасы ұсынылған. Көрме Чонджу өнер орталығында өтіп жатыр және 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 14:27 11461
Қазақстан мен Чехия өнеркәсіп пен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Чехия Республикасындағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов "TATRA" және "ZETOR" машина жасау компанияларының, сондай-ақ тау-кен жабдықтарын өндіруші "FERRIT", өнеркәсіптік жабдықтар өндіретін "ZVVZ Engineering" және ыдыстық шыны өндіруге арналған жабдықтар шығаратын "SKLOSTROJ" компанияларының өкілдерімен бірқатар алғашқы кездесулер өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесулер барысында чехиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы серіктестерімен қалыптасқан ынтымақтастықты жоғары бағалап, оның дамуына қанағаттанушылық білдірді. Сондай-ақ олар Қазақстанда инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіруге бағытталған өзекті шаралар туралы ақпарат алды. Аталған реформалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы және басшылығымен іске асырылып жатқан жаңғыртудың жаңа кезеңі шеңберінде жүзеге асырылуда.
Қазақ дипломаттарына компаниялар тарапынан іске асырылып жатқан жобалардың қазіргі жай-күйі, бірлескен өндірісті жолға қою және еліміздегі бірқатар өңірлерінде локализациялау перспективалары жөнінде мәлімет ұсынылды. Чех бизнесі ұсынатын заманауи технологиялар өнеркәсіптің түрлі салаларында, оның ішінде тау-кен секторында өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесулер қорытындысы бойынша Чехия өңірлерінде орналасқан аталған компаниялардың өндірістік алаңдарына барып көру, бизнес-форумдар ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері жөнінде тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 13:25 11651
Қазақстан СІМ-де БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілдігінің жаңадан тағайындалған басшысымен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары (БҰҰ БЖК) басқармасының Орталық Азиядағы өкілінің жаңадан тағайындалған басшысы Махир Сафарлимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығын ашу бастамасы талқыланды. 2025 жылғы сәуірі айынан бастап Қазақстан төрағалық етіп келе жатқан Алматы процесін дамытуға ерекше назар аударылды.
БҰҰ өкілі Қазақстан тарапына сындарлы серіктестік пен ашық диалог үшін алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар көпжақты ынтымақтастықты нығайту мен тұрақты дамуды ілгерілету, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейде гуманитарлық және көші-қон мәселелерінің толыққанды шешімдерін табуда күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.
2013 жылы құрылған Алматы процесі - Орталық Азияны қамтитын босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон бойынша өңірлік консультативтік платформа бола отырып, озық тәжірибелермен алмасу және көші-қон үрдістерін бақылау тетіктерін әзірлеуге ықпал етеді. 2025-2027 жылдар аралығындағы төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға ауысты. Қатысушы мемлекеттер Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркия. ХКҰ және БҰҰ БЖК Алматы процесінің хатшылығы қызметін атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 12:16 12561
Динара Желдыбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры лауазымына тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
1996 (бакалавр) және 1998 (магистратура) жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментінің Ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасында референт қызметінен бастап, кейін атташе ретінде жалғастырды.
1999-2000 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік департаментінің Баспасөз қызметі бөлімінде атташе болып жұмыс істеді. 2000 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2000-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саясат департаментінде үшінші және екінші хатшы лауазымдарында болды. 2002 жылы ҚР СІМ Инвестициялар комитетінде бірінші хатшы болып қызмет етті.
2002-2003 жылдары ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында бірінші хатшы, ал 2003-2004 жылдары Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі болды. 2004-2006 жылдары ҚР СІМ Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді.
2008-2013 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінде ҚР шетелдік мекемелерінің имидждік жобаларын іске асыру басқармасының басшысы болды. 2013-2021 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2021-2025 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде кеңесші болып еңбек етті.
ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметіне тағайындалғанға дейін 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.01.2026, 11:31 10876
Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - Ресми өкілі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
1984 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде маман ретінде бастаған.
2009 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару методологиясы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік несиелендіру департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды. 2011-2017 жылдары Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінде екінші, бірінші хатшы лауазымдарында еңбек етті.
2017 жылы ҚР СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығының бірінші хатшысы, кейін ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы қызметінде жұмыс істеді. 2018-2020 жылдары "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КеАҚ Қамтамасыз ету қызметі хатшылығының басшысы, Халықаралық ынтымақтастық және климаттық инвестициялар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2020-2023 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметінде кеңесші және басшы, 2023-2025 жылдар аралығында ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болды.
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы - Ресми өкілі болып тағайындалғанға дейін 2025 жылғы наурыз айынан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.
II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
20.01.2026, 17:59Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды 20.01.2026, 18:03 182201Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді20.01.2026, 18:14 181966Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады20.01.2026, 22:18 181561Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті21.01.2026, 10:52 181316Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі
06.01.2026, 20:48 200501Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі20.01.2026, 17:59 182481Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымын бекітуді ұсынды20.01.2026, 18:03 182201Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді20.01.2026, 18:14 181966Тоқаев ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық жәдігерлерді атады20.01.2026, 22:18 181561Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті

