10.01.2023, 13:17 23471

Қазақстанда бір сағат кешіктірілген әуекомпаниялар үшін айыппұл тарифтің 3%-ын құрайды

Қазақстанда бір сағат кешіктірілген әуекомпаниялар үшін айыппұл тарифтің 3%-ын құрайды
Астана. 10 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде азаматтық авиация қызметін реттеу тетігін одан әрі жетілдіруге, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті арттыруға, сондай-ақ әуе көлігі қызметтерін пайдаланатын азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған азаматтық авиация саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды.
 

Ұшу қауіпсіздігін арттыру және жерді пайдалануды шектеу үшін, сондай-ақ әуежай маңындағы аумақта объектілер салу үшін Жер кодексіне әуеайлақ маңындағы аумақта қызметті жүзеге асыруға рұқсат алуды талап ететін әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнаманың ережелерін ескере отырып, әуеайлақ маңындағы аумақта жер учаскелерін беруді реттейтін норма енгізіледі. Бұдан басқа осы заңда халықаралық әуежайлар үшін әуежай инфрақұрылымын дамытудың нақты кезеңдерін және басым міндеттер тізбесін қамтитын бас жоспарды бекіту жөніндегі ереже белгіленеді. Бұл тасымалдау көлемінің болжамды өсуін ескеруге, әуежайлардың инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті жер учаскелерін қамтамасыз етуге, халықаралық стандарттардың, оның ішінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің де сақталуын қамтамасыз етуге септігін тигізеді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Бұдан бөлек осы реформа ұлттық заңнаманы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен шетелдің озық тәжірибесімен одан әрі үйлестіруге бағытталған.
 
Атап айтқанда, азаматтық авиация қызметіне әуедегі оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну жүйесі арқылы авиациялық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау тетігін көздейтін "әділетті мәдениет" қағидаты енгізіледі. Сондай-ақ азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сол секілді белгілі бір санаттағы әуеайлақтарды сертификаттау үшін жауапкершілігі қарастырылады. Бұған дейін бұл талап әуеайлақтардың барлық санатына қолданылып келді.
 
Осы ретте ашық теңіздің аймағындағы немесе дербестігі белгісіз әуе кеңістігінде де әуе қозғалысының қызметін реттеу мәселелері шешілетінін айта кетейік. Бұдан басқа авиациялық инспекторлар өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамаса, жауапқа тарту мәселелері қарастырылып, ұшқышсыз басқарылатын әуе жүйелеріне байланысты сертификаттау тәртібі енгізіледі. Мысалы, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын пайдалану процесін реттеу жөніндегі норманы енгізу қашықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеп, оларды пайдалануға арналған аймақтарды айқындауға ықпал етеді. Сондай-ақ "ұшқышсыз авиациялық жүйе" және "ұшқышсыз әуе кемесі" ұғымдары енгізіледі.
 
Тұтастай алғанда, енгізілетін өзгерістер авиация қызметінде мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттырып, азаматтық авиация субъектілері үшін кейбір аспектілерді нақтылап, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге жол ашады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны