14.04.2021, 17:58 5861

Қазақстанда 14 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - 2021 жылғы 13 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 276 054 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 229 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 276 054. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 42 899 (+612); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 36 792 (+465); 
 
ШҚО–да – 23 397 (+25); 
 
Павлодар облысында – 19 621 (+41); 
 
Атырау облысында – 20 109 (+93); 
 
Қарағанды облысында – 19 701 (+197); 
 
Ақмола облысында – 16 396 (+98); 
 
БҚО-да – 16 613 (+115); 
 
Алматы облысында – 17 361 (+226); 
 
Қостанай облысында – 14 251 (+29); 
 
СҚО–да – 13 423 (+33); 
 
Шымкент қаласында – 7704 (+74); 
 
Жамбыл облысында – 6879 (+36); 
 
Ақтөбе облысында – 6894 (+100); 
 
Түркістан облысында - 4758 (+22); 
 
Маңғыстау облысында - 4766 (+31); 
 
Қызылорда облысында - 4490 (+32).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 237 446, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
14 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 35 821 адам (35 322 КВИ+ және 499 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 12 482 науқас стационарларда, ал 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 579 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 162 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 117 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 13 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 286 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 12 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 130 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 101 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 539, 736 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 304 жетті. 
 
2021 жылдың 14 сәуіріне Қазақстанда 435 393 адам вакцина алды.
 
2021 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Манғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны