14.05.2021, 19:34 8011

Қазақстанда 14 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 14 МАМЫР - 2021 жылғы 13 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 353 140 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 549 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 452; 
 
Алматы қаласында – 557; 
 
Шымкент қаласында - 125; 
 
Ақмола облысында - 130; 
 
Ақтөбе облысында - 102; 
 
Алматы облысында – 222; 
 
Атырау облысында – 75; 
 
ШҚО–да – 102; 
 
Жамбыл облысында – 34; 
 
БҚО–да – 123; 
 
Қарағанды облысында – 348; 
 
Қостанай облысында – 27; 
 
Қызылорда облысында – 31; 
 
Маңғыстау облысында – 46; 
 
Павлодар облысында – 102; 
 
СҚО-да - 25; 
 
Түркістан облысында - 48.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 704 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 310 168, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
14 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 39 472 адам (38 955 КВИ+ және 517 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 279 науқас стационарларда, ал 25 193 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 774 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 180 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 110 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 13 мамырына дейін коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 017 өлім жағдайы тіркелген. 12 мамырда КВИ-ден 33 адам қайтыс болды.
 
Сонымен қатар, 12 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 127 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 89 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 884, 851 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 516 жетті. 
 
2021 жылдың 14 мамырға Қазақстанда 1 790 356 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 14 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. 
 
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны