17.05.2021, 19:44 8823

ІІМ-де мектептерге алып өтуге тыйым салынған заттардың тізімі айтылды

НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев Қазақстан мектептеріне кіргізуге болмайтын заттардың арнайы тізбесін әзірлеу туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ІІМ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесін әзірледі. Тиісті бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген. Осы айда ол заңды күшіне енеді. Тыйым салынған заттардың қатарына қару, пышақ, кастет және ұқсас заттар кіреді. Сондай-ақ, жарылғыш құрылғылардың имитаторларына, аэрозоль бояуларына, пиротехникалық құралдар мен газ баллондарына тыйым салынады", - деп нақтылады Баймұқашев.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазандағы қайғылы оқиғадан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлеріне білім беру мекемелерін қауіпсіздік тұрғысынан тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР БҒМ-де балалардың қауіпсіздігі мәселелері көтерілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны