20.07.2022, 15:48 6881

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 1 959 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 1 959 жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 20 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 1 959 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 321 453 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 586, 
 
Алматы қаласында - 597, 
 
Шымкент қаласында - 105, 
 
Ақмола облысында - 26, 
 
Ақтөбе облысында - 21, 
 
Алматы облысында - 67, 
 
Жетісу облысында - 64, 
 
Атырау облысында - 36, 
 
ШҚО-да - 19, 
 
Абай облысында - 27, 
 
Жамбыл облысында - 57, 
 
БҚО-да - 34, 
 
Қарағанды облысында - 160, 
 
Ұлытау облысында - 26, 
 
Қостанай облысында - 22, 
 
Қызылорда облысында - 44, 
 
Маңғыстау облысында - 21, 
 
Павлодар облысында - 15, 
 
СҚО-да - 16, 
 
Түркістан облысында - 16.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 726 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері 1 296 923 адам сауығып кетті. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 шілдеде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
20 шілдеге КВИ-ден 10 983 адам (10 866 КВИ+ және 117 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 977 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 10 006 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 18 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 3 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 540 374 адам, 2-ші компонентпен - 9 322 766 адам вакцинацияланды. 4 929 963 адам ревакцинацияланды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шектеу шаралары қайта қаралды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны