20.09.2021, 18:33 6094

Қиясов медициналық мекемелердегі фото- және бейнетүсірілімге қойылған шектеуді алып тастады

Бұрын осы тармақта денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу көзделген болатын.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулыға қол қойды, оған сәйкес медициналық мекемелерде аудио, фото және бейнетүсірілім жүргізуді шектейтін тармақ құжаттан алынып тасталады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер енгізілді. Құжатта Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №38 Қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталады. 
 
Бұрын осы тармақта денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу көзделген болатын.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны