13.05.2021, 20:35 7572

Қазақстанда 13 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - 2021 жылғы 12 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 350 591 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 283 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-сұлтан қаласында – 389; 
 
Алматы қаласында – 597; 
 
Шымкент қаласында – 82; 
 
Ақмола облысында - 104; 
 
Ақтөбе облысында – 87; 
 
Алматы облысында – 216; 
 
Атырау облысында – 75; 
 
ШҚО-да – 87; 
 
Жамбыл облысында – 37; 
 
БҚО-да – 97; 
 
Қарағанды облысында – 250; 
 
Қостанай облысында – 26; 
 
Қызылорда облысында – 30; 
 
Маңғыстау облысында – 37; 
 
Павлодар облысында – 108; 
 
СҚО-да - 35; 
 
Түркістан облысында - 25.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 791 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 307 464, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
13 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 39 626 адам (39 143 КВИ+ және 483 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 124 науқас стационарларда, ал 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 788 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 183 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 116 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 12 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 984 өлім жағдайы тіркелген. 11 мамырда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 11 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 173 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 757, 847 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 427 жетті. 
 
2021 жылдың 13 мамырға Қазақстанда 1 757 407 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 13 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
Жыл басынан бері карантин режимін бұзғаны үшін жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам 15 мыңға жуық айыппұл салынды. Бұл ретте бұзушылықтар бойынша "антилидерлер" Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстары, сондай-ақ Шымкент және Алматы болып табылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны