15.07.2021, 18:56 9962
Қазақстанда 15 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Достарға айту
Қазақстанда өткен тәулікте 5 314 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1576;
Алматы қаласында – 850;
Шымкент қаласында – 416;
Ақмола облысында – 160;
Ақтөбе облысында – 204;
Алматы облысында – 144;
Атырау облысында – 299;
ШҚО-да – 79;
Жамбыл облысында – 71;
БҚО-да – 234;
Қарағанды облысында – 603;
Қостанай облысында – 104;
Қызылорда облысында – 84;
Маңғыстау облысында – 189;
Павлодар облысында – 156;
СҚО-да – 86;
Түркістан облысында облыс – 59.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 756 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 420 984 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
15 шілдеге КВИ-ден 47 828 адам (46 306 КВИ+ және 1 522 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 15 280 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 32 548 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 919 пациент,
- аса ауыр халде – 212 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 126 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 14 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 816 өлім жағдайы тіркелген. 13 шілде күні КВИ-ден 47 адам қайтыс болды.
13 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 127 жағдайы тіркелді, 10 адам қайтыс болды және 82 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 58 213, өлім жағдайы - 1 054, сауыққандар - 53 177.
Қазақстанда 2021 жылғы 14 шілдеге I компонентпен 4 705 675 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 597 505 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Алматы, Жамбыл облыстары.
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.06.2026, 17:00 9056
Алматыдағы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді
Достарға айту
Алматы хайуанаттар бағында Стелла мен Айна есімді ақбөкендер төлдеді, деп хабарлайды Қазинформ қалалық Мәдениет басқармасы сілтеме жасай отырып.
Мамандардың айтуынша, жаңа туған лақтардың жағдайы жақсы. Олар өсіп-жетіліп, аналарынан бір елі ажыраған емес. Әзірше төлдер ана сүтімен қоректеніп жатыр. Ал уақыт өте келе табиғи өсімдік тектес азыққа біртіндеп бейімделеді.
Алматы хайуанаттар бағы — ақбөкендерді қолда өсіріп, тұрақты түрде төл алып отырған санаулы зоологиялық мекеменің бірі. Мамандар мұны сирек кездесетін жануар түрін сақтауға және биологиялық алуандықты қорғауға бағытталған жұмыстың маңызды нәтижесі ретінде бағалайды", - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір лақтардың жасы шамамен бір айға таяған. Олар ветеринар мамандардың тұрақты бақылауында болып, жасына сай дамып келеді.
Ақбөкен (Saiga tatarica) – мұз дәуірінен бері жер бетінде сақталып келе жатқан жануарлар дүниесінің ең көне өкілдерінің бірі. Қазіргі таңда бұл сирек түр ерекше қорғауға алынып, табиғатты сақтау тұрғысынан маңызды мәртебеге ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 15:08 16316
Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету ережелері өзгерді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізді. Жаңа нормалар 28 маусымнан бастап күшіне енеді.
Енді байланыс операторлары қосымша ақылы байланыс және интернет қызметтерін абоненттің екі мәрте келісімін алғаннан кейін ғана қоса алады. Келісімді жеке кабинет, SMS-хабарлама, қоңырау немесе USSD-сұрау арқылы растауға болады.
Сонымен қатар, операторларға қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарлау үшін қысқа "маяк" қоңырауларын пайдалануға тыйым салынды. Оның орнына абоненттерге SMS-хабарламалар жіберіледі.
Сондай-ақ пайдаланушылар байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламаларынан бас тарта алады.
Өзгерістер 14 жасқа толмаған балаларға арналған SIM-карталарды тіркеу тәртібіне де қатысты. Енді балаға нөмірді тек оның заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіру арқылы рәсімдей алады. Сонымен қатар бір кәмелетке толмаған балаға тек бір ғана нөмір тіркеуге рұқсат етіледі.
Министрліктің мәліметінше, енгізілген өзгерістер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов мобильді операторлардың жасырын қаражат есептен шығаруы, таңылатын қызметтер мен тарифтердің ашық еместігіне байланысты абоненттерден көптеген шағым түсіп жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, пайдаланушылардың нақты келісімінсіз ақылы сервистер қосылып, абоненттер автоматты түрде қымбатырақ тарифтерге ауыстырылып жатады. Депутат абоненттердің құқықтарын қорғауды күшейтіп, операторларды барлық қосылған қызметтер мен қаражат есептен шығарулар туралы толық ақпарат беруге міндеттеуді ұсынған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.06.2026, 14:27 15046
Қоғамдық орындарда беттерін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын еске салады.
Қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылық үшін 1613 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұл талап "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңда көзделген. Тыйым ауа райы жағдайларына және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды.
ӘҚБтК-нің 434-3-бабына сәйкес, алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
ІІМ бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 16:07 54061
Алматыда 22-26 маусым аралығында электр қуаты уақытша өшіріледі
Жарық 22-26 маусым аралығында қаланың әр ауданында өшіріледі
Достарға айту
Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Алматы қаласында 22-26 маусым аралығында жоспарлы электр қуатын өшіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Компания қала аудандары бойынша электрмен жабдықтауға уақытша шектеу енгізілетін кестені жариялады. Электр энергиясын өшіру электр желілерінде жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізуге байланысты жүзеге асырылады.
Тұрғындарға жоспарланған өшірулер кестесімен компанияның ресми ресурстары арқылы алдын ала танысу ұсынылады.
Айта кетейік, алматылықтар жазғы аптап ыстық кезінде электр желілеріне түсетін жүктеменің артуына байланысты алаңдаушылық білдіріп келеді. Бұған пәтерлерде, кеңселерде, әлеуметтік нысандарда және басқа да ғимараттарда кондиционерлердің жаппай пайдаланылуы себеп болады.
Бұған дейін аномальды ыстық кезеңдерде қала тұрғындары бірнеше рет электр қуатының өшуіне байланысты тоңазытқыштарсыз, кондиционерлерсіз, су сорғыларынсыз, сондай-ақ байланыс, интернет және басқа да маңызды қызметтерсіз қалған жағдайлар тіркелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.06.2026, 13:09 55091
Қазақстан тұрғындары SIM-карталарын басқа адамдарға беру кезінде қайта тіркеуге міндетті
Достарға айту
Қазақстан тұрғындары SIM-карталарын басқа адамдарға беру кезінде қайта тіркеуге міндетті. Қазақстанда телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша тиісті Заң қабылданды. Құжат Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында әзірленген және Мемлекет басшысының үш жыл ішінде толыққанды цифрлық ел құру жөніндегі стратегиялық міндетін іске асыруға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.
Қабылданған Заң Қазақстанның цифрлық дамуының жаңа инфрақұрылымдық контурын қалыптастырады. Ол байланыс сапасын арттыру мен цифрлық сервистердің қолжетімділігінен бастап, деректерді өңдеу орталықтарын, цифрлық экономиканың энергетикалық базасын дамытуға, телекоммуникациялық инфрақұрылымды қорғауға және байланыс желілеріндегі алаяқтыққа қарсы күреске дейінгі негізгі бағыттарды қамтиды.
Ең маңызды жаңалықтардың бірі - азаматтардың әлеуметтік маңызы бар цифрлық сервистерге (eGov, e-Otinish, Aitu мессенджері және т.б. сервистер) тарифтелмейтін қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Заң сонымен қатар телекоммуникация нарығының ашықтығын күшейтеді. Байланыс операторлары қаржылық есептілікті, байланыс тораптарының тізбесін, үлгілік шарттарды, қосылу шарттарын және инфрақұрылымға қол жеткізу тарифтерін жариялайтын болады.
Ұялы байланыс сапасын арттыру үшін ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді, репитерлерді әкелуге шектеулер енгізіледі. Мұндай құрылғыларды әкелуге тек байланыс операторларына ғана рұқсат етіледі.
Телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жеделдетуге ерекше назар аударылған. Байланыс объектілері үшін жер учаскелерін бөлу тәртібі жеңілдетіледі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда байланыс желілерін салу мүмкіндігі көзделеді.
Түзетулердің елеулі блогы деректерді өңдеу орталықтары мен цифрлық экономиканың энергетикалық базасын дамытуға бағытталған. Деректерді өңдеу орталықтары стратегиялық объектілерге жатқызылатын болады.
Электр энергиясының ұзақ мерзімді тұтынушылары ретінде цифрлық майнерлер мен деректерді өңдеу орталықтарының қатысуымен генерациялаушы қуаттарды жаңғырту мен кеңейтуге жеке инвестицияларды тарту үшін "70/30" механизмі енгізіледі.
Заңның жеке бір блогы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қорғауға және алаяқтыққа қарсы іс-қимылға арналған. Интернет желісіне қол жеткізу, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін лицензиялау шарттары жаңартылады.
Азаматтарды телефон алаяқтығынан қорғау үшін заңды тұлғалардан келетін қоңырауларды таңбалау енгізіледі. Абоненттер ресми қоңырауларды күдікті қоңыраулардан ажырата алады.
Бұдан бөлек, абоненттік нөмірді немесе ұялы байланыс құрылғысын үшінші тұлғаларға тұрақты пайдалануға берген кезде оларды қайта тіркеу міндеті белгіленеді.
Заңның толық мәтінімен ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 14:35 93456
"Қазыналы Каспий" халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам атыраулық қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мәдени-көпшілік шаралардың негізгі алаңына айналған "Жастар" саябағы балық шаруашылығы дәстүрлері мен өңірдің гастрономиялық мәдениетіне арналған “Қазыналы Каспий” халықаралық фестиваліне 5 мыңнан астам қала тұрғыны жиналды, деп хабарлайды Атырау облысының әкімдігі.
Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев танысып, мұндай шаралардың халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, Каспий маңында елдердің туристік әлеуетін арттыруға және балық шаруашылығын кеңінен насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.
Фестиваль аясында Жайық өзенінің биоресурстарын толықтыру мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылып, 3 мың бекіре тұқымдас балық шабағы өзенге жіберілді.
Мерекелік бағдарламаның көркін өзендегі кемелер шеруі қыздырды. Әлиев көпірінен Тұрғындар қалашығындағы көпірге дейін Жайық өзенімен 50 кеме мен қайық салтанатты сап түзеп өтті.
Сондай-ақ кәсіби аспаздар арасында өткен шеберлік байқауы да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Біз жергілікті балықтардан әзірленген авторлық тағамдарымызды ұсындық. Атап айтқанда, көксеркеден дайындалған салат, жаңа ауланған балық сорпасы және қызыл балықтан жасалған ыстық тағам әзірледік. Енді қазылар алқасының бағасын күтіп отырмыз. Осындай іс-шаралар бізді кәсіби тұрғыдан дамуға және шеберлігімізді шыңдауға ынталандырады", - деді бас аспаз Исламбек Ұзақберген.
Фестиваль аумағында балық өнімдерінің жәрмеңкесі мен гастрономиялық алаң жұмыс істеп, тұрғындар мен қала қонақтары жергілікті өнімдермен танысты.
Жастар арасында Fish Dance Battle би сайысы ұйымдастырылса, бүлдіршіндерге "Каспий теңізінің қарақшылары" атты театрландырылған қойылым ұсынылды.
Фестиваль жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен қорытындыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 19:17 135821
Түркістан облысында мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды
Достарға айту
Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы биыл Жетісай ауданындағы алғашқы мақта алқаптарына су жеткізе бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төлеген ата" шаруа қожалығы суармалы суды К-30 каналы арқылы алып отыр. Егістік алқаптарын суаруға кіріскен диқандар биыл судың қажетті көлемде және тұрақты түрде беріліп жатқанын айтып жатыр.
Биыл 9,5 гектар алқапқа мақта ектік, қазір алқапты суаруды бастадық. Су мол, тұрақты келіп жатыр. Ол үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз", - деді "Төлеген ата" шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Қуатбек.
Айта кетейік, жыл басынан бері "Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі үшін 340 млн текше метрден астам су жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 10:34 149591
Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Достарға айту
20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде пилоттық режимде қоғамдық көліктің арнайы жолағы жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Қазинформ Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына сілтеме жасай отырып.
Жобаны іске қосу аясында жол қызметтері арнайы сары түсті жолақтарды сызу және тиісті жол белгілерін орнату жұмысын бастап кетті. Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Басқарма өкілдерінің мәліметінше, арнайы жолақты енгізудің мақсаты - қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жол қозғалысын реттеу және қаланың ең қарқынды көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті күшейту, деп көрсетілген хабарламада.
Жаңа қозғалыс схемасы автобустардың тұрақты әрі болжамды қозғалысын қамтамасыз етуге, жалпы көлік ағынындағы кідірісті азайтуға және маршруттардың қозғалыс кестесінің сақталуын жақсартуға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Пилоттық режим қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға және жол қозғалысына қатысушылардың өзгеріске кезең-кезеңімен бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ведомство осыған байланысты жүргізушілерден жол белгілері мен жол таңбаларына мұқият назар аударып, бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобустар Саин көшесінің ұзартылған бөлігімен жүре бастағанын жазғанбыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.06.2026, 09:45Мемлекет басшысы Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан жерлестерімізбен кездесті 23.06.2026, 10:30 33596Әлеуметтік желілерде алауыздықты қоздырғаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына қарастырыған - ҚР Бас прокуратурасы23.06.2026, 11:47 29896Қазақстан "Бір белдеу, бір жол" бастамасын дамытудың жаңа бағыттарын ұсынды23.06.2026, 12:04 28951ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды23.06.2026, 12:15 28126Жәннат Дүбірова Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды
17.06.2026, 17:32 151616Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты18.06.2026, 10:34 149911Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады19.06.2026, 19:07 148711Қазақстан Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген аса маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіреді және өңдейді19.06.2026, 18:40 148591Қызылорда қаласында бес елді мекеннің әкімдерін сайлау өтеді19.06.2026, 16:49 147376Халықаралық ықпал және цифрлық жаңғыру: Қазақстан саясатының жаңа басымдықтары
06.06.2026, 12:47 177176Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171936СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 166081Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162161Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152721СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

