22.04.2021, 22:56 7244

Елордадағы вакциянациялау пунктері ашылған СОО-лардың жұмыс уақыты ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. 22 СӘУІР - Елордадағы вакциянациялау пунктері ашылған СОО-лардың сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елордадағы вакцинациялайтын 100 кабинетте жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде егу пункттері "Mega Silk Way" және "Хан Шатыр" СОО-ларында ашылған болатын. Енді өзге сауда-ойын-сауық орталықтары мен орындарда ашылу қаралып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
 
Қазіргі уақытта адам көп жиналатын орындарда қосымша егу кабинеттерін ашу үшін дайындық жүргізілуде. Жақын арада мұндай пункттер "Керуен" СОО мен "Абу-Даби Плаза" кешенінде ашылады. 
 
СОО-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдарындай сақталатын болады.
 
Халықтың көп ағынын ескере отырып, әрбір компонент үшін қосымша жеке орындар көзделетін болады.
 
Бүгінгі күні жоғарыда аталған сауда-ойын-сауық орталықтарынан басқа "Мечта" сауда желісінен, "Солтүстік" СҮ, "Нұрбереке 555" ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады.
 
Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.21 ж. қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
 

Сауда-ойын сауық орталықтарында вакцинациялау жұмысын ұйымдастыру жақсы тәжірибе көрсетіп отыр. Осы арқылы қала тұрғындарын қамту көрсеткіші артып келеді. Алғашқы уақытта тұрғындар вакцинациядан үрейленсе, қазір жағдай керісінше, жұрт вакцинацияланғандардың қатарын белсенді түрде толықтыруда. Мысалы, "Mega Silk way"-да медицина қызметкерлері 2 100-ден астам адамды вакцинациялады. Бұл бір ғана орталықтың көрсеткіші", — дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

 
Елордалықтар COVID-19 вакцинасын алуға белсенді түрде ниет білдіргендіктен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырады. Түрлі кәсіпорындарда КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.
 
Бүгінгі күні қала бойынша 75 мыңға жуық адам вакцинацияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны