22.09.2022, 15:43 27706

Депутат өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің жоқтығына алаңдаулы

Депутат өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің жоқтығына алаңдаулы
АСТАНА. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Халық дәріханалардағы өмірлік маңызы бар дәрілердің тапшылығына байланысты тиісті препараттарды ала алмай отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақмарал Әлназарова айтты.
 
Депутат бағаны реттеудегі қазіргі тетіктердің салдарынан бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызы бар лайықты бағадағы дәрілердің түрі қысқарып, кейбір генерик түрлерінің бағасы тіпті түпнұсқадан да жоғары екенін атап өтті.
 
Сонымен қатар, емдеуге арналған дәрі-дәрмек пен ісікке қарсы, эндокринологиялық, эпилепсияға қарсы препараттардың, сондай-ақ өмірлік маңызды және басқа топтағы дәрілердің болмауы алаңдатып отыр. Бұл тиімділіктің төмендеуіне және емдеу барысындағы үзілістерге, сондай-ақ рецидивтерге әкеледі.
 

Жалпы, бұл мәселе мемлекеттің ерекше назар аударуын қажет етеді. Халықты өмірлік маңызы бар препараттармен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін отандық өндірушілердің ел ішінде, оның ішінде субсидиялау тетіктері арқылы олардың өндірісін жолға қою мәселесін шешу қажет. Бұл тұрғыда өмірлік маңыздағы дәрі-дәрмектердің тізімі анықталуы тиіс. Мұндай тізімдер бүгінде әлемнің 137 елінде жасалып отыр. Бұл өз кезегінде саладағы басымдықтарды анықтауға, сондай-ақ осы препараттарға неғұрлым тиімді баға белгілеу үшін маңызы аса зор", - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны