26.10.2022, 13:12 24656

Қазақстанда ЖСН алуға 200 мыңға жуық шетелдік өтінім берді

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлім етті.
Қазақстанда ЖСН алуға 200 мыңға жуық шетелдік өтінім берді
Астана. 26 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Биылғы 21 қыркүйектен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 200 мыңға жуық шетелдік азамат өтінім берді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлім етті.
 

21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық өтінім түсті. Бұның ішінде барлық шетел азаматтары бар. Мен ЖСН беру туралы нақты ақпаратқа жауап бере алмаймын. Мұнда бизнес жүргізгісі келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез келген шетелдік азамат банктік шот ашады. Ол ЖСН алуға міндетті", - деді Әсет Тұрысов Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере тұрып.

 
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин 21 қыркүйектен бері Қазақстанда 70 мың ресейлік ЖСН алғанын айтқан болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны