21.04.2021, 20:00 4499

Қазақстанда 21 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 21 СӘУІР - 2021 жылғы 20 сәуір 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 294 946 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 696 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 294 946. Аймақтар бойынша:
 
Алматы қаласында – 47 600 (+667); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 40 640 (+471); 
 
ШҚО–да – 24 036 (+83); 
 
Қарағанды облысында – 21 174 (+218); 
 
Атырау облысында – 20 906 (+114); 
 
Павлодар облысында – 19 936 (+47); 
 
Алматы облысында – 19 121 (+281); 
 
БҚО-да – 17 738 (+231); 
 
Ақмола облысында – 17 053 (+92); 
 
Қостанай облысында – 14 458 (+32); 
 
СҚО–да – 13 670 (+29); 
 
Шымкент қаласында – 8424 (+80); 
 
Ақтөбе облысында – 7936 (+125); 
 
Жамбыл облысында – 7198 (+58); 
 
Маңғыстау облысында – 5136 (+65); 
 
Түркістан облысында - 5030 (+56); 
 
Қызылорда облысында - 4890 (+47).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 2 418 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 252 598, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
21 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 39 318 адам (38 889 КВИ+ және 429 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 13 756 науқас стационарларда, ал 25 572 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 671 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 185 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 101 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 20 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 459 өлім тіркелді. 19 сәуірде КВИ-ден 23 адам қайтыс болды. 
 
Сонымен қатар, 19 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 135 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 66 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 025, 757 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 50 839 жетті. 
 
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 766 614 адам вакцинацияланды. 
 
2021 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ. және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары орналасқан.
 
"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - Қостанай, Түркістан және Солтүстік облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны