13.04.2021, 18:23 8810

ПТР-тестілеу туралы анықтамасыз жолаушыларды әуе кемесінің бортына жібермейді

НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы қаулы 2021 жылғы 14 сәуір сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
 
 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгерістер енгізілді.
 

Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеу", - делінген қаулыда.

 
Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына өзгерістер енгізілді.
 

Карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды", - делінген құжатта.

 
 "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
 
Халыққа вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және екпе алу процесін жеңілдету мақсатында осы әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкес жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып - 300 екпеден асырмай құрылады.
 
Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу мейіргері және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі.
 
Вакцинация жүргізу барысында медициналық ұйымдар, көшпелі/жылжымалы егу бригадалары жүргізілген егулер, бас тартулар, медициналық қарсылықтар және вакцинаны пайдалану туралы ақпаратты медициналық ақпараттық жүйенің "Вакцинация" модуліне (бұдан әрі - АЖ) күн сайын енгізеді. "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК күн сайын АЖ деректерінің негізінде Комитетке өңірлер бөлінісінде жиынтық ақпаратты осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес келесі күні сағат 7.00-ге дейін ұсынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны