27.10.2022, 13:24 15496

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 22 жағдайы тіркелді

27 қазанда КВИ-ден 880 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 27 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 22 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 394 585 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 27 қазанда КВИ-ден 880 адам (734 КВИ+ және 146 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 89 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 791 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 1 пациент,
 
- аса ауыр халде – 3 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 842 028 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 602 970 адам вакцинацияланды. 5 600 088 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны