11.05.2021, 17:48 5461

Қазақстанда 11 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 11 МАМЫР - 2021 жылғы 10 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 346 497 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 766 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 346 497. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 249; 
 
Алматы қаласында – 430; 
 
Шымкент қаласында – 75; 
 
Ақмола облысында – 114; 
 
Ақтөбе облысында – 24; 
 
Алматы облысында – 125; 
 
Атырау облысында – 38; 
 
ШҚО-да – 79; 
 
Жамбыл облысында – 42; 
 
БҚО-да – 108; 
 
Қарағанды облысында – 262; 
 
Қостанай облысында – 25; 
 
Қызылорда облысында – 27; 
 
Маңғыстау облысында – 13; 
 
Павлодар облысында – 119; 
 
СҚО-да – 12; 
 
Түркістан облысында - 24.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 329 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 301 857, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
11 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 41 094 адам (40 692 КВИ+ және 402 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 068 науқас стационарларда, ал 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 802 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 186 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 105 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 10 мамыр аралығында коронавирустан жалпы 3 948 өлім тіркелді. 9 мамырда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 9 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 48 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 571, 837 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 332 жетті. 
 
2021 жылдың 11 мамырға Қазақстанда 1 698 893 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 11 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
 
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
 
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны