10.01.2023, 15:47 22061

Астана әуежайында 20-ға жуық рейс кешігіп жатыр

Астана әуежайында 20-ға жуық рейс кешігіп жатыр
Жолаушылардан өзекті ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ әуежайлардың анықтама қызметтерінен білулерін сұрайды

Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Астана әуежайында күрделі метеожағдайларға байланысты 19 рейс кешіктірілуде, оның ішінде ұшып келуге 13 рейс, ұшуға 6 рейс кешіктірілуде, деп хабарлайды Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.

Әуе айлағының баспасөз қызметі әуежайдың штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

Ұшып келуге 13 рейс, ұшуға 6 рейс кешіктірілуде. Мұның себебі - ауа-райы және әуе кемесінің кеш келуі. Әуежайда қарды тазарту, оның ішінде ұшу-қону жолағында үздіксіз жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Жолаушылардан өзекті ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ әуежайлардың анықтама қызметтерінен білулерін сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда елордалық әуежайда 45 рейс кешіктірілді.

Қазақстанда бір сағат кешіктірілген әуекомпаниялар үшін айыппұл тарифтің 3%-ын құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны