23.07.2021, 23:19 8287

25 шілдеден бастап Ресейге ұшып келген қазақстандықтар ПТР-тестті қосымша арқылы растауы қажет

ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек.
АЛМАТЫ. 23 ШІЛДЕ - Қазақстан азаматтары Ресейге әуе рейстерімен ұшып келу үшін "Путешествую без COVID-19" мобильді қосымшасы арқылы коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесінің болуын растауы қажет, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне сілтеме жасап.
 

Ресей Федерациясы Үкіметінің 20.07.2021 жылғы №1998-р бұйрығына сәйкес, ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек. Жаңа ережелер 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады", - деп хабарлады ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде.

 
1 қыркүйектен бастап "Путешествую без COVID-19" қосымшасы Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан да ұшып келу үшін міндетті болады.
 
Ресей тікелей рейстерді қалпына келтірген үшінші елдерден ұшып келетін Қазақстан азаматтары бұрынғыдай РФ шекарасынан өткенге дейін үш күн ішінде жасалған ПТР тестін ұсынуы керек.
 
Елшілікте атап өткендей, Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына құрлық арқылы кіруі бұрынғыдай шектеулі және тек жекелеген санаттарға рұқсат етілген. Ресей Федерациясына құрлық өткізу пункттері арқылы кіруге рұқсат етілген шетел азаматтарының санатымен мына жерден танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны