19.05.2021, 21:14 9334

Қазақстанда 19 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - 2021 жылғы 18 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 364 048 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 018 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 264; 
 
Алматы қаласында – 525; 
 
Шымкент қаласында – 81; 
 
Ақмола облысында - 131; 
 
Ақтөбе облысында – 68; 
 
Алматы облысында – 114; 
 
Атырау облысында – 66; 
 
ШҚО-да – 77; 
 
Жамбыл облысында – 21; 
 
БҚО-да – 98; 
 
Қарағанды облысында – 328; 
 
Қостанай облысында – 35; 
 
Қызылорда облысында – 24; 
 
Маңғыстау облысында – 56; 
 
Павлодар облысында – 97; 
 
СҚО-да – 14; 
 
Түркістан облысында - 19.
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 575 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 323 816, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 54 153, 863 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 883 жетті. 
 
2021 жылдың 19 мамырға Қазақстанда 1 898 604 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 19 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау,  Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 
 
"Сары" аймақта - Алматы, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны