15.06.2021, 18:47 8130

Шенеуніктерді оңтүстіктен қоныс аударушылар үшін СҚО-да салынған тұрғын үй сапасының төмендігі үшін жазалады

ПЕТРОПАВЛ. 15 МАУСЫМ - Солтүстік Қазақстан облысында екі аудан әкімі оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар үшін салынған тұрғын үй сапасының төмендігінен қызметінен босатылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай, Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің оңтүстік облыстарынан көшіп келген адамдардың проблемасын шешуді тапсырды.
 

Әңгіме оңтүстік өңірлерден қоныс аударушылар үшін СҚО-да салынған тұрғын үй сапасының төмендігі туралы болды. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша фактілер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жоюмен айналысады. Осы бағыттағы жұмысты қанағаттанғысыз ұйымдастырғаны үшін Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды. Облыс әкімінің орынбасарына, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысына, сондай-ақ облыстың бес ауданының әкімдеріне тәртіптік жаза қолданылды", - деді Берік Уәли.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны