20.05.2022, 16:59 26061

1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерде жаңа пән пайда болады

1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерде жаңа пән пайда болады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді.
 
Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.
 

Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "Еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол.

 
Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілгені жарияланған.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны