21.07.2022, 19:11 20391

Нұр-Сұлтанда КВИ бойынша "сары" аймаққа көшуге байланысты шектеулер енгізіледі

Нұр-Сұлтанда КВИ бойынша "сары" аймаққа көшуге байланысты шектеулер енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. 21 ШІЛДЕ - Елорданың бас санитариялық дәрігері шектеу іс-шараларын енгізу туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұр-Сұлтан қаласының адамдарына көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т.б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылады, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда.
 
Қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіріледі.
 
Жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіреді.
 
Санитариялық дәрігер тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
 
Қаулы 23 шілдеден бастап күшіне енеді. 
 
Қаулының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны