14.04.2021, 18:24 14055

15 мамырдан бастап Алматы - Батуми әуе қатынасы ашылады

Air Astana 15 мамырдан бастап Алматыдан Батумиге жиілігі аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері тікелей тұрақты рейстерді іске қосады.
АЛМАТЫ. 14 СӘУІР - Air Astana 15 мамырдан бастап Алматыдан Батумиге жиілігі аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері тікелей тұрақты рейстерді іске қосады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұшулар Airbus A320 әуеалайнерлерінде орындалады, деп хабарлады әуе компанияда.
 
Дүйсенбі және сәрсенбі күндері КС-169 рейсі Алматыдан сағат 12.00-де ұшып шығады, Батумиге сағат 14.30-да ұшып келеді. КС-170 кері рейсі Батумиден сағат 15.30-да ұшып шығады, Алматыға сағат 21.35-те ұшып келеді.
 
Сенбі күні Алматыдан рейс сағат 09.30-да ұшып шығады, Батумиге сағат 12.00-де ұшып келеді. Кері рейс Батумиден сағат 13.00-де ұшып шығады, Алматыға сағат 19.05-те ұшып келеді.
 
Алматы - Батуми рейсінің ұзақтығы 4 сағат 30 минутты, ал Батуми - Алматы рейсінің ұзақтығы 4 сағат 5 минутты құрайды.
 
Билеттердің бағасы екі жаққа да, барлық алымдармен бірге экономкласста 131 000 теңгеден, бизнес-класта 285 035 теңгеден басталады.
 

Грузияға кіру үшін ағылшын немесе орыс тілдерінде COVID-19-ға теріс сынағы қажет болады, ол материалды алған сәттен бастап келу уақытына дейін 72 сағаттан ерте жасалмайды. Вакцинацияланған жолаушылар COVID-19-ға қарсы вакцинасының толық курсын (екі дозасын) растайтын құжатты ұсынған жағдайда ПТР-тест нәтижесі бар анықтаманы көрсетпеуге болады. Қазақстанға кіру үшін барлық жолаушылар, соның ішінде Қазақстан азаматтары, нәтиже берілген күннен бастап ұшу уақытына дейін 3 тәулік ішінде жарамды COVID-19-ға теріс тест тапсыруға міндетті", - деп хабарлады әуе компаниясында.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны