05.07.2021, 22:38 11088

Нұр-Сұлтанда Елорда күніне орай құтқарушылар саябағы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. 5 ШІЛДЕ - Елорда күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтанда құтқарушылар саябағы ашылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құтқарушылар саябағының" аумағы балалар мен ересектерге арналған аймақтарға бөлінген, кедергі жолақтарын қоса алғанда экстрим-спортын қолдау үшін түрлі жастағы санаттарға арналған паркур-алаң орналасқан. Сол сияқты қала тұрғындарына арналған тыныш демалыс аймағы бар және азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне арналған құрмет тақтасы орнатылған. Ал көпір жағында "Public art" суреттелген. Сондай-ақ, аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы орнатылған. Айта кетейік, бұл көлік Елбасы жайлы түсірілген фильмде көрсетілген.

 
Құтқаршылар саябағы А. Янушкевич пен А. Пушкин көшелерінің қиылысында орналасқан. Саябақ өрт сөндіруші-құтқарушылар, сондай-ақ міндетін орындау кезде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне абаттандырылған. Бүгінгі заманның батырлары — құтқарушылардың жұмысы қашанда ерлікке толы. 
 

Аталған қоғамдық кеңістік аумағында 150-ге жуық ағаш отырғызылды. Аумақ әлі де жетілдіріліп, толықтырылатын болады. Бізге қала тұрғындары бос уақытын денсаулығына пайдалы етіп өткізетін орындар құру маңызды. Биыл біз 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) саламыз. Жалпы алғанда, 70-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістіктің жұмысы аяқталып, ашылғалы тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді", — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны